Сабақтың тақырыбы: «Баспаға дайындау. Баспаға шығару »
Класс: 5 «А» сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға графикалық редакторда командаларды, құралдарды, үзінділерді сурет салдырту, баспаға жіберуді үйрету
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, география, математика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, компьютер, слайдтар, «Информатика» оқулығы 5 класс
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
Редакторды іске қоса алады.
Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
Салынған суретті сақтап, ашып, қағазға басып шығара алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, оқушыларды түгендеу;
Шаттық шеңбері: «Сен өте керемет жансын, өйткені......»
Топқа бөлу. «Астана», «Алматы», «Ақтөбе» оқушылар отырғаннан кейін бір сөйлеммен қалаларды таныстырады. Астана ҚР астанасы, әсек қала,
Үй жұмысын тексеру: Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, талдап, жұлдызшыдағы сұрақтар арқылы үй жұмысын бекіту;
Өткен тарауды қорытындылау мақсатында ертегі беріледі ертегі оқылады.
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде әр түрлі түстер өмірсүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарындаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарындаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым:
Windows ауданы
Программалар ауылы
Стандартные көшесі
Сәлеммен: Қарындаш»
Осыдан кейін Microsoft ағай ойланып-толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
Компьютермен жұмыс. Тапсырмалар
Суретін салу
Суретті бояу
Суретке мәтін кірістіру
Баспадан шығару
Сергіту сәті.
[pic] [pic]
[pic]
Сабақты қорытындылау:
І топ: Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы.
[pic]
ІІ топ: Трезе элементтерін жазып,таныстыру.
[pic]
ІІІ топ: «графикалық редакторға» тірек-сызба жасайды.
[pic]
Оқушылар өз ойларын айтады.
Үйге тапсырма
Келесі сабақта төменде берілген шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық редакторда салып, қорғау үшін мына тақырыпта дайындалу.
«Сиқырлы дастархан» суретінің эскизін жасап келу.
Бағалау.
Үй
тапсырмасы
Жаңа сабақ
Практикалық тапсырма
Қорытынды баға
1
2
3
4
5
Үй тапсырмасы. «Сиқырлы дастархан»
Сабақтан алған әсер
[pic]
Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Баспаға дайындау. Баспаға шығару»
5 «А» сынып
Өткізген: информатика пәні мұғалімі Г.У. Мухамеджанова
2015-2016 оқу жылы