Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы
What is it?
Бұл не?
(ағылшын пәні 2 сынып)
[pic]
Пән мұғалімі: Тулеуханова Нурсауле Болатхановна
Талдықорған қаласы
Сабақ жоспары
Пәні: ағылшын тілі
Сабақтың тақырыбы: Бұл не? What is it?
Сабақтың мақсаты: Бұл не? Сұрағын қою арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын технологиясы арқылы сабаққа деген белсенділіктерін арттыру.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, қазақ тілі.
Оқу сілтемелері: үлестірмелі қағаздар, оқулық «Primary Colours», Teacher’s Book 1, интерактивті тақта, түрлі – түсті суреттер.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) амандасу
- Good day, boys and girls!
ІІ. Шаттық шеңберін құру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Топты 2 топқа бөлу. Ол үшін оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне шақырам. Қол ұстасып шеңбер құрғаннан кейін балалардан кімге қандай құс ұнайтынын сұраймын. Яғни қарлығаш па, балапан ба? Балалар өз ойларын айтқаннан кейін 2 топқа бөліп отырғызам. 1-ші топ «Балапан» тобы, 2-ші топ «Қарлығаштар» тобы.
Фонетикалық жаттығу
1,2,3. Clap with me.
1,2,3. Clap with me.
Clap now, clap now!
You and me.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Оқушылар орындарына отырғаннан кейін сабақта орындайтын тапсырманы түсіндірем:
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өте қызықты болады деп ойлаймын, өйткені сабақта «Балапан» тобы балапанға өз ұясына жетуге, ал «Қарлығаштар» тобы қарлығаштарға өз ұясына жетуге көмектесулері қажет. Ол үшін сіздер қарлығаштар мен балапанның ұяларына жету жолында кездесетін кедергілерден сүрінбей өтулерің қажет. Сонда ғана олар өз ұяларына аман – есен жетеді. Ол қандай кедергілер дейсіңдер ме? Оны қазір көреміз. Ал оған біз дайынбыз ба? Кезек-кезек алдыдағы кедергілерден өтеміз. Кедергілерді ашқан кезде ішіндегі тапсырманы орындауларымыз қажет. Қай топ дұрыс орындаса сол топқа смайликтер беріліп отырады. Тапсырма соңында қай топта смайликтер көп сол топ жеңді деген сөз.
Жарысымызды бастамас бұрын бүгінгі тақырыбымызбен таныстырып кетейін. Тақырып «What is it?» Бұл сұраққа қалай жауап беруге болады?
Мысалы:
What is it?
[pic]
It is a book.
[pic]
It is a dog.
[pic]
It is a fox.
Қарлығаш тобының 1-ші сұрағы:
What is it?
[pic] It is a book.
Балапан тобының 1-ші сұрағы:
Бұл қандай түс?What colouris it?
[pic]
Қарлығаш тобының 2-ші сұрағы:
Сандарды ата:
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
Балапан тобының 2-ші сұрағы:
Бұл не?What is it?
[pic]
Қарлығаш тобының 3-ші сұрағы:
[pic] Бұл не?What is it?
Балапан тобының 3-ші сұрағы:
Бұл қандай түстер?
[pic] [pic] [pic] [pic]
Қарлығаш тобының 4-ші сұрағы:
What is it?
[pic] [pic]
Балапан тобының 4-ші сұрағы:
Бұл не? What is it?
[pic] [pic] [pic]
Қарлығаш тобының 5-ші сұрағы:
Бұл не? What is it?
[pic] [pic]
Балапан тобының 5-ші сұрағы:
Ағылшын тілінде сандарды ата:
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
[pic] [pic]
Міне балалар алдымыздан шыққан кедергілерден сүрінбей өттік деп ойлаймын. Енді көрейік қарлығаштар мен балапан ұяларына жеттіме екен?
Иә, үйлеріне аман есен жетті. Енді жинаған смайликтерімізді санайық. Қай топта көп екен?
Қарлығаштар тобы: 1,2,3,4,5
Балапан тобы: 1,2,3,4,5
оқушылар сендерге мынадай тапсырма берейін деп тұрмын. Алдыларыңызда ақ қағаздар жатыр сол қағаздарға бүгінгі сабақта ұнаған суреттеріңді салып (кітап, қалам, мысық, сөмке, т.б), сол салынған суреттеріңді көтеріп ағылшын тілінде айтасыздар. Түсінікті ме? Сендерге 1 мин уақыт беріледі.
[pic]