Сабақтың тақырыбы: Үтірдің қойылатын орындары
Білімділік мақсаты: Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын
жетілдіру, өз бетемен жұмыс істеуге дағдылан-
дыру. Сөйлем құрамында кездесетін тыныс
белгілерінің қызметі мен қолданылуын түсіндіру
дамытушылық мақсаты: Өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл
байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой
қорытуға дағдыландыру.
тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, Отансүйгіштікке
тәрбиелеу
Күтілетін нәтижелер: Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып,
өз бетінше ізденіп, қай кездерде үтір қойылатынын
түсінеді
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Қолданылатын әдістер: БЛУМ таксономиясы, оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, АКТ
Керекті жабдықтар: Оқулық, кесте, үлестірме парақтар, кеспеқағаздар,
мультипроектор, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу: Сыныптың оқушыларын 3 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау
Психологиялық дайындық
Абайдың 19 қарасөзі
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы А. Байтұрсынов былай деген екен: «Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау». Ал, тілдің осы қызметіне көмекші болатын басты құрал - тыныс белгілері десек артық айтпаған болар едік.
Білу
«Ой шақыру» стратегиясы Кластер құрастыру
Ұзақ өтілген тақырыптарды еске түсіру мақсатында оқушыларға сұрақ қою.
1. Қыстырма сөз дегеніміз не?
2. Қаратпа сөз дегеніміз не?
3. Одағай сөз дегеніміз не?
4. Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
5. Айқындауыш мүше дегеніміз не?
6. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
1. Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.
2. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір
Болашақтың жастары, біздер, Елімізді әлемге танытамыз.
3. Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір
Ағайындар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын!
4.Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір
Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел болып аттадық.
5. Одағайға байланысты қойылатын үтір.
Па, шіркін, қандай керемет қалалар!
6. Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір
Жыл сайынғы ел Президентінің халыққа арналған Жолдауы халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталады.
Түсіну
Тыныс белгілері мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған мәтіндегі сөйлемдерді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті, сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі мүмкін.
Сен, кітап болмаса, газет оқи тұр.
Сен кітап болмаса газет оқи тұр.
Қолдану
Үлестірме парақтармен жұмыс
«Қажетті тыныс белгісін қой» ойыны
1. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен, сан түрлі ұлттардан
құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты.
2. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі
белеске көтерілуде.
3. Мектеп оқушысы болсам да, Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімді қосқым
келеді.
4. Бүгінгі оқушылардың пікірталасқа қатысып, ойларын еркін білдіріп отырғанның
өзі тәуелсіздіктің арқасы.
1. Еліме пайдамды тигізіп, халқым үшін еңбек етсем, менде одан артық бақыт
болмас еді.
2. Ата-бабамыздың көздің қарашығындай сақтап келіп, ұрпағына аманат етіп
қалдырған кең байтақ жерімізді аялап, қастерлей білейік.
3. Біздердің деніміз сау, білімді болсақ, биік мақсатқа жете аламыз.
4. Елімізді әлемге таныту үшін, алдымен, жақсы білім алуымыз қажет.
1. Міне, Тәуелсіз Мемлекет атанғанына биыл 25 жыл толып отыр.
2. Әрине, бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ.
3. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке – ағамыздың қаншама көз жастары төгілді,
көптеген қан төгілді.
4. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз
бен бірлігіміздің туы.
1. Елбасымыз, Н. Ә. Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы.
2. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
3. Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың
ерік-жігері, ең алдымен, барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат
құруы.
4. Біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға
ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек.
Сергіту сәті
Кітаппен жұмыс
167- жаттығу
Оның бұйраланған көмірдей қара шашы, бидай өңі, қыр мұрыны, күлімсіреп қарайтын, бірақ отты жанары, ойшыл да бірбеткей мінезі бүгінгідей көз алдымда. Әрқайсымыз өз арманымызды, өз мұңымызды арқалап келеміз. Сол қыз мені жан тартып, аузындағысын жырып беріп жүретін.
Талдау
1. Бейнекөрініс негізінде шағын мәтін құрастырады
2. «Жіп иіру» ойыны
Берілген мәтінді мәнерлеп оқу (әр топтан бір оқушы қатысады)
1. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жет [link] ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас.
2. Сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толмақшы. Тарих таразысынан өлшесек бұл аз да емес, көп те емес. Біз өмірге тәуелсіздік алғаннан кейін келдік. Қазіргі уақытта жастарға барлық жағдай жасалған. Жастарға берілген мүмкіндікті пайдаланып, оқып, білім алуымыз керек. Тәуелсіздікті арқасында талай жетістікке жеттік. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан атты ел бүкіл шетелге танылды. Тіпті, болашақта Қытай, Америка, Ресей секілді алпауыт мемлекетке де айналуы мүмкін. Сондықтан тәуелсіздіктің қадірін түсінуіміз керек. Қолдағы бар алтынды бағалауымыз қажет.
3. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен, сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан — өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.
Жинақтау
Сызбаларды сөйлетейік
_______ , ____________
___________ , __________ , ______________
__________ , ___________ , _________ , ___________
«Айналмалы бекет» ойыны
Асық ойыны туралы әр топ не білетіні туралы өз ойларын ортаға салады.
Бағалау
Үйге тапсырма
168 – жаттығу
Рефлексия
Не білдім?
Не білгім келеді?