"Малайсары жалпы орат білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі
Компьютер БУМ ШОУ
Іскерлік ойын
2015-2016 оқу жылы
Пәні: Информатика
Сыныптар: 8-9
Күні: 27.04.2016ж
Сабақ тақырыбы: «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойын
Сабақ мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білімдеңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету;
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Түсіндіре – баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайд.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
Ойын кезеңдері.
Қорытынды.
Бағалау және марапаттау.
І. Ұйымдастыру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Жас мамандар апталығына орай ұйымдастырылған «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойынына қош келдіңіздер. Біздің іскерлік ойынымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.
8-9 сыныптар арасында құрылған екі топ «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойынында өз біліктіліктерін көрсетеді. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған іскерлік ойынымыз оқушыларының білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Іскерлік ойынымызда бастамас бұрын жеребе тастау арқылы топтарымыздың атын анықтап алайық. Ол үшін топ капитандарын ортаға шақырамыз. Олар тақтадағы берілген сандарда жасырылған топтарының атын алады.
Топты таныстыру кезеңі
І топ: «Информатика» топ басшысы: ..................................................................
ІІ топ: «Компьютер» топ басшысы:.............................................................
Ойынымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Гульден Сансызбаевна Жумабекова
Тарих пәнінің мұғалімі – Нуржан Берикович Иманбаев
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Мапруза Кумаровна Жаксымбетова
Енді бүгінгі ойынға қатсушы топтарды ойын кезеңдерімен таныстырып өтейн:
І кезең: «Ақылдассаң шешерсің...»
ІІ кезең: «4 сурет 1 сөз»
ІІІ кезең: «Артық сөзді тап!»
IV кезең: «Ойлан, тап! »
V кезең: «Кім жылдам?»
І-кезең:«Ақылдассаң шешерсің»жалпы 15 сұрақ қойылады.
Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл.
Теңізде қандай тacтap табылмайды?
Су; ә) Құрғақ; б) Ешқандай mac болмайды; в) Барлық жауап дұрыс емес;
Компьютердің ақылшысы.
Процессор; ә) Жады; б) Винчестер; в) Компьютер;
Елеуішпен су әкелуге бола ма?
Болады; ә) Болмайды; б) Болады, тек....; в) Болмайды, себебі....;
Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады?
Монитор ә) Баспа қүрылғысы б) Сканер в) Пернетақта
Кім барлық тілде сөйлейді?
Адам; ә) Жәндік; б) Жанғырық; в) Аң;
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы.
Монитор; ә) Баспа құрылғысы; б) Сканер; в) Пернетақта;
Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шагын арнайы компьютерлік багдарлама.
Вирус; ә) Архиватор; б) Антивирус; в) Бағдарлама;
Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.
Босорын; ә) Болдырмау; б) Өшіру; в) Енгізу;
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?
Елес; ә) Көлеңке; б) Сурет; в) Ешқайсысын да;
Өшірілген файлдар қайда сақталады?
Себет; ә) Жады; б) Менің қүжаттарым; в) С дискісінде;
Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
Операциялық жүйе; ә) Бағдарламалар; б) Офис; в) Стандартты бағдарлама;
Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.
Пернетақта; ә) Дисплей; б) Принтер; в) Сканер;
Өзендегі су жоғарыда жылы ма,әлде төменгі жағында жылы ма?
Төменгі жағында; ә) Жоғаргы жагында; б) Екі жағында да бірдей; в)Дұрыс жауап жоқ;
Адам көзімен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек?
30 см; ә) 50 см; б) 70 см; в) 100 см;
Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтыгы.
Интернет; ә) Жергілікті желі; б) Желі; в) Модем;
ІІ-кезең: «4 сурет 1 сөз». Тапқан сөзді үш тілде айту керек.
Телефон-Телефон - Telphone
Әтеш- Петух-Cock
Тінтіуір-мышка-Mouse
Мерген- Снайпер-Sniper
Қамал- Крепость-Tower
Басқыш-Кнопки-Button
Құрт-Черви-Worm
Әкімшілік-Акимат-Akimat
Монитор-Монитор-Monitor
Қасқыр-Волк-Wolf
Қобыз-Кобыз-Kobiz
Ғаламтор-Интернет-Internet
Есік-Дверь-Door
Цемент-Цемент-Cement
Бұршақ-Горох-Bean
Өзен-Река-River
Қоңыр-Коричневый-Brown
Арба-Телега-Cart
Дөңгелек- Круглый-Circle/Round
Бояғыш-Краситель-Paints
ІІІ-кезең: «Артық сөзді тап!». Бұл кезеңде оқушылар информатика қатысты емес сөзді табу керек
бейсик
память
формат
сустав - лишнее слово
задача
объект
курсор
италия - лишнее слово
массив
ошибка
IV кезең: «Ойлан, тап! »
Бұл кезеңде әр топ ребус жауаптарын алдындағы қағаздарға жазып, оны әділ - қазыларға тапсыру керек
Ребустың жауаптары
КЛАВИША.
КЛАВИАТУРА
ДИСК.
КУРСОР.
ПРОЦЕССОР.
РЕКУРСИЯ.
ДИСКОВОД.
ЛЕКСИКОН.
МОНИТОР.
ВИНЧЕСТЕР.
ОПЕРАТОР.
ФАЙЛ.
ЦИКЛ
V– кезең: «Кім жылдам?». Бұл кезеңде әр топ басшыларына 2 минут ішінде 15 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап есептелір отырады.
«Информатика» тобы
Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді қалай атайды? Программалау тілдері
Паскаль программалау тілінің авторы кім? Никлаус Вирт
Паскаль тілі қай жылдары жасалды? 1968-1971 жылдары
«Алгоритм» атауы қай тілден енген сөз? Латынның Algorithmi сөзінен
Блок-схемада қандай геометириялық фигураларды қолданбайды? Шеңбер, үшбұрыш
Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын атаңыз. CONST
Sqr операторының қызметі. Санның квадраты
Var қызметші сөзі не үшін қолданылады? Айнымалыларды сипаттау
Паскаль тілінде шартты оператордың қанша түрі бар? Екі
Қай белгі әрбір жолдан кейін міндетті түрде қойылады? ;
Программа денесі қандай қызметші сөзбен басталады? BEGIN
Паскаль тілінде енгізу операторын көрсет. READ
Бір жолға неше символ жазуға болады? 255
Бүтін сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады? Іnteger
Write операторының қызмет? Шығару операторы
«Компьютер» тобы
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? Информатика
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы? Компьютер
«Компьютердің миы» деп нені айтады? Процессор
Мәліметтерді қағазға шығаруға арналған құрылғы қалай аталады? Принтер
ЭЕМ – ның даму тарихы неше кезеңнен тұрады? 5-кезең
Пернетақтада неше батырма бар? 101-103
Пайдаланушы мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек? 60-70 см
Интернет деген не? Бүкіл дүниежүзілік байланыс.
Мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығаратын құрылғы? Монитор
Меңзер дегеніміз не? Экранда жыпылықтап тұратын символ
1 және 0 сандарымен бейнеленетін ақпарат саны тізімі қалай аталады? Байт
Үлкен әріптерді басуда қандай түймені қосамыз? CapsLock
Paint қандай редактор? Графикалық редактор
Интернетке қосатын және оған қол жеткізу мүмкіндігін беретін ұйым (компания) -Провайдер
Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microcoft Office құрамына кіретін программа қалай аталады? MS Excel
Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ойынымыздың қорытындысын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Бағалау
Оқушыларды қатысқандары үшін мадақтап, жауап беріп отырған оқушыларды бағалап, сұрақтарға мүдірмей жауап берген топ басшыларын бағалау.
Марапаттау:
Жоғары ұпай алған топты – «Үздік информатиктер», орта ұпай алған топты – «Тапқырлар» номинациясымен марапаттаймыз.
Сайысымыздың қорытындысы: Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады. Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!