Технологическая карта по казахскому языку на тему Дос болайық бәріміз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Технологическая карта организованной учебной деятельности

для подготовительной группы.

Білім беру аймағы/Образовательная области: Қатынас

Бөлімдер/Разделы: қазақ тілі

Тақырыбы/Тема: Дос болайық бәріміз

Мақсаты/Цель:

-балалардың дос туралы білімдерін бекіту;

-танымдық білімдерін кеңейту;

-ойын – тапсырма арқылы балалардың сөздік қорын байыту;

-сөйлеу белсенділігін артттыру;

-қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту;

Сөздік жұмысы/Словарная работа:

дос, достық, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, апта күндері, мейірімді,

адал, жақсы.



Іс- әрекет кезеңдері

Этапы деятельности


Тәрбиешінің іс- әрекеті

Действия воспитателя

Балалардың іс-әрекеті

Действия детей




Мотивациялық- танымдық

Мотивационно- побудительный





1, 2, 3

Біз жинаймыз күш

Терезені ашамыз

Таза ауа жұтамыз

1, 2, 3

Отырамыз тып- тыныш.


Балалар қимылдарды қайталайды.






Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Организационно- поисковый



















Балалар, бүгінгі іс- әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз.

Бірақ немен, қалай барамыз? Балалар, мен білдім. Маған кеше бір қайырымды адам қорап жіберіп еді, мен бірақ ашып көрген жоқпын. Мүмкін бізге көмектесетін зат болуы мүмкін. Бұл қорапты ашу үшін ең алдымен сұрақтарға жауап беруіміз керек.

Сұрақтар:

  1. Қазір қай жыл мезгілі?

  2. Күз айларын атаңдар.

  3. Күзде қандай өзгерістер болады?

Жарайсыңдар, балалар, жауабын дұрыс таптыңдар. Енді қораптың аузы ашылатын болды. Балалар, қорапта бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Бұл қарындаш жай қарындаш емес – «Сиқырлы қарындаш».

Саяхатқа аттанбас бұрын «Менің көңіл-күйім» ойынын ойнайық.

Балалар, беттеріңді қолмен жауып, берілген көңіл- күйді көрсетіңдер.

- Шоколад жедіңдер.

- Лимонды жеп көрдіңдер.

- Достарыңды көрдіңдер.

- Анамыз көңілсіз.

- Досың сыйлық сыйлады.

- Сендерді жазалады.

- Сендерге достарың күлімдеді.


Жарайсыңдар, балалар. Достарың туралы айтқанда сендердің көңіл- күйлерің көтеріңкі болды.


Ал, енді, барлығымыз саяхатқа шығайық.


Барлығымыз көзімізді жұмайық. 1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді қоянның үйіне апар.


Қоянға апта күндерін рет- ретімен қоюға көмектесейік.



Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.


1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді аюдың үйіне апар.


Аю бізбен «Жақсы- жаман» ойынын ойнағысы келеді.


Ұрысу, басқаларға көмектесу, төбелесу, амандасу, мейірімді болу.


Сергіту сәті: «Аю отыр партада»


Саяхатымызды жалғастырайық.


1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді мысықтың үйіне апар.


Балалар, мысық дос қандай болу керек екенін білмейді екен. Оған көмектесейікші.


Дос



Сұрақтарға жауап береді.






































Балалар көңіл- күйлерін көрсетеді.



















Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.











Ісі жақсы болса, қолдарын көтереді. Егер жаман болса, үндемей отырады.


Балалар қимылдарды қайталайды.









Кластерді толтырады.




Рефлекстік-үйлесімділік

Рефлексивно- корректирующий





Сергіту сәті: «Достар бірге жүреміз»

- Өте жақсы балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

- Балалар күлімдеп тұрған смайлікті алып, үйшіктердің айналасына жасырыңдар.

Әрдайым біз достарымызбен күлімдеп жүрейік.


Балалар қимылдарды қайталайды.






Балалар смайликтерді жабыстырады.

[pic] [pic] [pic] [pic]

Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:

Білуі:

-тақырыпқа лайық сөздерді,сөз тіркестеріді білу;

Болуы:

-досқа деген сүйіспеншілік сезімдері болуы.

Істей білуі:

-Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық , дұрыс айта білу.