План урока Информатика (5 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 10.09.2016

Пәні

Информатика

Сыныбы: 5 «а,ә»


Мұғалім аты-жөні

Келмағамбетова А

Сабақтың тақырыбы: Информатика және ақпарат. §2. Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеті

Сілтеме:

  • 5-сынып оқулығы;

  • 5-сынып электронды оқулығы;

  • [link]

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Информатика пәні туралы түсінік беру.

Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттерін түсіндіру.

Дамытушылық мәні:

Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығьш арттыру.

Тәрбиелік мәні:

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу

Нәтиже:

  • Ақпарат ұғымымен танысады

  • Ақпарат түрлерін анықтайды.

  • Ақпараты қабылдау сезім мүшелерін біледі.

  • Ақпарат қасиеттерін талдайды.

  • Ақпаратты сақтау құралдарын біледі.

Түйінді идеялар:

Адам ақпаратпен не істейді.

Ежелгі және қазіргі уақыттағы ақпарат тасымалдаушылар

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

Математика

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздігін сақтау ережелері:

  • Міндеттерді орындау

  • Қойылатын талаптар

  • Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

5-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Информатика және Ақпарат» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

ББҮ (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және «Мәңгілік ел» суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

5-сынып оқулығында «Информатика және Ақпарат» тақырыбын оқыту.

Әрбір топқа ақпарат сақтау құралдарының суреттері беріледі.


Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы ақпарат тақырыбын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді.

Топтағы оқушылар постерге суреттерді ретімен желімдеп, әрбір ақпарат сақтау құралдарының суретіне анықтама беріп, түсініктерін жазады.

Ой толғаныс (4 мин.)

Ақпарат тақырыбында 5 жолды өлең жазу

«Біз және ақпарат» өлең құрастырады

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге 12-16 беттердегі §2. «Информатика және Ақпарат» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.