Отчеты на тему С

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Байбалақова Зейнегүл мұғалім портфолиосы С есебі

1 топ 3-деңгей

Алматы қаласы 15.04.2014 ж

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп


Мұғалімнің ойлары

Бағалаушының пікірі

Білім беру саласындағы жаңа бағыттардың бірі- деңгейлік курстардың ашылуы. Бұл курстар «Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы» негізінде жүргізіледі. Жаңа мазмұндағы курстардың ерекшеліктері -жаңа форматтағы мұғалімдерге оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдерлі меңгерту. Мен бұл курсқа келіп, бағдарлама идеясын меңгеріп, сабақтарымда қолданып жүргеніме қуанамын. Бұл курстың негізгі мақсаты - мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, сабақ берудің әдіс тәсілдерін жетілдіру, оқушылардың қалай оқитынын қадағалауды үйрету, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгертeу, жалпы заманауи теориялар мен таныстыру болып табылады.

Біз курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде бағдарламаның жеті модулін сабақта қалай ықпалдастырып пайдалану керек екенін оқып үйрендік. Осы модулдерді іске асыру үшін тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарларын жасадым. Одан бөлек әріптестерім мен кеңесудің де жоспарын құрдым. Жоспарға алдымен әріптестеріме өзім не бере аламын?.. деген сұрақтың төңірегінде ойландым. Бағдарламаның негізгі идеясы мен жеті модуль туралы жалпы түсінік бере отырып, әріптестерімнің қызығушылығын оятуды ойладым. Курстың екінші кезеңінде «Қашықтықтан оқыту кезеңі» осы жасаған жоспарларымды тәжірибеде пайдалану үшін мектепке келдім.

Бірінші күні ең бірінші кезекте мектеп директоры Елеунурова Баян Абдраманқызымен кездестім. Ол кісі курстың мән жайына бұрыннан қанық болғаннан кейін, мені өте жылы қарсы алды. Курста алған білімдерімді практика жүзінде тиянақты іске асыруыма жағдай жасайтынын айтты жәнеде бүкіл апталық жүктемеден, мектепішілік қоғамдық жұмыстардан босататынын айтты.Осы үшін Баян Абдраманқызына алғысым шексіз.

Екінші кезекте директордың оқу ісінің меңгерушісі Сатуканова Фарида апаймен кездестім. Ол кісіні орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарларыммен таныстырып, сабақ өтуімен 8 «Ж» сыныбын таңдағанымды айтып, сабақ жоспарларымды бекіттіріп алдым. Ол кісі сабақтарымның сәтті өтуіне тілектестік білдірді және үйренген іс-тәжірибелерімді мұғалімдермен бөлісуге тілек білдірді.

Үшінші кезекте мен бірлестік жетекшім Бакиева Үмітхан апаймен кездестім. Ол кісі менің жоспарларыммен танысқаннан кейін қызығушылық танытты жәнеде осы курс жайлы мұғалімдермен «Тренинг» өткізу туралы ойымды құптады. Біз ол тренингті 15.03.2014 күні сағат 1200-ге белгілеп хабарландыру жазып іліп қойдық.

«Тренинг»-ті бірінші сергіту сәтінен бастадым. Әріптестерімді бір билетіп алғаннан кейін, «Шашу» әдісімен топқа бөлдім. Менің шашу шашып, топқа сол арқылы бөлгенім менің әріптестерім үшін жаңалық болды. Одан кейін топтарға сұрақтар үлестіріп бердім:

  1. Сіздер, қалай ойлайсыздар, ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?

  2. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасы қандай мақсатпен қалыптастырылады?

  3. Инклюзивті оқыту дегеніміз не?

  4. Сабақтағы бағалауды қалай іске асырасыз?

Сұрақтарға топ мүшелері бірлесе отырып жауап берді және де басқа топтар өз пікірлерін білдіріп отырды.

Сұрақтарға топ мүшелері бірлесе отырып жауап берді және де басқа топтар өз пікірлерін білдіріп отырды. Бірінші сұрақ бойынша Әсем апайдың жауабы: « ХХІ ғасырдың мұғалімі жан – жақты дамыған, өз пәнін терең меңгерген, оқытудың жаңа технологияларын сабақта тиімді пайдалана алатын, сандық сауаты бар, АКТ –ны дұрыс пайдалана алатын мұғалім болуы керек» деп жауап берді. Қатысушылардың арасында бұрын курста оқыған мұғалімдер болмағандықтан, мен ол кісінің сүрағы былай толықтырдым: «Сіздің айтқаныңыз өте дұрыс. Сонымен бірге біздің курстың жалпы мұғалімдерге қойып отырған мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруін жәнеде алған білімдерін сынытан тыс жерде, кез – келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Баланың ішкі жан дүниесін түсіне білуге тырысу».

Екінші сұрақ бойынша Самал апай жауап берді. «Күнделікті сабақта ең бірінші оқушылармен амандасамын, сыныпты түгендеймін, информатика сабағы аптасына бір сағат болғандықтан сыныптың ынтымақтастығына көп көңіл бөлмеймін».

Мен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін топтық жұмыстың әсерінің күшті екенін, күнделікті сабақта әртүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, топ мүшелерін ауыстырып отырса, ынтымақтастықтың мықты қалыптасатынын айтып өттім.

Инклюзивті оқытуда АКТ ны пайдаланып, ой тастау үшін «Сынық құмыраны» көрсеттім. Әріптестеріме сондай әсерлі болды. Бірақ арасында біраз мұғалімдер мен оны не үшін көрсеткенімді түсінбегендері де кездесті. Мағынаны ашу үшін мен «Қытай балетін» көрсеттім. Мұғалімдерге енді түсінікті болды. Осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде оқытуға қалай қарайсыздар? – деген сұрағыма барлық мұғалімдер қарсы еместігін айтты. Үмітхан апай өзінің осындай бір қолы және бір аяғынан кемтар мүмкіндігі шектеулі баланы 6 жыл оқытқанын жәнеде ол баланың математикадан қабілетінің мықты болғандығын, үлкен жетістікке жеткендігін, қазіргі кезде бір үлкен фирмада менеджер қызметін атқаратынын айтты.

Келесі кезекте Раушан апай өзінің сабақтарын қалай бағалайтындықтары туралы айтты, тест жұмысы арқылы, оқушының өзін-өзі бағалауы арқылы, кері байланыс арқылы деп. Мен мұғалімдерге жирафтың суретін салуды ұсындым және бір-бірінің жұмысын бағалаттым, содан кейін дайын критерийді интербелсенді тақтадан көрсеттім де қайта бағалауды ұсындым. Мұғалімдер өздерінің суреттерін өздері бағалады. Дайын критерийлер арқылы бағалау мұғалімдерге қатты ұнады және бұл бағалаудың тиімді екен және шынайы болатынын айтты

Инклюзивті оқыту бойынша АКТ ны пайдаланып, «Сынық құмыра» мен «Қытай балетін» көрсеттім. Әріптестеріме сондай әсерлі болды. Үмітхан апай өзінің осындай бір қолы және бір аяғынан кемтар мүмкіндігі шектеулі баланы 6 жыл оқытқанын жәнеде ол баланың математикадан үлкен жетістікке жеткендігін, қазіргі кезде бір үлкен фирмада менеджер қызметін атқаратынын айтты.

Мұғалімдер өздерінің сабақтарын қалай бағалайтындықтары туралы айтты, тест жұмысы арқылы, оқушының өзін-өзі бағалауы арқылы, кері байланыс арқылы деп. Мен мұғалімдерге жирафтың суретін салуды ұсындым және бір-бірінің жұмысын бағалаттым, содан кейін дайын критерийді интербелсенді тақтадан көрсеттім де қайта бағалауды ұсындым. Мұғалімдер өздерінің суреттерін өздері бағалады. Содан кейін бұл бағалаудың тиімді екен және шынайы болатынын айтты.

Сабақтың соңында «Күту ағашы» әдісін пайдаланып кері байланыс ұйымдастырдым. Мұғалімдер сабақ қатты ұнағанын айтты, тәжірибе алмасуды ұсынды. Менің мектептегі тәжірибеме сәттілік тілеп, тесттан жоғары балл алып құзырлы мұғалім болуыма тілектестіктерін білдірді.

Әріптестеріммен өткізген кездесу маған үлкен әсер берді, көңілім көтеріліп, тапсырмаларды орындауға құлшынысым оянды.

Ал, тізбектелген сабақтарымды өту үшін 8 «Ж» сыныбымен кездесу өткіздім.

Оқушыларға тізбектелген 4 сабақ өтетінінімізді және оның әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, топ ережесін жасадық, содан кейін «Құпия дос» ойынын ойнауды ұсындым. Сабақтың барысы оқушыларға ұнады. Сыныппен және сынып жетекшісімен бірігіп информатика сабағы аптасына бір сағат болғандықтан сабақ кестелерін жасадық. Менің тәжірибе кезіндегі алғашқы кездесулерім осылай өтті. Кездесу барысында ешқандай кедергілер бола қойған жоқ.

Курстың бірінші «Бетпе - бет» кезеңінде бағдарлама бойынша мұғалімдердің іс –тәжірибесінде үнемі қолданыс табатын 7 модульді толықтай меңгердім. Сабақ барысында әр модульдің өзіндік ерекшелігі мен тиімділігі бар екеніне және де олар бір – бірімен тығыз байланыста қолданылатынына тәжірибе жүзінде көз жеткіздім.

Төмендегі 7 модульдерді:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  7. Оқуды басқару және көшбасшылық ... модульдерін толық меңгеріп, бір – бірімен байланыстыра отырып ұтымды ықпалдастыра білсем, сабақ та жоғары деңгейде өтеді, оқушы да бағдарламаны тиянақты меңгереді, деп ойладым. Сонда ғана мақсатқа жететініме сенімді болдым.

Мектепке келгеннен кейін «Мектептегі тәжірибе» кезеңіне келген алғашқы күндері

  • бір сабағымда модульдерді ықпалдастыра аламын ба?

  • Күтілген нәтижеге кол жеткіземін бе?

  • балалардың белсенділігі қандай болады?

  • мен мақсатыма жете аламын ба? – деген ойлар басымнан шықпай қойды.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі – топтық жұмыс болғандықтан мен сабағымды бірінші партаны өзгертуден бастадым, сыныпты топтық жұмысқа дайындадым. Содан кейін барып оқушылармен жұмыс істеуді бастадым. Ең алдымен сабақ өтетін 8 «Ж» сыныбымен кездесу өткізгенде оқушылармен ойын ойнап, сергіту жаттығуын жасатып, топқа бөлу жұмыстарын жүргіздім. Оқушылармен бірігіп топ ережесін жасадық. Топ ережесі:

  1. Сабаққа кешікпей келу керек

  2. Мұғалімді және сыныптастарын сыйлау

  3. Топтық жұмыста тату болу

  4. Сабаққа белсене қатысу

  5. Сыныпта шуламау сияқты ережелермен құрылды.

Сыныптың ынтымақтастық атмосферасы жақсы қалыптассын, деген оймен «Құпия дос» ойынын ұйымдастырдым. Топта бірігіп жұмыс жасау керектігін, уақытты тиімді пайдалануды, сабаққа белсене қатысу керектігін жәнеде постерді қалай жасау керектігін түсіндіріп өттім.

Осылай оқушыларды алдын – ала 1-2 күн дайындағаннан кейін ғана барып, жоспарланған сабақтарымды өте бастадым.

Бірінші аптаның төртінші күні бірінші сабағымды, ал қалған үш сабағымды екінші аптада өттім.

Менің бірінші сабағымның тақырыбы: «Мәтіндік процессормен танысу, терезе элементтерімен жұмыс жасау».

Екінші сабағым: «Мәтіндік процессорда кестелермен жұмыс жасау».

Үшінші сабағым: «Графикалық обьектілерді және көркем жазуды кірістіру».

Төртінші сабағым: «Қорытынды сабақ. Шығармашалықпен жұмыс»

Мінсіз сабақтың болуы әрине сирек кездеседі. Менің бірінші сабағымдағы кедергілер мен кемшіліктердің кездесуі қалыпты жағдай, деп ойлаймын. Уақыттың жетпеуі, топтағы келіспеушілік, бағалаудың дұрыс жүрмеуі сияқты кедергілер кездесті. Ендігі сабағымда бұл кедергілерді жою үшін тағы да біраз еңбектену керек болды.

Осындай кедергілермен жұмыс жасаудың арқасында сабағым қалыпты жағдайға түсті, балалар ынтымақтасып жұмыс істеп, пәнге деген қызығушылықтары біліне бастады.

Мен бағдарламадан білген түйгендерімді еске түсіре отырып, сабақта оқушылардың пікірін, белсенділігін , оқушылардың жан дүниесін жақсы түсіне білуге тырыстым. Ең алғашқы қолданған тәсілім оқушыларды топқа бөлуден бастадым. Алдыңғы сабақтарда оқушылар топқа бөлінгенде, топта келіспеушіліктер болды, бірінің сөзін бірі тыңдамаған кездер болды, соңғы сабақтарымда топқа бөлініп отыру оқушыларға қызықты болды. Сонда оқушылар маған былай сұрақ қойды: « Енді біз бұрынғыдай отырмай, тек топпен отырып сабақ өтеміз бе ?» деп сұрақтарын қойғанда мен оларға, «Біз енді сабағымызды жаңа әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы орнымызды өзгертіп отырып өтеміз » деп жауап бердім. Алдымен оқушыларды топқа бөліп болған соң алғашқы жасатқан жаттығуым «Амандасудың түрлері » болатын . Мен бұл жаттығуды жасатқандағы мақсатым оқушыладың бір –біріне деген сәлемі түзу болып үнемі ықтымақтастықта жүрсін деген мақсатта еді. Сергіту сәттерінде ылғи да оқушылардың көңілін көтеретін, ойлау қабілеттерін дамытатын әдіс – тәсілдерді пайдаланып отырдым. Тренеріміз Айжан апайда ылғи бізге түрлі сергіту жаттығуларын жасатып, күнде топты жаңартатын. Алғашында онша мән бермегенмін, кейіннен ойлап қарасам ынтымақтасып оқудың негізгі түп тамыры осыда жатыр екен. Егерде күнде жаңа топ құрылып, топ мүшелері ауысып тұрмаса ынтымақтастық дұрыс қалыптаспайды. Мысалы, біздің мектептен барған Меруерт апай екеуміз ылғи да бірге отырып, бірге жүріп, түскі асқа бірге баратын болсақ, онда мен басқа топ мүшелерімен онша араласпайтын едім. Онда мен топ мүшелерінің ішіндегі Маржан, Ақмарал, Набат, Сания, Нигара, Сауле, Анаргүл сияқты тәжірибесі мол апайлардан ақыл сұрамас едім, Жұлдыз, Маншүк, Альбина, Қарлығаш, Айнур, Мұқағали сияқты әріптестеріммен әзілдесіп ойнамас едім. Тренеріміздің мықты ұйымдастырушылығының арқасында біздің топта ынтымақтастық атмосферасы өте жақсы калыптасты, деп ойлаймын.

Мен келесі күні сабақ өтуге сыныпты дайындап отырғанымда оқушылар маған «бүгін тағы топқа бөлініп отырамыз ба? топқа бөлініп сабақ өткен бізге қызықты болды» деп жан -жақтан өз ойларын айтып жатты. Сонда мен әр күні осылай топқа бөлініп, топ мүшелерінің ауысып отыратындығын айтып өткенімде неге екенін білмеймін, оқушылар бірден қуанып кетті.

Күнделікті сабақта модульдерді ықпалдастыра отырып ынтымақтастық орнатуға болатындығын түсіндім . Мысалы: Сыни тұрғыдан ойлау модулі, және диалогтық оқыту, мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы арасындағы диалогтың да алатын орыны ерекше. Сандық технологияларды да үнемі қолданып отыруға болады. Мен бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда балаларға телефон, планшет ұстауға рұқсат етпейтінмін. Себебі, балалар тек музыка тыңдап, ойы бөлініп сабаққа кедергі келтіреді, деп ойлайтынмын. Сонымен бірге, информатика сабағы көбінесе тәжірибе түрінде өтетіндіктен бұрындағы балалардың шығармашылық жұмысына көбірек көңіл бөлгендіктен, сыныпта диалог дамымаған екен. Ендігі кезекте диалогті көп пайдалану арқылы балалардың теориялық білімдерін арттыруға болатынын түсіндім. Ғаламтордан деректер жинау, постер жасату, постерді қорғату, бағалату әдістерін қолдану арқылы балалардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады.

Оқушылaрдың көңіл-күйiне мән беріп, олардың пікірлерін тыңдай отырып сабаққа тарту жолдaрын қарaстырып отырдым. Сабaқты осы тәсілмен жүргізгенде оқушылaрға қaтты ұнaғaны олар тaқырыпқа қaтысты және кез келген мәліметті қысылмай еркін айта алатындығымен мені қуантып отырды. Сaбақтың тaқырыбын aшып алу мақсатында тaқырып төңірегінде сұрaқтар бергенде, АКТ ны пайдаланып слайдтар көрсеткенде оқушылар сол тақырып туралы ойларын дұрыс болмаса да айтуға тырысты. Яғни, aйтылған пікір еленбей қaлмaйтынын білді, және оның бaсқа құрдaстарының көмегімен толықтырa үйренетін болды. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту ең маңызды білім берудің бірі болып табылады. Егер оқушыны сыни тұрғыдан ойлата алсaқ және жaуaпқа бaғыттай aлсақ оқушы бойында сенім кірпішінің қaлана бастағаны деп айтуға болады. Оқушылaрдың сыни тұрғыдaн ойлауын дамыту мен дұрыс жолда aлып бaруын мұғалім өн бойында өзіне мaқсaт ету қажет екендігін түсіндім. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен дaрынды және тaлантты оқушыларды оқыту мұғалім шеберлігінің асқан бір көрінісі деуге болады. Мен бұрын ойлайтынмын, дарынды оқушы күнделікті сабаққа дайындалып , берілген тапсырманы жаттaп жүретін, компьютерді жақсы меңгерген оқушы, деп санайтынмын. Сабаққа дайындықсыз келетін, жуас, сөйлемейтін, ынжық оқушыларды туа біткен мінезі олар өзгермейді, деп ойлайтынмын. Бұл ойларымды теріске шығаруыма бaқылаудығы оқушыларымның сабақтағы көрсеткен іс- әрекеті мен белсенділігі себеп болды.

Джудит Харрис отбасы әсеріне қарағанда есіне қатысы жоқ құрбы құрдастар тобы немесе қоршаған ортаның кездейсоқ факторларының ықпалы күштірек екенін тілге тиек етеді. Осылайша, отбасының тәрбиесі қалыс қалған кезде мектеп тәжірибесі жастарының «тәрбиесіне елеулі орын алуы мүмкін» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 18- бет) Д.Харристің пікіріне сүйене отырып, аталған бағдарламаның тәсілдерін пайдалана отырып, сабақ өту барысында Сауле есімді оқушымның ашыла бастағаны мені қатты қуантты. Сауленің өзгeрісінeн кeйін ынжықтық туа біткен мінез еместігіне көз жеткіздім.

Бағалау кезінде оқушылардың дайын критерийлармен бағалау кезіндегі шынайылығы ұнады, ал «Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістерін пайдаланған кезде оқушылардың бағалауы әділ болмады. Себебі, әр топ өз таптарына ғана жақсы баға беріп, басқа топтарға төмен баға қойып, топ арасында бәсекелестік пайда болды. Сол бәсекелестікті жою мақсатында оқушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийларын дайындап отырдым.

Осы тізбектелген сабақтарымды өту барысында оқушыларды қызықтыра білгендігімді, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып, калай оқу керектігін үйрете алғандығымды кері байланыс жасау арқылы білдім. Кері байланысқа «Күту шыршасы», «Анкета», «Блоб ағашы» әдістерін пайдаландым.

Тізбектелген сабақтарымды өту барысында сыныптың кқрсеткен сапасы төмендегідей




Осы арқылы сабақтың сaпaлы болуы, оқушының бойындa сапалы білім қалыптастыру мұғалімнің оқушыға жаңа сабақты түсіндіріп беруімен бaйлaнысты еместігіне менің көзім жетті. Оқушылардың өз бетінше ізденіп ерікті түрде білім алуына мұғалімдер жағдай жасауы керек деп түсінемін және үнемі бағыт – бағдар беріп отыруы негіз бола алaды деп айта аламын.

Дәстүрлі оқыту кезеңіндегі оқушылардың партаға ыңғайсыз отырып бір–бірінен жалығатынын, және жаңа сабақ өту барысында тапсырмаларды орындауда мақсатқа толық жете алмайтындығын байқадым. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушылар бір–бірінен көшірмеу керек, берілген тапсырманы әр оқушы жеке -жеке орындау керек, сонда әр оқушының тапсырманы орындау шеберлігі және қандай баға алатындығы белгілі болады, деп ойлайтынмын, және солай орындауын қадағалайтынмын.

«Мен қалай өзгердім?» деген сұраққа жауап беретін болсам, мен өзімнің сабақ беру әдіс- тәсілдерімді өзгерту арқылы өзгердім. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақ өту уақытысының 40 пайызын өзім сөйлеп, 60 пайызын практикаға арнайды екенмін. Келесі сабақта өзім түсіндіріп берген материалдарымды қайта сұрап бағалайтынмын. Мұғалім не үшін өзгеру керек?, деген сұраққа басында дұрыс жауап бере алмаған едім. Енді менен осы былай жауап берер едім: Мұғалім алғашқыда не себепті мұғалімдікке келген болса, сол себепті өзгеруіміз керек. Әр күн сайын, әр сабақ сайын өзгеруіміз керек, әрбір сабақты өзгертуіміз керек. Әлем өзгергенде мұғалімде өзгеруі керек. Қaзіргі сәтте өзгеріссіз қaлу өте қaуіпті екенін әрқайсысымыз түсінуіміз керек.