Паскаль тілінің негізгі ұғымдары
1.Паскаль тіліндегі программа бөліктерін атаңыз:
а) тақырып, сипаттау бөлімі, негізгі бөлім;
б) тақырып, атаулар бөлімі, операторлар бөлімі;
в) басы, негізгі бөлім, соңы;
г) тақырып, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.
2.Паскаль тілінің қарапайым обьектілеріне не жатады?
а) сан, идентификатор, айнымалы, функция, өрнек;
б) сан, тұрақты, айнымалы, функция, өрнек;
в) сан, идентификатор, тұрақты, айнымалы, функция, өрнек;
г) сан, идентификатор, айнымалы, өрнек;
3.Міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. деп аталады.
а) идентификатор; б) тұрақты; в) айнымалы; г) өрнек.
4.Программаның орындалу барысында әртүрлі мәндер қабылдай алатын шаманы. деп атайды.
а) тұрақты; б) айнымалы; в) өрнек; г) идентификатор.
5.Арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығы қалай аталады?
а) айнымалы; б) өрнек; в) тұрақты; г) идентификатор.
6.Айнымалы типі программаның сипаттау бөлімінде қандай түйінді сөзден кейін қос нүкте (:) қойылып, жазылады?
а) const; б) type; в) var; г) Label.
7.Тип қандай түйінді сөзбен сипатталады?
а) var; б) type; в) const; г) Label.
8.Бүтін сандардың типін сипаттайтын түйінді сөздерді атаңыз:
а) Byte б) Byte в) Byte г) Byte
shortint integer shortint shortint
integer Longint integer integer
Longint Word Word Word
Real Single Longint Double
9.Нақты сан типтерін сипаттайтын түйінді сөздерді атаңыз:
а) Byte б) Real в) бүтін
shortint single нақты
integer double логикалық
word extended символдық
longint comp тіркестік
10.Құрылымдық типтерге нелер жатады?
а) жиымдар б) жиымдар в) жиымдар
жазбалар жазбалар жазбалар
жиындар жиындар жиындар
сандар файлдар атаулар
11. Мына стандартты функциялардың дұрыс жазылғандарын көрсетіңіз: x2, , ½x½, ex
а) sqrt(x) б) sqrt(x) в) sqr(x) г) sqr(x)
sqr(x) sqr(x) sqrt(x) sqrt(x)
abs(x) abc(x) abs(x) abs(x)
exp(x) exp(x) exp(x) exf(x)
12. Мына стандартты функциялардың дұрыс жазылғандарын көрсетіңіз:
arctgx, х-тің бүтін бөлігі[x], х-тің бөлшек бөлігі{x}, Lnx
а) arctan(x) б) arctn(x) в) arctan(x)
frac(x) int(x) int(x)
int(x) frac(x) frac(x)
Lg(x) Ln(x) Ln(x)
13. A: = 114300 шамасының типін көрсетіңіз:
а) A: real; б) A: integer; в) A: Longint; г) A: Shortint
14. Y: = ‘информатика’ шамасының типін көрсетіңіз:
а) y: char; б) y: string; в) y: integer; г) y: real;
15.Мына өрнектің мәнін табыңыз: 1) 21 div 4; 2) 21 mod 4;
а) 1) 5; 2) 1. б) 1) 1; 2) 5. в) 1) 4; 2) 5. г) 1) 5; 2) 4
Қарапайым өрнектер мен операциялар
1. Қай жағдайда айнымалы идентификаторы дұрыс жазылмаған?
1) a1; 2) b_4; 3) 3x; 4) cz7.
2. Қай идентификатор дұрыс жазылмаған?
1) Birinshi_1, d2; 2) Goto, күні; 3) Summa1, q3; 4) Info1, m25;
3. Меншіктеу операторы қай жағдайда қате жазылған?
1) a:=4; 2) c+2:=d; 3) a:=a+b; 4) k:=6;
4. Қай тұжырым дұрыс емес?
1) 144.5-нақты сан,типі Real; 2) 2584-бүтін сан,типі Integer;
3) 124554-бүтін сан,типі Longint; 4) 45678-бүтін сан,типі Integer;
5. Word типті айнымалының мәні мына аралықта жатады:
1) -128 бен +127 ; 2) -32768 бен +32767; 3) 0 мен 255;
4) 0 мен 65535
6. Қай жолда программа аты дұрыс жазылған?
1) Program Сумма; 2) Program Esep1; 3) Program 9klass;
4) Program Есеп4;
7. Программада қай бөлім міндетті түрде болуы керек?
1) Тақырып бөлімі; 2) Сипаттау бөлімі;
3) Модуль тізімі бөлімі; 4) Операторлар бөлімі;
8. 15 Mod 4 операциясының нәтижесі неге тең?
1) 3; 2) 2; 3) 1; 4) 0;
9. 16 Div 4 операциясының нәтижесі неге тең?
1) 4; 2) 3; 3) 2; 4) 1;
10. Мәліметтерді енгізу,шығару және шартсыз көшу операторларын сәйкесінше орналастыр:
1) Read,Goto,Write; 2) Read,Write,Goto; 3) Write,Read,Goto;
4) Goto,Write,Read;
11. Мына айнымалылар мәндерін енгіз: X1,X2
1) Write(x1,x2); 2) Read(x1,x2); 3) Write(x1;x2); 4) Read(x1;x2);
12. Z=11.2345 болса, Write(Z:7:2)операторы орындалғанда экранда не көрінеді?
1) 11.23; 2) 11.00; 3) 11.234; 4) 11.2345;
13. Қарапайым операторлар құрамын ата.
1) шартсыз көшу, енгізу-шығару, процедураларды орындау;
2) меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу-шығару, бос және процедураны шақыру;
3) меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу-шығару, процедураны шақыру;
4) меншіктеу, шартсыз көшу, шығару, бос және процедураны шақыру;
14. Егер x=3,y=5 болса, write(x,x+y) операторы орындалғанда экранда не мәлімет көрінеді?
1) 3 8; 2) 3 5; 3) 5 8; 4) 5 11;
15. Мына әрекеттер нәтижесінде Х және Y айнымалысының мәні неге тең болады: x:=3; y:=x+2; y:=y+1; x:=2*y; x:=x+1;
1) x=14 және Y=5; 2) x=11 және Y=7; 3) x=13 және Y=6;
4) x=12 және Y=8;
Тест жауаптары:
№1
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
г в а б б в б в б б в в в б а
№2
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
3 2 2 4 4 2 4 1 1 2 2 1 2 1 3