Бекітемін: _________________________ Күні: 13.12.2016____
Оқу ісінің меңгерушісі:
Изтаев Алтынбек Байқоңыр қаласы, №272 орта мектеп
15 апта
3 күн
15 сабақ
[link] ,
Қалай деп аталады аты оның
(Тышқан) – Мышка - Mouse
4. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек.
(Монитор) – Монитор - Monitor
5. Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады.
(Принтер) – Принтер - Printer
Компьютер құрылғыларының атауы мен қызметі бойынша жұмбақтарды шешу. Оны үш тілге аударып айту.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
10 мин
ІІІ. «Миға шабуыл»
Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындары:
Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.);
Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар).
Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттін мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді.
Пиксель (ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растрлық бейненің ең кішкентай элементі.
Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіңдер.
Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар.
Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар.
Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар.
Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз:
Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint
(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)
Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі шығады.
Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы – құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
[pic]
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет. Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады. [pic]
[pic]
! Түйін
Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар қолданылады.
Растрлық бейнелерді Paint стандарттық программасында өңдеуге болады.
Растрлық бейнелердің ең кішкентай элементі – пиксель.
Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы 10 түс қосуға болады.
Дәптерлеріне керекті анықтамаларды конспектілеп отырады.
IІІ. Практикалық жұмыс.
15 мин
Тапсырмалар
№1 тапсырма
Барлық құралдарды пайдалана отырып, еркін тақырыбына мазмұнды сурет салыңыздар.
Салынған суреттің тақырыбын жазып, суретті сақта:
Файл – Сохранить как... іс –әрекетін орында.
№2 тапсырма
1. Барлық құралдарды пайдалана отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тақырыбына мазмұнды сурет салыңыздар.
2. Суретке тақырып қой.
3. Файл – Сохранить как... іс –әрекетін орында.
Бағалау критерийлері Ұпайлар саны
Толық ұпайлар саны
Графикалық редактор терезесін іске қосамын.
1
Графикалық редактордың құрал – саймандарын пайдаландым.
1-5 құралға
1
5-10 құралға
2
10-16 құралға
3
Салған суреттеріне мәтін кірістіремін.
1
Өз ойын толық графикалық редакторда мазмұндаймын.
Суреттің мазмұнына қарай
1
2
3
Салған суреттерін графикалық редакторда сақтаймын.
1
Оқушының аты-жөні Тапсырма
Бағалау шкаласы
Ортақ ұпайы
«5» - 7-9
«4» - 4-6
«3» - 1-3
Қарапайым графикалық редакторда оқушы сурет салады
ІV. Сергіту сәті.
2 мин.
Көз жаттығуын орындайық. (презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt
Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
Жаттығуды орындарында отырып орындау.
V. Бекіту.
5 мин
Тест
Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) Жобалау
Ә) Оқу, кітап
Б) Сурет, сурет салу
В) Музыка, ән салу
Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) Кішкене тіктөртбұрыштардан
Ә) Нүктелерден
Б) Сызықтардан
В) Символдардан
Paint программасын қалай іске қосамыз?
А) Бастау → Барлық программалар →Стандарттық → Paint
Ә) Бастау → Стандарттық →Paint
Б) Менің құжаттарым → Менің суреттерім → Paint
В) Жұмыс үстелі → Қоржын →Paint
Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек?
А) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау
Ә) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау
Б) тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту
В) Esc пернесін басу
Палитраның неше түсі бар?
А) 256
Ә) 2
Б) 30
В) қанша керек болса да
6. Растрлық кескінді үлкейткен кезде қандай өзгеріс болады?
А) Суреттің сапасы жақсарады
Ә) Суреттің келбеті өзгеріссіз қалады.
Б) Суреттің көлемі кішірейеді
В) Суреттің сапасы төмендейді
7. Paint граммасы қандай суретпен жұмыс жасайды?
А) Векторлық
Ә) Растрлық
Б) Пиксельдік
В) Сызықтармен
8. Пиксель сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) Нүкте
Ә) Сызық
Б) Картинаның бөлігі
В) Сурет
9. 2- түс нені білдіреді?
А) Суреттегі түсті
Ә) Сызық және контурлық сызба түсін
Б) Суреттің түсін
В) Мәтін түсін
10. Paint терезесінде құрал жабдықтарорналасқан элемент қалай аталады.
А) Жылдам қол жеткізу тақтасы
Ә) Сурет салу аймағы
Б) Жолақ
В) Қалып -күй жолы
Тест тапсырмасын орындап, жұппен жұмыс жасайды
.
2 мин
Техникалық диктант
Paint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында негізгі екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан.
Жұмыстарын тексереді
VI. Бағалау.
2 мин.
Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.
VII.Үй жұмысы.
1 мин.
қайталау
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақтың жабдықтары
Мультимедиа, интерактивтік тақта, компьютер,постер, маркер, қарындаш, электронды оқулық
Келесі тапсырмалар
/ портфолио/
Графиктік редактор
Келесі оқу
эссеге даярланып келу
Сабақты талдау
1.
2.
3.
Тәжірибелік сабақты бағалау
1.
2.
Сабаққа өзгертулер енгізу
Топтық жұмыстар қорғау, жұптық жұмыстар