9-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары
9 сынып
Мазмұндама
Ақыл, Ғылым, Бақыт.
Ақыл, Ғылым, Бақыт – үшеуі бір- бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті.
Сарапшылар оларға былай депті:
Бірінші – Бақытқа: сен тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің.Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың,- депті.
Екінші – Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен берік, сонда абыроймен ұзақ жасайсың,- депті.
Үшінші – Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ, бірақ ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп, шығасың да кетесің. Ашу бүлдіріп – бүлдіріп кеткен соң кіресің де, ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, ашу сенің үстіңе кірмейтін болар еді.
- Барыңдар, Ақыл, сен адам бол, Ғылым, сен ат бол, Бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең, ешбір мұң- мұқтаждарың болмайды, -депті.(30 ұпай)
Тест сұрақтары
Сөйлемдерден антонимдерді табыңыз.
а) Тау жақтан құлаған судай гүрілдеді.
ә) Алыстағы жалғыз дөңгелек айнала бастады, жел күшейді.
б) Айналмаған аттар жеңіліп, ұзын, қысқа шыбықтар шарт ете түсті.
в) Күн көкжиектен көтеріле бастады, айнала шуаққа бөленді.
г) Тынып жатқан шаң аспанға баудақтады.
Мақалды аяқтаңыз:
Білекті бірді жығар ... .
а) қызыл тіл
ә) білімді мыңды жығар
б) білім басқа бітеді
в) білім тозбайды
г) оқусыз білім жоқ
Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) аузын ашу
ә) жұмған көз
б) жұмған аузын ашпау
в) көзі ашық
г) үндемеу
Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.
Ол Анардың әжесінен үйренді.
а) толықтауыш, пысықтауыш
ә) анықтауыш, толықтауыш
б) пысықтауыш, анықтауыш
в) мезгіл пысықтауыш
г) мекен пысықтауыш
Толықтырыңыз:
«Күзде күн ...».
а) қысқарады
ә) жаңбыр жаумайды
б) теңеледі
в) ұзарады
г) ыстық
Үш буынды сөзді көрсетіңіз.
а) сезімтал
ә) мерекелерімен
б) қамқорлыққа
в) отбасымызға
г) дәстүр
Тәуелдік жалғауы бар сөзді анықтаңыз.
а) айттым
ә) киімім
б) қамқоршымын
в) ойнады
г) анасың
Табыс септігінде тұрған негізгі зат есімді табыңыз.
а) жапырақты, табиғатты
ә) жапырақ, табиғат
б) жапырақпен, табиғатпен
в) жапыраққа, табиғатқа
«Ұстамды» сөзіне мәндес сөзді табыңыз.
а) тату
ә) шыдамды
б) сырқат
в) бауырмал
г) көңіл
Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.
а) Қазақстан бейбітшілік саясатын ұстанады.
ә) Саясатын Қазақстан ұстанады бейбітшілік.
б) Ұстанады Қазақстан бейбітшілік саясатын.
в) Бейбітшілік ұстанады Қазақстан саясатын.
г) Қазақстан бейбітшілік ұстанады саясатын. (20 ұпай)