Урок по казахскому языку в 8 классе Табиғат аясында демалу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында демалу. Үстеу түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінмен жұмыс түрлерін жүргізу арқылы Қазақстанның табиғаты тамаша жерлерімен, демалыс орындарымен таныстыру, үстеу түрлерін ажырата білуді пысықтау;
Дамытушылық: өз бетімен жұмыстандыру арқылы сөз тіркесін, сөйлемдерді құра білу дағдысын дамыту, сұрақ - жауап арқылы сөйлеуге үйрету;
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, демалыстарын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу
, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: баяндау, түсіндіру, сұрақ жауап, интерактивтік тақта.
Жұмыстың түрлері: Ұжымдық және топтық.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, үлестірмелі қағаз,оқулық.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, география.


Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.

Ә) Кезекшімен сұхбаттасып, оқушыларды түгендеу.

-Қазір қай жыл мезгілі?
-Сыныпта кім жоқ?
-Үйге қандай тапсырма берілді?

Сабақты психологиялық дайындықтан бастау.

Балалар,сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай , осы жақсы көңіл-күйлерінде сабақты бастаймыз.

Сыныпты жасыл, сары,қызыл гүлді пайдаланып 3 топқа бөлуден бастау.
І топ - Күн тобы;
ІІ топ - Бұлт тобы;

ІІІ топ - Көл тобы;

Су», «Топырақ», «Ауа
(Әр оқушының жауабы өз аттас тобының суретімен бағаланады. «Күн», «Бұлт», «Көл»)

Бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, саяхат сабағы.
Тілек айту (мұғалім оқушыларға, топтан бір оқушыдан мұғалімге);

Балалар мен бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.

Ал сендер бір- бірлеріне не тілер едіңдер? (оқушылардың тілегі 1минут)

Біз сендерге сабақта бестік баға алуларынды, сәттілік, жақсылық тілеймін.

Біз бәрімізге жақсы көңіл күй тілейміз, денсаулық тілейміз.

Біз сендерге сабаққа белсенді қатысуларыңды тілейміз.
Сабақтың күні, тақырыбын жазады.
Сабақтың тақырыбын, міндетін, мақсатын айту.

II.Үй тапсырмасын тексеру.
«Жазғы демалыс» тақырыбында етістіктің өткен шағында әңгіме жазу.

III.Жаңа сабақ.Қызығушылығын ояту .

Саяхатқа дайындық кезеңі.Оқушыларға стюардесса арқылы тыңдатамын: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған «№43 орта мектептің» әуежайы.

43 мектептің әуежайынан Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерін, демалыс орындарын тамшалаймыз. «Эйр Астана» компаниясының ұшағына отырғызу басталады.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті саяхатшылар, сіздерге демалысқа шығар алдында , тапсырмаларды орындау керек

Ұшаққа отырғызу басталды.Билет пен саяхат картасын алуларыңызды сұраймыз.

Ой ашу.
- Табиғат деген не?
- Табиғатта қандай ғажайыптар бар деп ойлайсың?
- Табиғат құпиялары дегенге қалай түсінесің?



Табиғат




Кластер толтыру.
Табиғат   дегенде сендердің көз алдарына не елестейді? (Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.
Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір
адамның міндеті.)
Осы айтқандарыңды біз бір сөзбен қалай айтамыз ? Табиғат!-деп айтады

2. «Асқар шыңды Алтай» таулары көрінеді. Кубизм стратегиясы.(сұрақ-жауап)

1. Сен жазда қайда демаласың? - Ауылда атам мен әжемнің үйінде демаламын.
2. Жаз айларын ата? -Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
3. Ең ыстық жыл мезгілі?- Ең ыстық жыл мезгілі – жаз.
4. Қандай сусын түрлерін жақсы көресің? -Шырын, газдалмаған су.
5. Жазда ауа райы қандай болады? -Жазда ауа райы ыстық.
6. Жаздық киімдерді ата? -Жеңсіз көйлек, жаздық бас киім.

7. Қазақстандағы ірі демалыс орындары?- Бурабай, Алакөл, Балқаш.
8. Тауға саяхатқа шыққанда не істемеу керек? -Қоқыс тастамау, суды ластамау
9. Саяхатқа керекті заттарды ата?- Сөмке, су, бас киім.

Саяхатымызды жалғастырамыз келесі ғажайып көрініс «Жер жәннаты Жетісу» жанынан ұшып барамыз. Жер дүние тыныштық құшағана енгендей.Осы бір тылсым табиғат сырының құпиясын білуге,мәтінмен жұмыс жасаймыз.

Мәтін бойынша жұмыс істейміз . Алдарынызда саяхат картасында мәтін жазылған.
«Даналық ағашы» ойыны.

Ойынның шарты:
а) Мәтінді жылдам және мұқият оқып шығамыз.
ә) 1 топ 1 мәтінді оқиды,2 топ 2 мәтінді оқиды,мәтінге сұрақтар қоямыз,сұрақтарға жауап береміз.

1 топ мәтіні Бурабай

Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Мұнда күні бойы саяжайда жатып, көлде шомылуға болады, болмаса тауға серуендеуге болады .

2 мәтін Қапшағай

Қапшағай өңірі Алматы облысының оңтүстік бөлігінде, Қапшағай су қоймасының жағасында, Алматыдан жетпіс шақырым жерде орналасқан.
 Қапшағайдағы демалушылардың ең жиі баратын жері. Қапшағайдағы туристер ең жиі баратын жер.Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ үлкен кісілерге арналған арнайы су аттракциондары бар. Кейінгі жылдары Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді. Келешекте Қапшағай қаласының аумағында жобалық атауы «Жаңа Іле» болып келетін ірі туристік орталық және ойын-сауық қалашығының құрылысы жоспарлануда.


3 мәтін Алакөл жағажайы

Алакөл демалыс жағажайыең әдемі демалыс орындарының бірі.Көл суы көптеген ауруларға ем.Суға түсіп шыққанда, көңілің өсіп, қанағат табады. Жағаға жақын, тығыз орналасқан демалыс үйлері өте көрікті және мейрамханалар мен кафелердің саны да көп.Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады. Жаздың шуақты ыстық айларында бұл араға кемінде жүз, жүз елу мың адамға дейін келіп кетеді.



Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Қазақстанның әсем табиаты жөнінде бейнебаян тамашалайды. Кейін алған әсерлерімен бөліседі.
Саяхатымызды жалғастырамыз «Көрген көзді таң қалдырар Балқаш»


«Алма теру»ойыны

Алманы теріп алу үшін тапсырмаларды орында

Берілген сөздерден сөйлем құру.
Табиғат, демалыс, дәстүр,мәдениетті, танымал, саяхат.

Бағдарлама,сағыну, нағыз, тынығамын, түрлі,ерекше.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Қазақстанның әсем табиғаты жөнінде бейнебаян тамашалайды. Кейін алған әсерлерімен бөліседі

Мұғалім сөзі:Демалыс орындары

Жадыраған жаз мезгілі. Жаз - жұртшылықтың демалысқа шығып, қаланың сапырылысқан тіршілігінен бір сәт босап, еркін тынығуға қолайлы мекен іздейтін маусымы. Әрине, демалған дұрыс әрі пайдалы. Бірақ, қайда барып демалуға болады? Шет елдердегі бағасы удай қымбат демалыс орындарында ма, әлде Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан қазақтың кең даласындағы қазақы иіс аңқып тұратын емдік қасиеті зор шипажайларда ма?

Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу,  асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы... Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың! Қарасаң көзің тоймайды!

«Ауасы шәрбат Қарқаралы» жанынан ұшып барамыз.
5. Логикалық ойындар.
А) шашыраңқы әріптерден сөздер құрау:
Ждалым
Етерң
Қзаір
жоғрыа
Ә) Артық сөзді тап:
1. ертең
2. төмен
3. кенет
4. алға
5. алақай
Топпен жұмыс.
1 - топ: мезгіл үстеуіне қатысты сөздерді еске түсіріп жазады, табиғат тақырыбында сөйлемдер құрастырады.
2 - топ: мекен үстеуіне қатысты сөздермен демалу тақырыбында сөйлемдер құрастырады.
ІҮ. Интербелсенді тақтада «Ауылдағы демалыс»суреті көрсетіледі.
Тыныштық сәті
Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.
Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіру немесе суреттеу.

Пікірді жалғастырып айту
1. «Табиғат – мен үшін қуаныш, өйткені...»
2. «Табиғат – мен үшін денсаулық, өйткені...»

«Суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл» керемет ғажайып жер

Постермен жұмыс істейміз: Табиғат - менің өз үйім»
(1 топ
Қазақстанның табиғаты өте әдемі, ерекше, Табиғат менің өз үйім, табиғат пен адам бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Табиғаттағы барлық өзгерістер адам үшін үлкен жаңалық. Адам табиғат құпияларын әлі зерттеп болған жоқ. Табиғат тылсым дүние) (2 топЖер планетасынан асқан сұлу табиғат жоқ. Табиғатта керек емес нәрсе болмайды, барлығы да бір - біріне қажет, әрі керек нәрсе. Сондықтан адам табиғатсыз, табиғат адамзатсыз күн көре алмайды.)

YII. Қорытынды. Рефлексия. Табиғатқа тілектер
Ватманға ағаштың суретін саламын сол ағашқа балалар өз тілектерін жасыл жапыраққа жазып жапсырамыз.
Ағаштың жапырақтары түсіп қалыпты, түскен жапырақтарды жапсырамыз. (Суды үнемдеп пайдалану, ағаштарды сындырмау, құстарға тимеу, жұмыртқасын алмау, дала аңдарына тиіспеу сияқты мәселелер жөнінде пікірлесу)
Сендер үшін демалуға қолайлы уақыт қашан?
Сендер қайда демалғыларың келеді?
Елімізде демалыс орындары бар ма?
Табиғат аясында демалу ұнайды ма?









































Сендер үшін демалуға қолайлы уақыт қашан?
9. Сендер қайда демалғыларың келеді?
10.Елімізде демалыс орындары бар ма?
11. Табиғат аясында демалу ұнайды ма?




















































III Ой - толғаныс.
Сен табиғатты қалай қорғар едің?
- Табиғатты көркейту мақсатында қандай шаралар атқарар едің?
- Табиғат әрбір адамның үйі, ендеше оны әрқашан қорғап жүрейік, таза етіп, сұлу күйінде сақтай білейік. Ол үшін сендер күнбе-күн мектепке келгенде, үйлеріңе қайтқанда жолда сынған ағаш көрсеңдер жөндеп, ұша алмай жүрген құс болса, оның жарасын жазып көмектесіп жүріңдер. Ешқашанда табиғатқа жамандық жасауға болмайды.

Себебі: табиғат өзіне жасалған жамандықты ешуақытта кешірмейді. Сондықтан табиғатқа бар қолымыздан келген жақсылығымызды жасап жүрейік.


Табиғаттағы жарқыраған нелер? (күн, ай, жұлдыз)
- Табиғаттағы көгілдір нелер? (аспан, өзен, көл, теңіз, мұхит)
- Табиғаттағы жайқалған нелер? (ағаштар, гүлдер)
- Табиғатта ән салған нелер? (құстар)
- Сыбырлаған нелер? (жапырақтар)
- Сыңғырлаған нелер? (сулар)
- Осының бәрін бір сөзбен не дейді екенбіз? (Табиғат - ана)




«Сөздік» жарысы.
2 – «Сөздерден сөйлем құру.»
3 – «Мәтінді әңгімелеу.»
4 – «Кім жылдам?.»
5 – «Мақал мәтел айту.»
6- «Жұмбақтар жарысы.»
7- «Табиғат аясында демалу.» (Сөйлемді жалғастыр.)
8-«Сөзжұмбақ »шешу.
9- Септеу.
10 -Тәуелдеу.

Разнообразный-
Скучать-
Успокоиться-
Программа-
Природа
Путешествие-
Культурный-
Известный-

Жазбаша жұмыс:
2
-тапсырма бойынша.(Слайд.)

Көкшетаудың табиғаты.... .
Көкшетау өңірі асқақ тауларымен ..... .
Ормандарда негізінен қайың мен терек..... .
Көлдері балық пен жабайы құстарға ..... .
Қазақстанның табиғаты..... .
Қазақстан бай..... .

3-тапсырма.
Берілген зат есімдерден туынды сын есімдер жасап, жұрнақтарын анықтау, түбір мен қосымшаның үндесуін ажырату.

Үлгі. (Слайд.)
Сөздер: қазақ, орман, тарих, бой, бала, жаз, дала, сән, кек, ақыл, ой.

Мақал мәтелдер жарысы.

«Тапқырлар» тобы: « Туған жер», «Отан» туралы.

«Білгірлер» тобы: «Оқу-білім», «Табиғат» туралы.

Жұмбақтар жасыру:
Мұғалім оқиды.

Көтеріп орман,тоғай, тастың бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың. (Тау.)

Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы. ( Найзағай.)

Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. ( Кемпірқосақ.)

Төгілген жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта -ақ. (Бұршақ.)

Арыстан ақырады,
Ормман жрқырады. (Найзағай.)

Жұрттың бәрі сүйеді,
Бірақ қарай алмайды. ( Күн.)

Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су.)

«Табиғат аясында»тақырыбында әңгіме жазу. Топтық жұмыс.
Екі топ осы тақырыпта әңгіме жазады,топ башылары оқиды.

Сөзжұмбақ шешу. (Слайд)

Септеу.
«Білгірлер»тобы: «Табиғат»сөзі.
«Тапқырлар» тобы: «Көкшетау»сөзі.

Тәуелдеу.

«Білгірлер»тобы: «Өлке»сөзі.
«Тапқырлар» тобы: «Орман»сөзі.

Қорытындылау.

Екі топтың жинаған ұпайларына қарай жеңімпаздарды анықтап, мақтау.

Бағалау.
Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап беру. 65 бет. 4-тапсырма.

сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазақстан табиғаты туралы мәлімет бере отырып оның құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Ауызекі сөйлеу арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, елін жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көркекілігі: интербелсенді тақта, слайд, қабырға газеті, оқулық, қосымша материал. Үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Әдісі-тәсілі: Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы: Психалогиялық ахуал: Әр топ бір біріне сәттілік тілейді. (хормен)
1топ 2 топқа-Біз 2 топқа сәттілік тілейміз.
2 топ 3 топқа –Біз 3 топқа жақсы көңіл күй тілеймі.
3 топ 1 топқа –Біз 1 топқа көп бестік баға алсын деп тілейміз.
Ұйымдастыру кезеңі: а) –Қазір қай жыл мезгілі?
-Сыныпта кім жоқ?
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Ал енді мен де сендерге тілегендерің қабыл болсын, мен де сендерге сәттілік тілеймін.
-Үй тапсырмасы «Туған жер» туралы мақал-мәтел жаттау болды,қазір сендер интербелсенді тақтада берілген мақалдарды толықтырасыңдар.
1.Туған жердің жері де көрікті, ............................. . (елі де сүйікті).
2. Ағаштың тамыры-...................... , (өскен жерінде).
Адамның жаны-.......................... . (туған елінде).
3.Ел іші-.................. . (алтын бесік).
4.Туған жердің күні де ыстық, ......................... . (түні де ыстық).
5. Әркімнің өз жері-............ . (жұмақ).
6. Туған жердің суы ......, (тәтті).
Топырағы да ............... . (ыстық).
7. Жері байдың - .............. (елі бай).
Үй тапсырмасы бағаланады.
Жаңа сабаққа шығу үшін оқушылар табиға туралы слайд көріп, өлең тыңдайды.
-Балалар мына өлеңді мұқият тыңдап мағынасын түсінуге тырысыңдар және мына презентацияға қарап естеріңе сақтап отырыңдар.
-Балалар презентатцияны көрдіңдер өлеңді тыңдадыңдар осы не туралы болды, өлеңде не туралы айтылған не туралы слайд көрдіңдер?
Балалар: -Тау, су, көл өзен, өсімдік, жануарлар туралы болды,
Осы айтқандарыңды біз бір сөзбен қалай айтамыз
Балалар: -Табиғат!-деп айтады.
-Біздің айтқан мақал-мәтелдеріміз не туралы еді?
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстанның табиғаты»- деп аталады.
Сабақтың мақсаты: балалар бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
Жаңа сөздермен жұмыс:
Мекендейді-обитают
тығыз байланысты- тесна связанно
ластамай- не загрезняя
қорғау- охранять, защищать.
Бұлан-лось
Үкі-сова
Қарсақ- степная лисица
Сөз тіркестер құрастырамыз
Сын есім+зат есім
Зат есім+етістік
Септіктермен жұмыс
Тақтада табиғатқа қатысты суреттер ілініп тұрады Мысалы: бұлан, үкі, аққу, қарсақ. т б, суреттін артында бір септік атауы жазылған, балалар сол суретті алып суретке қарап сол сөзді септейді.сөл суреттерде жаңа сөздің суреттері де бар.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлінген, әр топта 5 баладан,бір мәнінді 3 бөлікке бөліп әр топқа беріледі, оқушылар оқып танысады түсінуге тырысады.Сосын әр топтан 2 бала шығып басқа топтарға барып сол топтың мәтінімен танысып түсініп өз топтарына қайтып оралады, алған мәліметті ортаға салады бір тұрас мәтін жинайды.
Осы мәтіннен түсінгендеріңді қағаз бетіне түсіресіңдер.
кластер жасап оны қорғайды.
Мәтінге диолог құрастарады, 2 сұрақ, жауап.

1 топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар өзен-көлдері бар жерлер көп. Қазақстан жерін 10% таулар алып жатыр. Іле Алатау, Қаратау, Алтай, Баянауыл, Тарбағатай таулары бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай қорғайық.

2 топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар өзен-көлдері бар жерлер көп.Өзендері: Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық. Көлдері: Балқаш, Зайсаң,Алакөл, Марқакөл,т.б. Каспи және Аал теңізі де бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай қорғайық.
3 топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстанның орманды жерлерінде алуан түрлі жануарлар, құстар, жәндіктер мекендейді. Жануарлары: бұлан, қарсақ, қоян, барс, т.б. Құстары: үкі аққу, бүркіт. т.б.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай қорғайық.

Сергіру сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
5 жолды өлең жазу
1 Зат есім
2 2 сын есім
3 3 етістік
4 сөйлем
5 синоним-ассоцияция
Қорытынды:
Сабақ сендерге ұнады ма?
Қандай тапсырмалар ұнады сендерге?

Табиғатқа тілектер
Ватманға ағаштың суретін саламын сол ағашқа балалар өз тілектерін жасыл жапыраққа жазып жапсырамыз.
Ыстық орындық ойыны.
Әр топтан кезек- кезек бір оқушы шығады, басқа топ оқушылары өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Қорытынды: сабақтта бүгін не өттік?
Мақсатымызға жеттік пе?

Бағалау.Топ басшысы бағалау парағына әр тапсырмадан алған бағаларын жазып сабақтың соңында қорытынды бағасын қояды, қойған бағаларын оқып шығады.
Үй жұмысы:ІІІ деңгей.
Жаңа сөздерді жаттау, сөз тіркестерін құрастыру.
ІІ деңгей.
Диалог құрастыру, табиғат сөзін септеу.
І деңгей.
Табиғат туралы шағын шығарма жазу.