Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері.(7 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ПӘНІ

Информатика

КҮНІ

19.04.2016ж

КЛАСЫ

7 «А»,«Ә» класс

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

Бейнелерді кадрлауды, өлшемін, түсін өзгертуді үйрету

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ


Бейнелердің қасиеттері туралы ақпаратты қалай алуды, өлшемін өзгертуді, түсін баптайды

Бейнелердің қасиеттері туралы ақпарат алуды, өлшемін өзгертуді, кадрлауды, бұруды, түс балансын, жарықтығын, контрастылығын баптауды, растрлық бейнелеуді жариялайды.

Сабақ кезеңдері / уақыты

Сабақтағы іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)

  • оқушылармен амандасу

  • оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

  • оқушылардың сабаққа назарын аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Отшашу арқылы қолдау көрсетеді

Үлестірме қaғaздaр


Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

Сәйкестік орнатыңдар:

біртүсті бейнелеу аймағын кішірейту есесінен акпаратты шығынсыз сығымдауға мүмкіндік  [link] ін формат, қолданылатын түс саны— 256.

GIMP програмасының төл форматы

Windowsоперациялык жүйесінің эмбебап растрлық форматы

GIMPпрограммасында гана қолдану емес. сонымен қатар түстің ашыктығын камтамасыз ететін формат

сканерленген фотосуреттер мен суреттердің тиімді сығымдалу алгоритмін жүзеге асыратын растрлық графикалық файл форматы, кемшілігі — ақпараттың жоғалуы.

Бағалау парақшасы

слайд



Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

Окушылар компьютерде GIMP графикалық редакторын ашып, оның терезесіне фотосуретті жүктейді.

Мұғалім экранда окып үйренуге арналған бұйрықтарды көрсетеді, оқушыларға өз беттерімен осы бұйрықтарды орындап көруді ұсынады. / Берілген бұйрықтар нәтижесін талдау.

Практикалық сабақ.«Күннің батуы»

Өлшемі  640x200px. болатын жаңа бейне терезесін ашамыз. Негізгі түске #ff6c00, а фонаға - #ffc662 түсін береміз.

 «Градиент»  құралын пайдаланып,  Ctrl пернесін басып тұрып жоғарыдан төмен жүргіземіз.

Жаңа қабатты құрып, оған «Перекрытие» режиміне қоямыз. Құрал саймандар терезесінен «Эллиптическое выделение» құралын алып,  төмендегі суреттегідей эллипс саламыз.

Эллипс ішіне ақ түсті құямыз. Белгілеуді алып тастаймыз  (Выделение — Снять). Қабатқа  Гауссово размывание командасының көмегімен шаю жұмысын жүргіземіз мәні 100px. (Фильтры — Размывание — Гауссово размывание)

Күн жасаймыз. Жаңа қабат құрамыз.  «Эллиптическое выделение»  құралымен ( Shift пернесін басып тұрып) шеңбер жасаймыз. Шеңбердің ішін ақ түспен бояймыз да, белгілеуді алып тастаймыз.

Қабатқа  Гауссово размывание командасының көмегімен шаю жұмысын жүргіземіз мәні 50 px. (Фильтры — Размывание — Гауссово размывание)

Бейнеге шөптер саламыз.Жаңа қабат құрамыз. Астына  «Circle Fuzzy (17)»  кистпенен  масштабын 7 қылып, түзу жүргіземіз. 

 My_Grass_Brushes_by_Archeleron.abr.  қылқаламын  пайдаланып , ағаш, шөптер және т.б

бейнелерді түсіруге болады.

Шыққан суреттегі түстерді өзгертуге де болады.   GIMP графикалық редакторының мүмкіндіктері  пайдаланушының қиялына шектеу қойылмайды.

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Оқулық

Постер,

Маркер,

ватман.

Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)

  1. Растрлық бейне қандай бейнелерді қамтиды?

Кезкелген сурет, фотосуреттер растрлық бейнені білдіреді.

Растрлық редактор ескі суреттің сапасын жақсартады, ұсақ кемшіліктерді жояды, ақ – қара түсті бейнені түрлі түсті суретке айналдырады, цифрлық суреттерді өңдейді.

  1. Сізге қандай растрлық бейнелерді өңдейтін бағдарламалар белгілі? Paint, Photoshop, Gimp

  2. Gimp бағдарламасының интерфейсін сипаттаңыз?

Бағдарлама іске қосылғаннан кейін экранда екі терезе орналасады: бас құралдар тақтасы және бейнелер терезесі.

  1. Құралдар тақтасындағы құралдарды атаңыз?

Қарандаш, қылқалам, аэрограф, қалам, тегіс құю, градиент, өшіргіш, штамп, емдік қылқалам, шайып кету – ашықтық, саусақ, ағарту – қарайту.

  1. Қандай командалар арқылы бейненің жалпы түстік гаммасын жақсартуға болады?

Бейненің түстік гаммасын баптау үшін Түс мәзірінің командасы көмектеседі.

Түсті автоматты түрде баптау командасы Түс (Цвет) Авто мәзірінде орналасқан.

Түстік баланс – түстік деңгейлерді баптауға мүмкіндік береді.

Контраст – ашықтық – бейненің ашықтығы мен қанықтығын баптау.

Тонерлеу (тонирование), Табалдырық (Порог), Қисықтар (Кривые), Постеризация, Өңсіздендіру (Обесцвечивать) командалары көбінесе фотосуреттің арнайы эффектілеріне арналған

  1. Контраст деген не? Оны қалай баптауға болады? Контраст – ашықтық – бейненің ашықтығы мен қанықтығын баптау.

  2. Барлық ерекшелеу құралын атаңыз.

Сиқырлы таяқша, лассо, сопақ ерекшелеу, тікбұрышты ерекшелеу, Алдыңғы жақты ерекшелеу, «Ақылды қайшылар», Түс бойынша ерекшелеу

  1. Трансформация құралдары қызметі?

Трансформация құралдары арқылы бейне немесе ерекшеленген аймақтың пішінін өзгертуге болады. 1. Айналдыру құралы. 2. Масштабтау. 3.Қисаю. 4.келешекті өзгерту.

  1. Қабат деген не?

Қабаттар – бір – біріне беттеске бейнелер. Қабаттар бейненің жеке элементтерінің бір біріне тәуелсіз редакциялау мүмкіндігін береді. Басқа қабатта орналасқан обьектілерді қозғамай кез келген қабаттың ішіндегісін өзгерте  және орын ауыстыра аламыз.

Үйге тапсырма беру

Топтық бағалау