Открытый урок по казахскому языку Айтыс (9 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[link]

Шекерова Айгуль Базарбаевна

Учитель казахского языка и литературы

«Заречная средняя школа»


Сыныбы: 9 (орыс тілді мектеп үшін)

Сабақтың

тақырыбы

Айтыс

Сілтеме

Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 9- сыныбына арналған оқулық/ С.Ч.Тұрсынғалиева. Ә.С.Берекенова. «Арман –ПВ», 2013. – 68 бет.

Мақсаты


Мақсаты:

Білімділік: Айтыстың шығу тарихын, түрлерін, ерекшелігін, мақсатын еске түсіру. Айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру. Пікірталас тудырудағы айтыстың рөлін таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру. Тәрбиелілік: Жаңа сабақпен байланыстыра отырып, батылдыққа, шыншылдыққа, орнықтылыққа тәрбиелеу. Сөз өнерін қадірлеу білуге үйрету.

Күтілетін

нәтижелер


Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, айтыс өлеңдерінің мән-мағынасын түсінуге, оқуға талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Музыка, өзін-өзі тану, қазақ тілі

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, БЛУМ таксономиясы, жас ерекшеліктеріне сай оқыту. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау.

Керекті жабдықтар


Оқулық, семантикалық карта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе




1 мин













3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Сыныптың оқушыларын 1-2 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Психологиялық дайындық

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!



2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (Кейіпкерлерін тексеру)

Қосымша №1.Семантикалық карта.

оқушылар 1-2 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.


Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».


Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.

Критерийлер:

«5»- 0 қате

«4» - 1 қате

«3»- 2-3 қате





2 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Айтыскерлердің суреттерін тақтадан көрсетіледі. Мұғалім оқиды.

-Балалар, бұл кімдер және не айтып жатыр деп ойлайсындар?

-Дұрыс айттыңдар,олар айтысып отыр.

-Олай болса, бүгін біз айтыс жайлы тереңірек танысамыз.


Негізгі бөлім

Білу





5 минут

Айтыс – ауыз әдебиетінде қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

1.Ақындар белгісіз тақырыпқа өлеңді табан астында шығара білуі керек.

2.Тосын сұрауларға тапқырлықпен жауап бере алуы керек.

3.Қарсыласын сүріндіру үшін өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те айта білуі құпталады.

4.Ел-елдің шежіресін, тарихын білуі шарт.

5.Домбыра не басқа да саз аспаптарының сүйемелдеуімен әндетіп айта білуі қажет. Ақынның сөзі мәнерлі, түсінікті, дауысы құлаққа жағымды болуы да маңызды.

1.Оқулықпен жұмыс, 68 бет. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша айтыс туралы конспект жазып алады.


Түсіну





5 мин








Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

«Мағынаны тану»

1.Оқулықпен жұмыс

«Айтыс» тақырыбын түсініп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

«Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша талдау.

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына мазмұнын түсіндіреді.

Қолдану



5 мин









Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Сөздікпен жұмыс.





Оқушылар парақшадағы сөздердің аудармаларын топпен жазып орындайды.

І-топ

ІІ-топ

Сергіту сәті






2 мин

Айтыс тақырыбында «Қара жорға» биіне билету.



Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.

Талдау



5 мин

Мақсаты:

Оқушылардың қиялдау дағдыларын жетілдіру.

«Біз қандай баламыз?» ойыны

«Ойтолғаныс» кезеңі


Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар өлеңнен өздеріне қатысты жолдарды айтыс өлеңі арқылы бір-біріне оқиды.


Жинақтау




8 мин

Мақсаты:

Айтыс ақынына қандай қасиеттер тән болған? «Айтыс» тақырыбына тірек сызба жасау.

«Ақынға тән қасиеттер»


[pic]


Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.




Қорытынды

Рефлексия

6 мин


Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?





2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.


Үйге тапсырма

1мин

«Айтыс» тақырыбын оқу 68-74 бет;

«Қыз бен жігіт» айтысын құрастырып келу.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.