Сабақ тақырыбы: «Логикалық амалдар, ақиқат кестесі, екілік арифметика, санау жүйесі» тақырыптарына есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
Білімділік:Санау жүйесіне, логикалық тапсырмаларға, ақиқат кесесін құруға, екілік арифметикаға есеп шығаруға үйрету, дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойлау, жобалау қабілеттерін, логикалық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ДК жұмыс істегенде тәртіпке, тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды жеке- өзіндік және топтақ әдістер арқылы өткен сабақтарды қорытындылау үшін екі топқа бөліп отырғызамын.Топ басшысы бағалайды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақ-жауап әдісі)
1 топқа
Пікір дегеніміз не? Жоққа шығару үшін айтылатын сөйлем. Жалған және ақиқат болуы мүмкін пайымдаулар.
Логикалық көбейту деп нені айтады? Және жалғау көмегімен алынатын пікір-конъюнкция
Дизъюнкция дегеніміз не? Немесе жалғау көмегімен алынатын-дизъюнкция
2 топқа
Логикалық терістеу деп нені айтады?Емес жалғау көмегімен алынады-инверсия
2. Санау жүйесі деген не? Сандардың аталу және жазылу тәсілін санау жүйесі деп атайды.
3. Санау жүйесі неше топқа бөлінеді? позициялық және позициялық емес.
III.Тапсырмалар орындау.
1 тапсырма. Алдарына беріледі, жауаптарын оқылады.
3 тапсырма.
1 топ 100002 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні ? 1610
2 топ Биыл тәуелсіздікке 110012 жыл. 2510
2 тапсырма.
Жарысқа 101 бала қатысты. 15 ұл және 11 қыз. Қатысушыларды қай санау жүйесінде есептеген. /1545, 1150/
4 тапсырма.Сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аударыңдар
1 топ 46548=247610 4*512+6*64+5*8+4*1
2 топ 7358=47710 7*64+2*8+5*1
5 тапсырма. Менде 100 інім бар. Кішісі 1000 жаста, ал үлкені 1111 жаста.Үлкен інім 1001 сыныпта оқиды.Бұлай болуы мүмкін бе?
Жауабы:4 інім, кішісі 8 жаста, үлкені 15 те. Үлкен інім 9 сыныпта
6 тапсырма. Есептеңдер
1 топ.1111+100=10011 15+4= 19
2 топ 1111-100=1011 15-4= 11
7 тапсырма. Тексеріңдер
11 алма болды. Әр алманы қақ ортасынан бөлгенде 110 болды. Бұл қалай? Жауабы: Иә, 112=121 + 120=310; 3 алманы ортасынан бөлгенде 6 жарты алма болады. 1102 = 1*22+1*21+0*20=610
8 тапсырма. Ауа райы жақсы болса және қыздар жиналса ,біз ертең көлге барамыз. Ақиқат кестесін құрыңыз
9 тапсырма. Кесте құрып есеп шешу
Мектеп бітіру кешінде Нағима қызылкөйлек киді. Розаның киген көйлегі қара да, көк те, көгілдір де емес.Зәуренің екі көйлегі бар: қара және көк.Айгулдің ақ та , көк те көйлегі бар. Алия барлық аталған түсті көйлектері бар. Кешке қыздар әр түсті көйлек киіп келген болса, қайсысы қандай көйлек киіп келгенін анықтаңдар.Жауабы: Нагима қызыл, Роза ақ,Зәуре қара,Айгул көк, Алия көгілдір.
.Үйге: 1.Сабақта біз фильм көреміз немесе шығарма жазамыз. Ақиқат кестесін құрыңыз.
1308=?2?8 ?16
13510=?2?8?16
ь35010=?2?8?16
Бағалау парағы.1 балдық жүйе.9-10 бал «5»баға 6-8 бал «4» баға
3-5 бал «3» баға
Тапсырмалар Оқушылар аты
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
қорытынды
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы:
«Логикалық амалдар, ақиқат кестесі, екілік армфметика, санау жүйелері» тақырыптарына
есептер шығару.
Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы
2016-2017 оқу жылы