Сабақтың тақырыбы:Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:18.10.2016ж

Сабақтын тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері.

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: ОқушылардыДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру;

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу. 

Дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нақты жауап беруге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, презентация.

Сабақтың өту барысы:

Сабақтың

 кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы

іс-әрекеті

Уақыт

1

Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.

Топқа бөлу.

Оқушыларға өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қоя отырып топқа бөлу. 1.Компьютерде қандай киіммен жұмыс істеуге болмайды?

2.Монитормен көздің арақашықтығы неше см болу керек?

3.Компьютерде ақау байқаған жағдайда қандай әрекеттерді орындау қажет?

4.Компьютерде жұмысты аяқтаған соң қандай әрекеттерді орындау керек?

5.Ақпарат дегеніміз не?

6.Ақпаратты біз қалай қабылдаймыз?

7.Ақпаратты жасырын түрде ұсыну тәсілі қалай аталады?

8.Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

9.Ең кең таралған код?

10.Ақпараттар қандай түрлерде кодталады?

11.Кодтау кестесі неше жол неше бағаннан тұрады?

12.Ең алғашқы пайда болған кодтау жүйесі?

13.Компьютердің қандай түрлері бар?

14.Дербес компьютер дегеніміз не?

15.Дербес компьютердің түрлері?

16.Қандай компьютерлік программаларды білесіңдер?

Мұғаліммен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу.

Сұрақтарға жауап бере отырып, топтарға бөліну.


 

 

10 минут

2

Түсіну

Топтық тапсырмалар

І-топ Компьютердің негізгі құрылғылары

ІІ-топ Компьютердің қосымша құрылғылары

ІІІ-топ Компьютердің негізгі құрылғыларының мүмкіндіктері

ІV-топ Компьютердің қосымша құрылғыларының мүмкіндіктері


Топтық тапсырмаларды орындау. Постер қорғау. Практикалық түрде орындау.


 

 

 

20минут

 

 

 

 

3

Сабақты бекіту.

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар таратылады.

І деңгей. Төменде берілген құрылғылар тізімінен компьютердің негізгі, қосымша, ішкі және сыртқы құрылғыларын белгілеңіз:

Негізгі құр-р Қосалқы құр-р Ішкі құр-р Сыртқы құр-р

Жүйелік блок

Аналық тақша

Принтер

Орталық процессор

Қатқыл диск

Сканер

Сымдар

Жедел жад

Тышқан

Қоректендіру блогы

Монитор

Бейнетақта

Пернетақта

Дыбыс картасы

ІІ деңгей. Кестеде берілген құрылғылардың орналасу орнына қарай белгі қойыңыз.

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде Жүйелік блоктың ішінде Жүйелік блоктың артқы панелінде

Қатқыл диск

Қосу/өшіру батырмасы

Пернетақта порты

Бейне тақта

Сканер порты

Қайта жүктеу батырмасы

Тышқан порты

Диск жетегі

Аналық тақша

Модемге арналған порттар

Қорек блогы

Монитор порты

Процессор

Жедел жад

CD-ROM

Принтер порты

Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тапсырмаларды тексеру.

 12-минут

 

 

  

4.

Бағалау

Мұғалім бағалайды, оқушының сабаққа қатысуы бойынша.

Өздерінің орындаған тапсырмалырын мұғалімге көрсету.


3 минут

 

  1. Үй тапсырмасы: 8-9 тақырып, «Егер мен хаккер болсам» тақырыбына эссе жазу.

  2. Рефлексия. Сабақтан алған әсерін тақтаға жазып қалдыру.