Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері ғылыми жоба

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





Мазмұны


КІРІСПЕ 3

1.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі 6

1.2 Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі 7


2.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫМДЫЛЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҰҚСАСТЫҒЫ

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру 13

2.2 Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық

сипаттары 20

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары 20


ҚОРЫТЫНДЫ 25


ГЛОССАРИЙ 27


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28


ҚОСЫМША













Андатпа

46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің 7 «Б» сынып оқушысы Нариман Толғанайдың «Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері» атты ғылыми жобасы ағылшын және қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауға, оларды жасалу жолдарына қарай жан-жақты зерттеуге, топтастыруға арналған.

Зерттеу жұмысының мақсаты: қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұнындағы ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.

Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары өз дәрежесінде зерттелініп, талқыланып, халыққа таныстырылса, онда мақал-мәтелдердің тілдерімізді құнарландырудағы орны айқындалып, олардың мән-маңызы артар еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Мақал-мәтелдердің екі тілдегі өзіндік ерекшеліктері айқындалып, ғылыми айналымдағы зерттеу жұмысы тереңдей түсті.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу материалдары орта мектептің ағылшын тілі пәні сабақтарында қолданылып, ол туралы тереңірек зерттеуде пайдалануға ұсынылады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

  • Мақал-мтелдердің ағылшын және қазақа тілдеріндегі ерекшеліктері алғаш рет тереңінен сипатталып қарастырылды;

  • Оның мағыналық, мазмұндық ерекшеліктері көрсетілді;

Жұмыстың орындалу әдістері. Дербес ақпараттармен танысу, жинақтау, жүйелеу, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, іріктеу, тұжырымдау.


Кіріспе


Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологазмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

1) Make hay while the sun shines-

Темірді қызғанда соқ.

2) Let sleeping dogs lie –

Жатқан жыланның қүйрығын баспа.

2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу;

1)Never say die - Салық сұра кетпесін.

2)Don't count your chickens before they are hatced -

Тігілмеген етігіңді мақтама,

орылмаған етігіңді ақтама.

3. Шартты райлы сөйлем түрінде:

1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар.

2)If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.

Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.

Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.

Мысал:

«Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырысы кеткеннің, иті үры

кеткен соң үреді»

Business before pleasure

Еңбек түбі-бейнет,

Бейнет түбі-зейнет.

East or West, home is best

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Great boast, small roast

Сөзге көп-іске жоқ.

No sweet with out some sweat

Жылай-жылай жер қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.


Жұмыстың мақсаты: қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұнындағы ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.

Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

Міндеттері:

- қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуіне тоқтау;

- ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін айқындау және оларды топтастыру;

- ағылшын және қазақ мақал - мәтелдеріне этнолингвистикалық

сипаттама беру;

  • қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары







1.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


    1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі


Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,

т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.

Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.


    1. Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі


Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes", 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia Anglo-Latina", 1640 жылы Дж. Хербергтің "Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж. Хауэльдің "Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің 'English Proverbs" атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right (с.с.а.: Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһе сustоmег іs аlways гіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы "авторлы" тіркестердің мол қоры бар.

Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.

Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен, ақылғөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады./ 1/

Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады.

"Тһеге іs а timе оf еvегуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар).

Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен.

Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " То еvегуthing tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе һеаvеn". (с.с.а.: Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген./9/

Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.

Мысалы, " Таке саrе оf реnсе апd the роunds will tаке саrе оf thеmsеlvеs" (с.с.а.: Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.

Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Маппеrs таке the тап", Маппеrs таке thе тап" (с.с.а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты калыптаскдн. Әсіресе, ХІV ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты.

Мысалы,Good таппеss таке the а тап.

Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; If yои sit bу worthier тап thап thуsеlf аrt опе, Suffеr hіт fіrst tо tоисһ thе теаt (с.с.а.: Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш) т.б.

"Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал. қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне карамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қаздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. ...


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Иностранные языки в школе//2005

2. Мақал – мәтелдерде ағылшын сабағына қолдану// Иностранные языки в школе, 2005, 3

3. Smith W. С, Сowie А.Р., Маскіn Rаnd Мс.Саіg І.К., Тауlог А., Whiting В.J., Seidi J., Мс Моrdiе W., Ridout R. Аnd Witting С, Аррегsоn G. L., Lindа аnd Rоgеr Ғlаvеll, А.В. Куниннің сөздіктері мен көркем әдеби шығармалары қолданылды.

4. Жүсіпова Р.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал – мәтелдердің синонимдік мәні// Қаз ҰУ Хабаршысы – Филология сериясы // N 3- 2003

5. Аргингазина Ш.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика – семантикалық сипаты// Алматы – 2004

6. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің синонимдігі// АГУ им. Казахстанская филология: проблемы и перспективы. – Алматы – 2002

7. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі кейбір ұқсастықтар туралы // Қазақстан

мектебі – 2001, N 3

8. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі сөздіктер, 2001

9. Адамбаев Б. Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық және мағыналық ұқсастықтары //Алматы-1996, 17 б.

10. Словарь употребительских английских пословиц//Москва-1985

11. Иманбаева К. Мақал-мәтелдерді қолдану//Ағылшын тілі мектепте,

2006,№ 3

12. Жабықбаев М.Қ. Мақал – мәтелдерді ағылшын сабағында

пайдалану//Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері// № 3, 2005

13. Кеңесбаев I. - Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер.- Алматы: Ғылым, 1987. - Б.22.

14. Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. Воронеж: Изд-во Воронежского университета,1989. -192 с.

15. Сәтенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты: Докт.дисс. Алматы, 1997. -260 б.

16. Айтбаев Ә.Ө. «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» - Алматы: Ғылым, 1975. -14 б.

17. Современный русский язык.(Под ред. Д. Э. Розенталя)- М.: Высшая школа, 1979.-С. 56)

18. Сәрсенбаев Мақал – мәтелдердің аударылуы//Алматы-1998-177

19. Бейсенов Қ. Қазақ топырағыңда қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістері. Алматы: Ғылым, 1994. -168 б.

20. Морозова Л.А. Художественные формы пословиц // Вопросы жанров русского фольклора. Москва: Изд-во Московского университа,1972. -с.3-16.

21.А.В. Кунин Мақал – мәтелдердің құрылымдық-мағыналық ерекшеліктеріндегі "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер//М., 1981-77

22. Пермяков Г.Л. Пословицы и поговорки народов Востока. Москва: Наука, 1979. -671 с.

ҚОСЫМША


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында;

Сырты жалтырауықтыц іші калтырауық

As the fool thinks, so the bell clinks

Жарымға жаза жок, Жындыға сот жоқ

At open doors dogs come in

Ашық тұрған есіктен ит те кіреді,

мысық та кіреді

The belly has no ears;

hungry bellifes have no ears

Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

Тоқ бала еш нәрсені ойламайды.

Қарны аштың — құлағы керең

Blind men can (should) judge no colours

Соқыр адам бояу ажыратпас

Blushing is virtue's colour

Ұялу — сыпайылык белгісі


































Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!