Пәні: информатика
Пән мұғалімі: Анесқызы А
Сабақтың тақырыбы: Деректер қорын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды деректер қоры ұғымымен, оның түрлерімен таныстырып, деректер қорын құру тәсілдерін қолдана отырып, компьютермен жұмыс жасауға машықтау
Оқушы үйренуі тиіс: MS Access бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып, деректер қорын құру тәсілдерін меңгереді, деректер қорымен компьютерде жұмыс жасауға дағдыланады.
Оқушылар білуі тиіс: MS Access бағдарламасында деректер қорын ұйымдастыра білуі.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
Білімді өзектендіру
Жаңа сабақ
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. Деректер базасын құрастыру: 1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады.
Тереземен қалай жұмыс істеу керек екендігін қарастырайық. Үлгі көрсеткіші ізделетін мәнді енгізуге арналған. Сұхбаттық терезені іздеу барысында үнсіз келісім бойынша көрсекіште меңзер тұрған мәлімет көрсетіледі.
Сәйкестік көрсеткіші
Тұтастық көрсеткіші
Көру көрсеткіші
Алмастырып қою символдарын қолдану арқылы іздеу шеңберін кеңейте аламыз. Олар стандартты түрде болады:
* - кез келген символдар санын алмастыра алады;
? – тек бір символды алмастыра тек бір символды алмастыра алады. Мысалы, *ова барлық аты-жөнінің ішінен –ова мен аяқталатындарды іздейді: Ахметова, Берікова, Саятова.
Сүзгі - жазбаларды сұрыптауға арналған шарттардың жиыны. Сүзгілееу тек арнайы жазбаларды бір формада көруді қарастырады. Сұрыптау жасау үшін керекті мәліметті белгілеп, Сұрыптау және Сүзгі - Ерекшелеу батырмасын басу қажет.
[pic]
Сүзгіні қолданғаннан кейін көрсеткіш нұсқау белгішесінің орнына баған аты жанында сүзгінің белгішесі пайда болады. Сондықтан белгіге қарап, бағанға қандай да бір реттеулер орындалғанын немесе орындалмағанын байқауға болады.
Сүзгіні алып тастау бұйрығы кестеге бұрынғы мәліметтерді қайтарады. Кестедегі жолдар ішіндегі бір немесе бірнеше баған арқылы сұрыптауға болады. Ол үшін сұрыптау жүргізілетін көрсеткіші таңдап, Өсу бойынша сұрыптау немесе Кему бойынша сұрыптау батырмасын басу қажет.
Үйге тапсырма: «Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар»
Бағалау