Конспект Тәрбие сағаты Ерлік-елге мұра,ұрпаққа ұран 5сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Cабақтың тақырыбы: Ерлік-елге мұра,ұрпаққа ұран.

Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де ,ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып,жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру,жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге , өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.



Ұлы кешке сенген күн,

Фашистерді женген күн.

Ағаларға ерген күн,

Бақыт гүлін терген күн-деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Ерлік –елге мұра ,ұрпаққа ұран » атты Ұлы жеңістің 71 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: «Соғыс қасіреті»

Немересі: Әже,әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам! (келіні ыдыс алып, келе жатып,радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады.)

Радио: Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва.Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

Немересі:

-Аттан !-деді

Ол қазір аттанады.

Жауынгердің ролін атқарады.

Неге бізге үмітсіз тесілесің?

Аттан,әке,

Жолыңнан кешігесін.

Кеудесінде жаны бар пақырларың,

Тауып жейді сенсізде несібесін.

Әкесі:

Тыңда балам,тыңда күнім,

Болуға жара қолқанат

Кәрі анам,сәби інің,

Барлығы саған аманат.

Әжесі:

-Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келін-ау көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер.

Келін:

Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді.

Еркебұлан.

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді.Себебі ,оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ ,майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды,40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды,100 миллион адам қолына қару алды.Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

Ислам.

Таң алдында сағат төртті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды ойранды.

Ұлдана.

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа»деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

Оқушы Миров Бекұланның орындауында «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Аяулым.

Қатық құйып ішкен күнім зереңге,

Елім , ,сені енді қайтып көрем бе?!

Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,

Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!

Отаныма берген бірақ антым бар,

Дедім сізге :Ал, соғысқа тартыңдар!

Ұлы отанды қорғаңыздар аянбай,

Арттарында сізге сенген халқың бар!

Нұрқанат.

Тастар көкке атылды,

Орман шулап,тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

Оқушы қыздардың орындауында «Катюша»әні орындалады.

Қожаахмет

Жеіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.

Дария.

Ардагерлер,ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагерлер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады.

Міне , ата –бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып,әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз,өз елтаңбамыз,әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Біз бұл үшін үлкен қуаныш,үлкен бақыт. Қуанышымыз,жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған,сәбилеріміздің жылаған даусы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!