Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
(министрліктің немесе ведомствоның атауы)
Шымкент қаласы
«№ 26 Жамбыл атындағы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(білім беру ұйымының атауы)
АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
Аблязова Гульжахан Карыбаевна
(тегі, аты, әкесінің аты)
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (I санатты)
(санатта көрсетілген лауазымы)
Туған күні, айы, жылы: 20 мамыр 1971 жыл
Ұлты: қазақ
Педагогикалық өтілі: 22 жыл
Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек өтілі: 22 жыл
Аталған білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі: 22 жыл
Қандай оқу орнын бітірді және қашан, алған мамандығы мен біліктілігі: 1. Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті; 2. Шымкент қаласы, Қазақстан халықтар достығы университеті, қазақ тілі мен әдебиеті.
Біліктілігін арттыру туралы мәлімет: ОҚ облыстық педагог кадрларды қайта даярлау және үздіксіз білім беру институты (31 наурыз 2000 жыл, 14 ақпан 2004 жыл, 19 маусым 2010 жыл); «Интерактивті тақтаны оқу процесінде қолданудың тиімді тәсілдері» курс
(26 маусым 2010 жыл).
Мерзімі, атауы, өту орны: қазақ тілі мен әдебиеті бойынша
Куәліктің № 025631; 0019600; 0019109
Наградалары, атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі: қалалық білім бөлімінің Құрмет және Мақтау қағаздары; Қазақстан халықтар достығы университетінің Алғыс хаты.
Жұмысы туралы пікір: Аблязова Гульжахан Карыбаевна өз мамандығының шебері, білікті ұстаз.
22 жыл ұстаздық жолында жас ұрпақтың азаматтық тұлғаларын қалыптастыруда, еліміздің болашағын көтеруде қосқан үлесі орасан үлкен.
«Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – білім процесінің басты сапа ресурсы» тақырыбында өткізілген ғылыми – практикалық конференцияда құнды баяндама жасап, тәжірибесін көпшілікке жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін жүлделі III орынмен марапатталды.
5 – 9 сыныптар аралығында өтетін шешендік өнер, абайтану, сөз өнері курстары бойынша авторлық бағдарламаны өте жоғары деңгейде құрып, облыс көлемінде таратты.
«Оңтүстік Қазақстан» газетінде «Тайталасқа түскен тағдыр» мақаласы (24 мамыр 2012 жыл); «Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми – әдістемелік журналында «Үміт үзгім келмейді» хикаят – монологының идеялық – тақырыптық ерекшелігі» мақаласы (№6, 2012 жыл); ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Білім жүйесіндегі инновациялық және ақпараттық технологияның дамуы – мамандар дайындаудың негізгі сапасы» аттыхалықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның еңбектер жинағына «Қорқыт мұраларының оқытылуы» атты мақаласы (2011 жылы), «Қазақтану» халықаралық ғылыми журналдарында (№1 (22), 2012 жыл) мақалалары жарық көрді.
Мектепте қалалық, облыстық семинарларда өзіндік жаңа технология үрдісінде өткізген «Қазақ шешендік өнеріндегі Жиренше бейнесі», «Жыраулар поэзиясынан өткенді қайталау», «Бұқар жыраудың даналық сөздері» тақырыптарындағы сабақтары жоғары кәсіби шеберлік-пен ерекшеленген.
2013 – 2014 оқу жылында ОҚ облыстық педагог кадрларды қайта даярлау және үздіксіз білім беру институтымен келісім – шартқа отырып, облыс көлемінде өз іс – тәжірибесін таратты.
2013 жылы «Ілияс оқулары» атты қалалық оқуларында оқушылары Қайырбекова Әсем жүлделі II орынды, 2014 жылы «Махамбет оқуларында» Мақұлбек Дәуіржан II орынды иеленді.
№ 26 Жамбыл атындағы
мектеп - гимназиясы
СӨЗ ӨНЕРІ
(таңдау курсы)
Сынып – 5
Сағаты – 1
Жылдық сағаты – 34
Бағдарламаны құрастырған қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Аблязова Г.К.
2014 – 2015 оқу жылы
Келісілген Бекітемін
Директордың ғылыми – әдістемелік Мектеп директоры:
істер жөніндегі орынбасары: ............... Қ.Ү.Налиханова
...........Қалтаева Ж. 01.09.2014 жыл.
«Сөз мерген» үйірмесінің қатысушылары
Аты-жөні сынып
1
Бойко Анастасия
5 «б»
2
Ганн Галина
5 «б»
3
Жуков Кирилл
5 «б»
4
Насыров Таир
5 «б»
5
Сыздыкова Рената
5 «б»
6
Штоль Никита
5 «б»
«Сөз мерген» үйірмесінің маңыздылығы:
Мемлекеттік стандартты оқыту бағдарламасының тақырыптарындағы
білімді басшылыққа ала отырып, таңдалған курс тақырыбын оқытудың маңызы өте зор.
Оқушылар әдебиет теориясынан мағлұмат ала отырып, қоғамдық ой-санада орын алған елеулі өзгерістерге орай көркем әдебиетке, тарихи-әдеби процеске көзқарас та мүлде жаңа арнаға түскен қазіргі кезеңде ғылыми-теориялық ұғым-түсініктерді, терминдерді ажырата және талдай білудің маңыздылығын ұғынады.
Үйірмені оқыту әдістері мен түрлері:
Жаттығу жұмыстары
Көркем шығармаға талдау
Зерттеу жұмыстарын жүргізу
Өз бетінше іздену жұмыстары
Білімді тексеру мен қорытындылау
Оқыту құралдары:
Үйірменің мазмұны:
Мақсаты:
Әдебиеттану саласындағы ғылыми ұғымдар мен терминдер жөнінде түсініктер беру;
Ана тіліміздің сан салалы бай арналарының ең өрісті әрі өнімдісі әдеби тіл туралы түсініктерін қалыптастыру;
Жалпыхалықтық тіліміздің байлығы қандай шексіз мол болса, қазақтың әдеби тілі, өлең тілі қандай кемелденген, бейнелі, оралымды келсе, ғылыми тіліміздің байлығы да толысу, шыңдалу мүмкіндіктері де сондай орасан зор екендігін жете түсіндіру;
Болашақ мамандықты таңдаудағы жауапкершілігін арттыру.
Міндеттері:
Термин дегеніміз, былайша қарағанда, бір ұғымды ғана білдіретін не бір нәрсенің атауы сияқты сөз болып көрінуі мүмкін. Ал бірақ сол ұғымның өзі, мысалы, көркем өнер, ауыз әдебиеті, лирика, жыр, роман, айтыс, ақын, жыршы деген сияқты терминдердің қайсысын алсақ та, жүздеген әдеби шығармаларды қамтитын немесе бір халықтың әдебиетіндегі үлкен бір ерекшелікті таныта-тындығын ұғындыру;
Әрбір ұғымға ғылыми анықтама беру үшін оның жүйесін табу қажеттілігін сезіндіру;
Сөз зергерлері шығармаларының мазмұнын ұғындыру, өзінше ой түюге баулу,
көркем шығармаға тақырыптық және мазмұндық талдау жасай білу, бас кейіпкер характерін аша алу, шығармашылыққа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін қалыптастыру.
I тоқсан (9 сағат)
-
№
Тақырыптары
сағат саны
мерзімі
жоспар
бойынша
нақты
1.
Кіріспе. Сөз өнері туралы сөз
1
6.09.13
2.
Сөз өнері жайлы ғылым
1
13.09.13
3.
Сөзбен сомдалған тұлға
1
20.09.13
4.
Көркем образ
1
27.09.13
5.
Мінез деген не?
1
4.10.13
6.
Портрет туралы түсінік
1
11.10.13
7.
Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы
1
18.10.13
8.
Сюжет. Композиция
25.10.13
9.
Қорытынды сабақ
1
1.11.13
II тоқсан (7 сағат)
-
№
Тақырыптары
сағат саны
мерзімі
жоспар
бойынша
нақты
1.
Троп және оның түрлері. Метафора. Эпитет
1
15.11.13
2.
Метонимия. Синекдоха
1
22.11.13
3.
Кейіптеу туралы
1
29.11.13
4.
Теңеу мен метафораның ұқсастығы
1
6.12.13
5.
Троптан өткенді қайталау
1
13.12.13
6.
Сөз образдарына талдау
1
20.12.13
7.
Қорытынды сабақ
1
27.12.13
III тоқсан (10 сағат)
-
№
Тақырыптары
сағат саны
мерзімі
жоспар
бойынша
нақты
1.
Фигура (айшықтау) және оның түрлері. Қайталау (анафора, эпифора)
1
10.01.14
2.
Аллитерация. Ассонанс
1
17.01.14
3.
Синтаксистік параллелизм
1
24.01.14
4.
Дамыту (градация)
1
31.01.14
5.
Риторикалық сұрақтар
1
7.02.14
6.
Фигурадан өткенді қайталау
1
14.02.14
7.
Сөз образдарына талдау
1
21.02.14
8.
Ұйқас және оның түрлері
1
28.02.14
9.
Пейзаж
1
7.03.14
10.
Қорытынды сабақ
1
14.03.14
IV тоқсан (8 сағат)
-
№
Тақырыптары
сағат саны
мерзімі
жоспар
бойынша
нақты
1.
Гипербола. Литота
1
10.01.14
2.
Мысал туралы
1
17.01.14
3.
Өлең құрылысы туралы
1
24.01.14
4.
Монолог пен диалог
1
31.01.14
5.
Әңгіме, повесть, роман туралы мәлімет
1
7.02.14
6.
Тест. Бақылау жұмысы
1
14.02.14
7.
Жыл бойы өткенді қайталау
1
21.02.14
8.
Қорытынды сабақ
1
28.02.14
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
З.Ахметов, Т.Шаңбаев «Әдебиеттану», Алматы қаласы, «Ана тілі» баспасы, 1998 жыл
З.Қабдолов «Сөз өнері», Алматы қаласы, «Қазақ университеті» баспасы, 1992 жыл
Интернет материалдары
Ғылыми – танымдық журналдар
«Бес ғасыр жырлайды», I, II, III томдары
Баспасөз деректері
Қ.Әбдібекқызы «Көркем шығарманы талдау», Алматы қаласы, «Рауан» баспасы, 1994 жыл