Қазақ әдебиеті 5- сынып Тақырыбы: Жұмбақ, жаңылтпаштар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Орал қ.

34 А.Тайманов ат. мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

А.Ж.Утегалиева

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ, жаңылтпаштар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жұмбақ, жаңылтпаштар туралы әдеби білім беру, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу мен оқу, талдау машығын қалыптастыру

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал – тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі кәртішкелер;

Үй тапсырмасын тексеру:

«Ойлан, тап»

1. Берілген мақал-мәтелдің екінші сыңарын жаз.

Жүз теңгең болғанша,

Жүздің атын білгенше,

Жеті атасын білген ер,

2. Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тап.

Қызға үйден тыю.

ала болса, ауыздағы кетеді.

3. Ер жігіттің сөйлегені өлгені.

Білекті жығар, білімді жығар.

Көппен көрген............

Білімді өлсе қағазда аты қалар,

......................................................

Көп сөз –көмір, ..... .......- ........

Баланың бас ұстазы- ......- ........

I Ой қозғау «Құпия сөздің кілтін аш» ойыны

Iнұсқа

Сандықтың ішіне нені тығып ұстай алмайсың (жарық)

Сен жоғалтсаң, сен іздеп таба алмайтын,

Мен жоғалтсам мен іздеп таба алмайтын

Ол не? (уақыт)

Көппен бөліскен сайын көбейер. Ол не? (ой)

Әпкесі бауырына қонаққа барады, бауыры одан тығылып қалады (Ай мен Күн)

Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау (жұмыртқа)

Түпсіз терең тұңғиық,

Бүкіл әлем тұр сыйып (кітап)

Сағат сайын қағылады

Тек мектептен табылады (қоңырау)

Оқушыға күнде еріп,

Жүретін не? (күнделік)

Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран (42 әріп)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді (ұстаз)

Сөзден, сөз тіркесінен құраламын, Тиянақтап ойды тұра аламын. (сөйлем)

II нұсқаЖаңылтпаштарды оқып, мағынасына көңіл бөл

Жасыл көктем Жасыл жіппен Жақсы тіккен Жібек көрпе жамылдырды Жасыл өңге малындырды

Су бетінде сең келеді, Сол сеңге қай сең тең келеді? Тағы бір сең келеді Ол сең бұл сеңнен кем келеді.II Мағынаны таныту:

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан – жануарлар, адам оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені жұмбақтап, ұйқасын келтіріп құрастыруларыңа болады.

Жаңылтпаштар оқушының есте сақтау дағдысын, зейінін, жаңылмай айтуға тәрбиелейді.

Оқулықпен жұмыс: Жұмбақ, жаңылтпаштарды мәнерлеп оқу /тізбек бойынша/

Түсінік тексеру:

Жұмбақ дегеніміз не?

Жұмбақтар қалай пайда болған?

Жұмбақ болатын заттар нелер?

Жұмбақтардың тақырыбы қандай болады?

Жұмбақтарды қалай құрастыруға болады?


III. Ой қорыту:

ВЕНН

Жұмбақтар Жаңылтпаштар

Бағалау

Үй тапсырмасын беру.

1. Жұмбақ, жаңылтпаштар туралы түсінік

2.23-24 – беттегі жұмбақтарды жаттау.