Cабақтың тақырыбы: Графикалық редакторының сурет салу құралдары
Сабақтың мақсаты:Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.
Білімділік:Оқушылардың қылқаламмен сурет салу, бүріккіш және өшіргіш құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық- абстракциясын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырылуы. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.Қайталау сұрақтары:
Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
Эллипс, шеңберн салу әрекеттері қалай орындалады?
Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
Қисық сызықтарды сызу әрекеті қалай орындалады?
Көпбұрышты салу әрекеті қалай орындалады?
Құю құралын пайдаланып тұйық фигуралардың ішін қалай бояуға болады?
ІІІ. Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бүріккіш құралын пайдалану:
Бүріккіш [pic] құралының батырмасын шертеміз.
Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.
Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыз
Бояуды бүркеміз.
Қылқаламмен сурет салу:
Кисть (Қылқалам) [pic] құралының батырмасын шертеміз.
Кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаймыз.
Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.
Тышқан нұсқаушысын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.
Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Кистьті жылжытамыз.
Тышқаннаң батырмасын жібереміз.
Өшіргіш құралын пайдалану:
Өшіргіш [pic] құралының батырмасын шертеміз.
Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз
Тышқан нұсқағышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.
Батырманы жібереміз
V.Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру кезеңі
Компьютермен жұмыс
А деңгейі
В деңгейі
С деңгейі
VI. Сабақты бекіту
Бұріккіш құралын қалай пайдаланамыз?
Қылқаламмен суретті қалай саламыз?
Өшіргіш құралын қалай пайдаланады?
VII. Сабақты қорытындылау және бағалау: Сабақта жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқтала отырып, бүгінгі сабаққа қысқаша шолу жасау арқылы сабақты қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма: оқулықтағы §15 тақырыпты оқу