Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 7.10.2016

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру. Ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәліметтер беру. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі адамның, ер жігіттің сенімді серігі – бәйге атының сыны мен бағасының берілуі

Дамытушылық:Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбилілік:Ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету. Ақын шығармалары арқылы балалар бойына адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге үлес қосу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, мәнерлеп оқу, лингвистикалық түсіндірмелі оқыту, сұхбат жүргізу
Көрнекілігі:
Абайдың портреті, интерактивті тақта, тақырып бойынша слайдтар.
Пәнаралық байланыс: саз өнері, қазақ тілі

Көрнекілігі: Ақын портреті, кітаптар, көрнекі кеспе қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман» адам қасиеттері

ІІІ.Жаңа тақырып. Абай Құнанбайұлы (1845-1904) «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»



ІV.Оқулықпен жұмыс.

Қазақтың дарқан даласында батырларымыздың мінсе –көлігі, жауға шапса –серігі, ашықса-азығы болған, шаршаса-жалын төсеген қазанаты, шапқанда шашасына шаң жұқтырмас тұлпарлары болған. Абай осындай қасиетті жануарға айтқан сын –пікірін өлеңнен оқып көрелік.

Оқулықтан «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ » өлеңін мәнерлеп оқу.

  • Қой мойын – қысқа мойын,созып шапқанда талмайды.

  • Қоян жақ – етсіз жеңіл бас, мойынға салмақ түсіріп шаршатпайды.

  • Бөкен қабақ – қалың қабақ, егескенде есе бермейді.

  • Үңірейген сағақ – кең сағақ, дем алуға жақсы.

  • Теке мұрын – ауаны сирек әрі мол алады.

  • Омыраулы, салқын төс – кеудесі кең

  • Жұмыр тұяқ – қанша шапса да қызбайды, тұяғы қызған ат шаба алмайды.

  • Шынтағы қабырғадан аулақ тұру – өкпені қыспайды.

  • Жерсоғырлы, сіңірлі аяқ тік, бота тірсек – серпімді,өзге аттың екі аттағанын бір – ақ аттайды.

Өлең құрылысына талдау: (дәптермен жұмыс)

  • Өлеңнің тақырыбы :жылқы малы жайлы айтылған.

  • Өлеңнің идеясы : жылқы малының қазақ халқының өміріндегі маңыздылығы

  • Тармақ: 4 тармақтан

  • Буын: 11буыннан

  • Бунақ: 3 бунақтан тұрады

  • Ұйқас түрі: (а,а,б,а) қара өлең ұйқасын құрайды.

Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп, жаз. Осы сөздерге сұрақ қой

Сұрағы: не? Қай сөз табына жатады

Сөз табы: зат есім

«Бес жолды өлең» (жаңа сабаққа байланысты бес жолдан тұратын қорытынды шығару)

кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, тіс, қабырға, жота, омырау, төс, бақай, тұяқ, шынтақ, аяқ, жауырын, сауыр, мықын, құйрық, қыл, ұршық, сан, бауыр, тірсек (шідерлі), көз

1. Кім? Не? Абай

 2. Қандай? Ақылды, зерек

 3. Не істеді? Оқыды, жазды, қалдырды

 4. Сөйлем Абай қазақтың ұлы ақыны

 5. Синоним Абай — ақын

СӨЗМАРЖАН.

Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы.

Жерсоғар – ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелігі.

Ашамайлы – ашамай салынған деген мағынада.

Ашамай – атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы мағынада: арса-арса болған, арбиған.

Шідерлік – аттың сирағының шідер салатын жері.

Шідер – аттың сирағының екі аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау.


V.Сабақты бекіту. Топтастыру.




[pic]





VІ.Үй тапсырмасы:

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ » өлеңін жаттау.

Өз көкейлеріндегі жылқының суретін салу.