10 сыныпқа араналаған қмж

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: С. Аронұлы «Бала Жамбылға бата», «Үмбетәліге» өлеңдері

Мақсаты: Сүйінбай Аронұлының «Бала Жамбылға бата», «Үмбетәліге» атты өлеңдері жайлы түсінік беру.

Негізгі дерек көздер: Оқулық 10 сынып қазақ әдебиеті, интербелсенді тақта, суреттер, стикер, маркер, үлестірмелі парақшалар. Оқып-үйренудің нәтижесі : Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары қалыптасады, көшбасшылықты көрсетеді



Кіріспе


Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру. Ұйымдастыру. «Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қою:
1.Сүйінбай Аронұлының туған жері, өскен ортасы. 2.Ақынға ақындық, шешендік қайдан дамыған, қалай ойлайсыңдар? 3.Ақынның жастайынан жетім қалып, көп қиындық көргені туралы не білесің?

Шаттық шеңберіне тұрып, әр оқушы қасындағы досына жақсы тілек айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Интербелсенді тақта, суреттер топтамасы.

Формативті бағалау

Таныстырылым

Мағынаны тану. Сүйінбайдың шығармашылығында арнау өлеңдер қомақты орын алады. Оның «Үмбетәліге» сияқты өлеңі арқылы ол сол кездегі «атқамінерлердің», төрелердің әділетсіздігі, жағымпаздығы, қарапайым халыққа жасаған қиянаттарын, тайсалмай беттеріне шыжғырып, басып айтады. Бір ғасыр бойы өмір сүрген жыр алыбы Жамбыл атамыз да осы Сүйінбайдың ақындығына тәнті болып, іздеп барып жыраудың батасын алған. Жамбыл Сүйекеңді ұстазым деп пір тұтқып, оның бағасын:
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай... – деп берген
.

Тақырыппен танысып, өз ойларын ортаға салады.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңге талдау жасайды.

Интербелсенді тақта, стикер.

Әр жауаптарын бір-бірін бағдаршам арқылы бағалату

Негізгі бөлім

«Кім білімпаз?»
1. «Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп бағалаған жазушы.
2. Сүйінбайдың ең алғашқы өлеңі қалай аталады?
3. Сүйінбай неше жасында елге ақын ретінде танылды?
4. Сүйінбай ең алғаш рет немен айтысқа түсті?
5. “Менің пірім – Сүйінбай” деп Сүйінбайдың ақындығына тәнті болған кім екенін табыңыз.
6. Сүйінбай шығармашылығында қомақты орын алатын қандай өлеңдер? «Бір айналым сөйлесу» әдісі бойынша оқушылар өтілген тақырып бойынша өз ойларын бір сөйлеммен жеткізеді.

«Кім білімпаз?» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

«Бір айналым сөйлесу» әдісі бойынша оқушылар өтілген тақырып бойынша өз ойларын бір сөйлеммен жеткізеді.

Интербелсенді тақта, смайликтер, маркер, флипчарт, стикер.

Әр топ бірін-бірі критерилер арқылы бағалайды .

Қорытынды




Кері байланыс Бағалау Үйге тапсырма. Эссе “Сүйінбай – қазақ халқының мақтанышы”

Кері байланыс орнатады. Жаңа сабақты қорытындылау үшін сұрақтарға жауап береді. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Интербелсенді тақта

Өздерін өздері бағалау.

Тексерілді: