Оқу ісінің меңгерушісі: Жанрмуханов А.К
Күні: 25.04.2016 оқу жылы
Сынып: 5 «а», «ә»
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша білім беру, түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: түрлі тапсырмалар, жаттығулар арқылы,ойлау сөйлеу дағдысын, білімін қалыптастыру;
Тәрибелік: тілге құрметпен қарауға, сүюге үйрету;
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: оқулық, таблица
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сынып тазалығана мән беру
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
365-жаттығу.
Лексикалық жолмен жасалаған туынды сөздер туралы түсінік
Сұрақ-жауап:
1.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?
2.Қазақ тілінде лексикалық жолмен жасалған сөздерге қандай сөздер жатады? (омоним,көп мағыналы сөздер)
3.Мысалдар айту.
ІІІ.Жаңа тақырып: Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер.
Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанғанда жаңа мағыналы сөздер жасалады. Мысалы: кес+пе, сүз+бе, көр+ме, қаш+қын, тас+қын, өр+мек ,ек+ін, (егін) , жең+іс, біл+ім, қуан+ыш, ал+ғыр, тоң+ғақ, қол+да, ақ+та, көк+те,қой-шы, әдебиет+ші, бүркіт+ші, бас+шы,мақтан+шақ, аялда+ма, тер+ме, күт+ім, сез+ім,тара+қ, күре+к,сыз+ық, қайра+қ,
ІV.Оқулықпен жұмыс.
366-жаттығу. Бір түбірге әртүрлі жұрнақ жалғау арқылы бірнеше туынды түбір жасаңдар.
Үлгі: көрме,көріксіз,көрікті, көргіш, көріс, көрін, көргенсіз, көргенді,
367 –жаттығу. Көп нүктенің орнына -хана жұрнағы жалғану арқылы жасалатын сөздерді тауып қойыңдар.
Асхана,дәмхана, аурухана, кітапхана, т,б.
368-жаттығу.Мітінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
Мәтіннен туынды сөздерді тауып жазып, жасалу жолын түсіндіріңдер.
«Күздеу», «көкте» деп аталатын қоныстардың қандай қажеттіктен туғанын әңгімелеңдер.
Туынды сөздер: күз+де+у, күз+гі, қон+ыс, көк+те+у, жет+іл+генше, көк+і (көгі), қыс+тау+ға,
369-жаттығу. Оқып шығыңдар.
Мәтіндегі туынды түбірлерге сұрақ қойыңдар.
Туынды түбірлердің синонимдерін атаңдар.
Алдаркөсеге жазбаша мінездеме беріңдер.
VСабақты бекіту.
Сұрақ -жауап:
1.Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?
2.Мысал келтіріңдер?
VІ. Үйге тапсырма беру.
370-жаттығу. (ауызша)
371-жаттығу. (жазбаша)
Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер.
Бағалау.