Тақырыбы:
• Алгоритмдеу және программалау. Күрделі шарттар
Мақсат:
Жаңа білім
Базалық күрделі шарттарды біледі
Операторлық жақшаларды біледі
Программалық блок-схемаларды біледі
Жаңа түсінік
Қолданым әрекеті
Талдау әрекеті
Шығармашылық әрекет
Бағамдау әрекеті
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (15 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (12 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (4 мин.).
Сабақ типі:
• Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі:
• Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Операторлық жақшалар, күрделі шарттар
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
Turbo Pascal тілі, оқу-әдістемелік құралы. Ж.Б. Көпеев. Павлодар 2011 жыл
Уикипедия ашық энциклопедиясы. Күрделі шарттар
Бөрібаев, Б., Нақысбеков, Б., Мадиярова, Г. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
Оқушы жетістігін бағалау:
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Негізгі түсініктер мен анықтамаларды жаттау.
Үштаңбалы сан берілген. Бірдей цифрға басталып, аяқталатының анықтау. (Мысалы 717)
САБАҚ БЛОКТАРЫ
Тақырып жоспары:
1. Програмалық блок схемалар
2. Шарттар қою
3. Операторлық жақшаларды қолдану
Слайдтар:
1-слайд Программаларды құрған кезде біз тармақталу тапсырмаларына бірнеше шарттарды қолданып қана қоймай, тармақталу конструкциясын бірінің ішінің біріне сала аламыз.
Шартты өте жиі тексеру қажеттігі туады. Шартқа байланысты белгілі бір операторлар тізбегі орындалу керек. Паскальда операторлар тізбегі бір құрылымды операторға біріктіріледі. Оларды BEGIN және END операторлы жақшалардың ішіне орналастырады.
2-слайд Күрделі шарт – бір-бірімен логикалық операциялардың көмегімен байланысатын бірнеше қарапайым шарттардан (қатынастардан) тұрады:
not – ЕМЕС (терістеу, инверсия)
and – ЖӘНЕ (логикалық көбейту, конъюнкция,
шарттардың бір мезгілде орындалуы)
or – НЕМЕСЕ (логикалық қосу, дизъюнкция,
ең болмағанда бір шарттың орындалуы)
xor – арифметикалық НЕМЕСЕ (екі шарттың екеуін емес, біреуін ғана орындау)
Қарапайым шарттар (қатынастар)
< <= > >= = <>
3-слайд a немесе b коэфициенттерің 0-ге тең емес екендігін тексеру
If (a=0) or (b=0) then writeln (‘true’) else writeln (‘false’)
4-слайд Program a1; Var x,y:integer;
Begin
Read(x);
If x<5 then y:=1 else y:=2;
If x>5 then y:=3 else y:=4;
Writeln(‘y=‘,y)
End.
Программаның блок-схемасы
[pic]
5-слайд
-
Program a2;
Var x,y:integer;
Begin
Read(x);
If x<5 then y:=-1
else If x>5 then y:=0
else y:=1;
Writeln(‘y=‘,y)
End.
[pic]
6-слайд X,Y координатолары берілген нүктенің қай ширекте жататынын анықтайтын алгоритмді жаз
[pic]
If (X>0) and (Y>0) then writeln (‘1 ширек’)
else if (X<0) and (Y>0) then writeln (‘2 ширек’)
else if (X<0) and (Y<0) then writeln (‘3 ширек’)
else writeln (‘4 ширек’)
7-слайд Келесі шарттарға сай, у-ты табатын программа құр
8-слайд
Y=
9-слайд
Y=
11-слайд Назар аударыңыз!
Екінші шартты тексергенде «Иә» және «Жоқ» тармақтарында бірнеше оператор орындалу керек [pic]
Бұндай жағдайларда операторлық жақшаларды қолданамыз
begin оператор1;оператор2;……….end;
12-слайд Program Tubirler;
Var a,b,c,d,x1,x2,x: real;
Begin
writeln(‘Коэфициенттерді жаз’);
readln (a,b,c);
d:=sqr(b)-4*a*c;
If d <0 then writeln (‘түбірлері жоқ’)
else if d=0 then begin X:=(-1*b)/(2*a);
writeln (‘бір түбір ’,x) end
else begin x1:=(-1*b+sqrt(d))/(2*a);
x2:=(-1*b-sqrt(d))/(2*a);
writeln (‘бірінші түбір’,x1,’екінші түбір’,x2) еnd
end.
іі. алғашқы бекіту
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Күрделі шарттар
Операторлық жақшалар
Блох схемалар
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары
1. Күрделі шарт дегеніміз не?
2. Қарапайым шарттарды ата.
3. Операторлы жақшаларды ата.
4. Қарапайым логикалық шарттарды ата.
5. Қойылған шарттарды не себепті тексеріп тұру қажет?
6. GOTO операторының форматын жаз.
7. CASE операторының форматын жаз.
ІІ деңгей тапсырмалары
Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары берілген. Үшбұрыштың түрін анықтау: тең қабырғалы, тең бүйірлі, жәй.
Төртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары берілген. Төртбұрыштың түрін аныұтау: квадрат, тіктөртбұрыш.
a,b,c сандары берілген. Егер а<=b<=c, онда сандарды солардың квадраттарымен ауыстыру. Егер a>b>c, онда әр санды нөлмен алмастыру, бұл шарттар орындалмаса, сандардың таңбасын ауыстыру.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Бағдаршам әр 2минут сайын қызыл түс көрсетеді. Одан кейін әр 3 минут сайын жасыл түс көрсетеді. Сағат басталғаннан кейін өткен минуттың санын
көрсететін К саны берілген. Бағдаршамның қай түсті коөрсетіп тұрғаның анықтау.
Топтық жұмыс. Сынып 3 топқа бөлінуі керек.
1-топ тапсырмасы: Фирма 25 пен 40 жас арасындағы қызметкерлерді жұмысқа алуда. Адамның жасын енгізіп, оны фирмаға алуға болатындығы немесе болмайтындығы туралы мәлімет шығару («болады» немесе «болмайды» деген жауап шығару).
2-топ тапсырмасы: Айдың нөмірін енгізу арқылы, жыл мезгілінің атауын шығару. [pic]
Мысал: Ай нөмірін енгіз: 4 Көктем
3-топ тапсырмасы:
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
__________________________________________________________________