Пәні: Информатика | Мерзімі: 12.12.2015 жыл | Сыныбы: 5«Ә» |
Сабақтың тақырыбы: | PAINT қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. |
Сабақтың реті: | 14-сабақ |
Жалпы сабақтың мақсаты: | Оқушыларға графикалық редактор жайлы түсінік беру
|
Күтілетін оқу нәтижелері:
| Графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады, редакторды іске қоса алады, сурет салу кезеңдерін білетін болады, графикалық редактор құралдарының қызметін біледі. |
Түйінді идеялар: | «Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін» Конфуций сөзі |
Сабақты ұйымдастыру түрі: | Тренинг-тәжірибе |
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | топтық әдістер, ДК, сыни ойлау, түрткі болу, сынақтан өткізу техникалары |
Жұмыс түрлері: | Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: | Интерактивті тақта, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер |
І. Қызығушылығын ояту кезеңі: |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
1-әрекет. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құру. | Оқушылар бір-біріне өз аттарының бірінші әріпінен басталатын жақсы тілектер айтады. |
2-әрекет. «Геометриялық фигура» арқылы топқа бөлу. | Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады |
3-әрекет. «Шар ішіндегі сұрақ» әдісімен үй тапсырмасын тексеру. | Әр топқа шар үрленіп соның ішіне 2 сұрақтан жазылып салынады. Оқушылар топта талқылап сұрақтарға жауап береді |
4-әрекет. Жауаптар «Бағдаршам» арқылы бағаланады | Топтар бір – бірінің жауабын түрлі-түсті қағаздарды пайдалану арқылы бағалайды |
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі |
5-әрекет. Топтық жұмыс: Суреттің қиындысын жинау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау
| Әр топ өзіне берілген суреттің қиындысын жинақтап, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады. |
6-әрекет. Интербелсенді тақтадан жаңа сабаққа байланысты, PAINT бағдарламасы туралы слайд көрсетеді | Жаңа сабақ туралы мәлімет алады |
7- әрекет. Жеке жұмыс. «Түртіп ал» әдісі бойынша дәптерге мәлімет жаздыру | Интербелсенді тақтада көрсетілген мәліметтерді оқушылар дәптерлеріне жазады. |
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі |
8-әрекет. Жеке жұмыс: Компьютермен және қолмен шығармашылық жұмыс жасату
| Жарты топ компьютерде, қалған топ қолмен берілген тақырыпта суреттер салады.
|
9-әрекет. Жұптық жұмыс: «Салыстыру» әдісі бойынша компьютерде салған суретпен қолмен салған суретті салыстырып, артықшылығын анықтайды. «Т кестесімен» жұмыс жасату | «Т кестесі» бойынша екі жұмысты салыстырып, талқылайды, артықшылығын анықтайды. |
10-әрекет. Бағалау
| Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды
|
11-әрекет. Топтық жұмыс: «Сөзсызба» әдісі бойынша жаңа тақырыпқа арналған сөздерді табу
| Әр топ берілген тапсырма бойынша, сөзсызбадағы сөздерді табады, жариялайды, бағалайды |
12-әрекет. Үй тапсырмасы
| Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу. |
13-әрекет. Жеке жұмыс: «Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату
| Оқушылар «Алма ағашына» өздерінің бүгінгі сабақта алған әсерлерін алма жемісі арқылы жазып іледі
|
Мұғалім | Алинова Мейрамгуль Баяхметовна |