Ашық сабақ 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:Ауқымды компьютерлік желі.

Сабақтың мақсаты: а) Білімді игеруіне сәйкес қабілеттерін шыңдау,

логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып,

білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ә)Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі,шығармашылық

қабілетін дамыту.

б) Жаңа заман талабына сай оқушыларды интернет

пен жұмыс жасауға және сауаттылыққа,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс. Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі , ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.а)Оқушыларды түгендеу

Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды мына өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.

Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Жергілікті желі дегеніміз не?

Желі топологияның неше түрі бар?

Желі топологияларының түрлерін және

оларға жеке- жеке мағұлмат беріңдер.

«Ой ашар» әдісі:

Қағаздағы көріністі компьютерге енгізетін құрылғы.

Ақпаратты өңдейтін есептеу құралы.

Тышқанның ағылшынша атауы.

Ақпаратты қағаз бетіне шығаратын құрылғы.

Кескінді құрайтын кішкене нүктелер.

Мәзір орысша қалай аталады.

Рычагты монипулятор.

Компьютердің миы.

Адам денсаулығына зиянды құрылғы.

Компьютердің есте сақтау құрылғысы.

Интернет желісіне шығу үшін қажет құралдың бірі.

Принтердің түрі.

13.Шрифтінің қазақша атауы.

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру. Қазіргі уақытта 20- дан аса ауқымды (глобальды) желілер Compu Serve, America On Line, MS NetWork және басқалар бар, бірақ елге ең белгілісі - Интернет желісі.Интернет - бір бірімен байланыс араналары және бірдей деректерді қабылдау және жіберу стандарттарымен біріктірілген, байланысқан компьютерлер мен компьютерлік желілердің жиынтығы. Ол - Жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпараттық жүйе болып табылады. Бүгінгі таңда осы ақпараттар кеңістігіне 120 млн –нан аса пайдаланушылар қосылған.Олардың әрқайсысы қажет ақпараттармен алмасады..Нәтижесінде, Интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толтықтырылып отырады. Интернет 1969 жылы АҚШ – та осы елдің қорғаныс минстрлігінің тапсырысы бойынша жасалған APRANET желісінен пайда болды. APRANET оқу орындарын , әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі болған. Ол басында зертеушілілердің ақпараттармен, мәліметтермен алмасуын жеңілдету үшін , сондай – ақ ядролық шабуыл кезінде орнатылатын байланысты зерттеу үшін жасалған. APRANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтықтағы компьютерлерді программаларды іске қосуға мүмкіндік берді.Ұзамай,бұл мүмкіндіктерге файлдарды жіберуге ,электронды пошта жіберу тізімдері қосылды.Мұндағы мақсат – зертеушілерге ақпараттармен алмасуға , өзара қарым – қатынас жасауға мүмкіндік беру.Осылай бір – бірімен байланысқан желілерден тұратын Интернет желісі дүниеге келді.

Желіралық құрылымдардың жұмыс істеу үшін әртүрлі желілер арасында алмасу қалай жүретінін анықтайтын ережелер яғни, хаттама жазу қажет болды .Компьютер тілінде хаттама (протокол) дегеніміз – келісімдер жиынтығы, ал ол өз кезегінде, түрлі программалар арасында деректер алмасуды реттейді. Интернетте ТСР /ІР хаттамасы пайдаланылды. Бұл әріптер TRANSMISSION Control Protocol / Internet Protocol (беруді басқару хаттамасы / желіаралық хаттама) дегенді білдіреді ІР желідегі адрестерге жауап береді,Ал ТСР хабарды тиісті адресттер бойынша жеткізуге қамтамсыз етеді, олар 1974 жылы жасалған. Егер біз Интернетке қысқаша анықтама берсек , онда оны

ТСР /ІР хаттамасын пайдаланатын желілердің желісі деп атауға болады. Ұлттық желілерге кәсіпорындармен мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с – қа дейін жетеді.Ақылы төлеу негізінде Интернет арқылы қатынасуға мүмкіндік жасайтын ұйымдар мен жеке адамдар провайдерлер деп аталады. Интернетте көптеген әртүрлі қызметтер жұмыс істейді.Әр қызметтің өз хаттамасы болады .Соңғы үш төрт жылда болған аса ауқымда мәліметтер тасқыны дәл осы www (World Wide Web) жүйесінің және онымен байланысты хаттамалардың пайда болуынан туындады.Гиперсілтеме – бұл басқа Web – құжаттың адресі байланысқан мәтіннің үзіндісі немесе құрамдас обьект .Бүкіләлемдік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол домендік атау деп аталады.Интернет абоненттерінің бі – бірімен байланысын оңайлату үшін адрестердің барлық кеңістігі аймақтарға – домендерге бөлінеді.Негізінен, домендер екі әріп тіркесімен анықталатын географиялық аймақтарды көрсетеді. Мысалы: Қазақстан – kz,Франция- fr,АҚШ - us , Россия - ru, бұрынғы КСРО – su. Домендік адресте алдымен компьютердің аты , содан соң ол қосылған желінің аты келеді.Бірақ тақырыптық белгілеріне қарай бөлінетін домендер де болады.Мысалы, комерциялық ұйымдар – com, оқу орындары – edu, халықаралық ұйымдар – int.Интернеттен ақпарат іздеу үшін жұмыс үстелінде орналасқан Internet Explorer браузерін пайдалануға болады. Internet Explorer браузерін іске қосу үшін мына әрекеттерді орындау қажет.

Жіберу Программалар Internet Explorer

немесе Internet Explorer пиктограммасыда екі рет шерту керек. Сонда диалогтік терезе шығады да, компьтер автоматты түрде провайдердің нөмірін тереді. Егер модемнің динамигі қосылып тұрған болса, телефон нөмірін теру дыбысын естисіңдер, содан соң екі немесе үш гудок , бірнеше минут жағымсыз шиқыл естіліп тұрса, бұл модемнің байланыс орнатып жатқанын білдіреді .Explorer программасы сендерді Интернет қызыметтері провайдерімен байланыстырады, содан соң Internet Explorer терезесін бейнелейді.


IV.Интернетпен жұмыс» - оқушыларды компьютерге отырғызу.Керекті мәліметтерді алу.

V.Ішіне сыртына стратегияны пайдалану.






VI.Сергіту сәті: Жаттығу

  1. Орнымыздан тұрып, тік тұрамыз

  2. Көзіңді қатты жұмып, жайымен ашу 2 рет

  3. Жоғары-төмен, оңға-солға қарайық 2 рет

  4. Көзімізді шеңбер бойымен айналдырамыз (оңға, солға) 2 рет

  5. Басымызды шеңбер бойымен айналдырамыз 2 рет

  6. Қолымызды алға ұстап, қолдың басын айналдырамыз 2 рет

  7. Сағаттың тілімен оңға бір, солға бір иілеміз 2 рет

VII.Ой толғаныс.

Тест жұмысы .

1.Интернеттің алғашқы пайда болған жері?

а) АҚШ* б)Россия

ә) Франция в)Германия

2.Интернет дегеніміз не?

а) ақпаратты тарату құрылғысы

ә) ақпаратты жедел түрде жеткізетін спутникалық радиожүйе

б) компьютер желілерінің Бүкілдүниежүзілік торабы (желісі).*

в) мәлімет іздеу үшін үшін Windows жүйесін басқаратын программа.

3.Провайдер дегеніміз не?

а) компьютерлерді сататын мекеме

ә) интернет мүмкіндіктерін жақсы білетін, желі тұтынушыларына кеңес беретін адам

б) тұтынушылардың Интернетпен тікелей қатынас құруын қамтамасыз ететін ұйым*

в) базадағы тақырыптар каталогына сәйкес сұраныс бойынша құжаттарды іздейді

4.Броузер деген не?

а) интернетте жұмыс істеуге арналған әмбебап программа

ә) Web – кеңістігін (парақтарын) көрсететін программа*

б) интернетте жұмыс істеген уақытты есепке алатын программа

в) ақпаратты тарату құрылғысы

5.Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға?

а) сервер б) провайдер

ә) протокол в) модем*

6.1974 жылы қай хаттама пайда болды?

а) TCP/ IP* б) TCP

ә) IP в) URL

VIIІ.Бекіту:







Үйге тапсырма: Оқып келу


Бағалау: Оқушылардың пікірімен санаса отырып бағалау.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шона Смаханұлы атындағы негізгі мектеп



Ашық сабақ




Сабақтың тақырыбы:





Ауқымды компьютерлік желі




9 - сынып







Информатика пәні мұғалімі: Төкебаев Сабыр






Сейілбек ауылы

2015-2016 оқу жылы