«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 121 Құсмұрын орта мектебі» ММ
Мемлекеттік тіл күніне арналған сыныптан іс-шара
Тақырыбы :
«Тілге құрмет- елге құрмет»
Мұғалім:Досова Г.Р.
2015-2016 о.ж.
Қайырлы күн !. Құрметті қонақтар, ұстаздар ,оқушылар !
Мемлекеттік тіл күніне арналған «Тілге құрмет-елге құрмет!» деген шарамызды бастаймыз!
Тіл –халық қазынасы , бабалар аманаты .Халықтың сақталуы – тіліне байланысты.Тіл халықтың жаны,сәні.Адамды мұратқа жеткізген- ана тілі мен ата дәстүрі.
Тіл байлығы –әр елдің мақтанышы.Ол –атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау,орман,тоғай, көлімізді.
Видеоролик.
1 .Монолог. «Менің Отаным.» оқитын Гочаров Дмитрий.
2 .Абай Құнанбаев. «Желсіз түнде жарық ай.» орындайтын Шумилова Вероника. Вероника мектеп бойынша Абай оқуының жүлдегері.
3 . «Мен қазақтың тілімін» . Сулейманова Зулихан 4 . «Армандастар» сөзін жазған Әлімқұлов , әнін шығарған Бейсеуов, орындайтын Тұрғынбаев Ілияс.
5 .Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Ана тілі» ,сахнаға Гончарова Аннаны шақырамыз.
6.Ысқақов. «Отан» оқитын Шумилова Вероника.
7 .Молдағалиев. «Астана». Горланова Лиана орындалуында.
8 .Театр көрінісі. Ыбырай Алтынсарин. «Әке мен бала.» Ойнайтын әртістер; әке-Алешин Максим, бала - Мурдабеков Имам, автор сөзін оқитын –Филатов Дмитрий.
9. Абай Қүнанбаев. «Көзімнің қарасы» . Орындайтын әнші Танатханов Асхат.
Жүргізушілер:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң , байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мемлекеттік тіл күніне арналған мерекеміз аяқталды. Келесі кездескенше! Білім жолындағы еңбектеріңіз жана берсін! Сау болыңыздар!