Тексердім_____________
Программалау тілінің синтаксисі Махмуд Қашғари атындағы жаратылыстану
бағытындағы мектеп – лицей
Күні: 15.11.2016ж
Мұғалімнің есімі: Омаров Умид Ханафияевич
Сынып : 7
Пәні: информатика
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Оқушылар компьютермен жұмыс жасай алады. Программа құруға дағдыланады
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: компьютерде программа жаза алады
Оқушылардың басым бөлігі: программа түзу туралы ойларын айта алады
Кейбір оқушылар: программа түзуге дағдыланады
Білім беру құндылықтары
Тілдік мақсат
Оқушылар:
.....(істей алады)
Негізгі сөздер мен тіркестер
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған тармақтар
Компьютерде өздігінен жұмыс жасай алады.
Программа – program - программа
Тінтуір – mouse - мышь
Әліпби – alphabet - алфавит
Программа деген не?
Алфавит сөзін қалай түсінеміз?
Программа не үшін қажет?
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер)
Ресурстар
Басталуы
15 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу;
Шаттық шеңберін құру;
Топқа бөлу;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Бағдаршам, басбармақ әдістері арқылы
Семантик карта, сиқырлы сандық
Ортасы
20 мин
ІІІ. Сергіту сәті
IV. Жаңа тақырып
Жаңа тақырып презентация арқылы түсіндіріледі
Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.
Паскаль тілінің негізгі элементтеріПаскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.
Терминдермен жұмыс жасау:
Видеоролик
Аяқталуы
5 мин
V. Оқушыларды бағалау және үйге тапсырма беру
Кері байланыс
Қосымша ақпарат
Саралау - қосымша көмек көрсетуді жоспарлау,қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделентіруді жоспарлау
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін тексеруді жоспарлау
Пәнаралық байланыс
Ағылшын тілі
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ мен байланыс
Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау