Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Толағай»
Мақсаты: Білімділік- әдеби ертегі туралы түсінік беру, «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны, негізгі идеясымен таныстыру.
Дамытушылық –оқушылардың тіл байлығын арттыру,сөздік қорын молайту, әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге, өзіндік ойын дәлелдеуге, тұжырымдама жасауға үйрету.
Тәрбиелік- туған жерге, отанға деген патриоттық сезімдеріне әсер ету, сүйіспеншіліктерін арттыру, қайырымдылыққа, жанашырлыққа, рақымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі. Жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдер: топтастыру, салыстыру, талдау, ойқорыту, т.б.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд материалдары
Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру жұмыстары.
ІІ. Өткенді қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Эпиграф «Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясына
әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын»
Мұхтар Әуезов
Әбділда Тәжібаевтың өміріне шолу.
1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
- 1998 жылы 23 қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.
- Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы,, профессор.
- Республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.
- «Толағай» әдеби ертегісін1978 жылы жазған.
Әдеби ертегі туралы түсінік беру. Тақтаға жазу түрлерін.
Ертегі дегеніміз не? Ауыз әдебиетінде ертегінің неше түрі бар еді?
(сызбамен көрсету)
Қиял-ғажайып ертегі «Ер Төстік»
Шыншыл ертегі «Қырық өтірік»
Хайуанаттар туралы ертегі «Жеті лақ»
Әдеби ертегі Ә.Тәжібаев «Толағай»
Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атайды. Мысалы Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталатын Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.
Балалар, біз бұдан бұрын қандай көлемді тақырыптармен таныстық?
Осы тақырыптарды қаншалықты тереңірек меңгергенімізді тексеру үшін сөзжұмбақ шешіп көрелік.
Сөзжұмбақ шешу.
Ортадан қандай сөз пайда болды? Толағай. Олай болса, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Әбділда Тәжібаевтің «Толағай» әдеби ертегісі.
Суретін көрсету
«Толағай» әдеби ертегісінің сюжеттік жоспарын құру.
1.Дүниеге «алып болар» баланың келуі.
2.Толағайдың ер жетуі.
3.Алғашқы ерлік.
4.Алыптың жан күйзелісі.
5.Тау көтерген Толағай
6. Ер есімі ел есінде.
Ертегінің тақырыбы: Ерлік туралы
Идеясы: Батырлықты, ерлікті дәріптеу
Сәйкестендіру.
«Алып болар» деді Саржан
Толағайдың анасы Айсұлу
Жеті жаста деді үлкендер
Ұйқыдағы Толағайды «Ұйықта, қозым» садақ тартты
Толағайға мінездеме беру. Топтастыру- күшті, Толағай, рақымшыл, батыр, мерген, алып
Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.
Күшті.
Арқалады ауыр тауды,
Жаншып бара жатыр жанды.
Маңдайынан тер көл боп ақты,
Жеткенше дем алмайын деп,
Жарты жолда қалмайын деп,
Шаршаса да тоқтамапты.
Алып.
Арқаласа он баланы-
Қайыспайды қабырғасы.
Рақымшыл.
«Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын»
Мерген.
Аң аулауға – кең даладан,
Құтылмайды қашқан құлан.
Жалғыз толғап тартуынан,
Жан құтқырмас болды қыран.
Батыр.
«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,
Құйрығынан алды барып.
Таяқ құрлы көрмей тіпті,
Жолбарысты дөңгелетті.
Жанашыр.
Күйген жердің кірді жаны,
Шөлдегендер суға қанды.
Ауыл қайта ажарланды,
Тарқады елдің бір құмары.
Сергіту сәті.
Автор орындығы
Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы келеді.
(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
2. Алда-жалда жұрт қиналса сен не істер едің?
3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
4. Отаның үшін қызмет етесің бе?
Қорытынды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп жас ұрпаққа сенім артады.
[pic]
«Екі бетті күнделік» стратегиясы
Ертегіден алған әсерім
Өз пікірім
Бүгінгі бейбіт замандағы Толағайларымыздың қатарын кімдермен толықтырар едіңдер?
Толағай сияқты елінің халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, қазақстан атын әлемге паш ететін азамттар бар ма?
«Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді» деген мақал бүгінгі сабағымызға қорытынды болмақ. Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары – сендерсіңдер, ендеше осы атымызға лайық болайық.
Рефлексия:
«Бес саусақ» стратегиясы
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Өлеңнен өздеріңе ұнаған сюжеттен үзінді жаттап, суретін салу.