Б.АЛМАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
«ШЫҒЫСЫМ БАТЫС БОП КЕТТІ...»
(Батыс классиктері мен Абай поэзиясының үндестігі)
Өткізген:
Әбішева А.
2015-2016 оқу жылы
Шыңғыстауынан әлем биігіне көтерілген ұлы ақынның 170 жылдық мерейтойына арналып «Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп» атты апталықтың аясында өткізгелі отырған «Шығысым Батыс боп кетті...» атты танымдық кешке қош келдіңіздер!
Өткен ғасыр үн келеді алыстан,
Қоңыраулатып құлын-тайы жарысқан.
Үн қатады даналықтың тілімен,
Бабам менің мыңмен жалғыз алысқан.
Кінә қойма, мыңмен жалғыз алысқан!
Құдіретті үн естілді алыстан
Сол құдірет –
Адамзаттың Абайы
Кемеңгер де данышпан!
Тербеп жатқан атын қазақ даласы
Кемеңгердің келбетіне қарашы
Адамзатты жүгіндірген алдына
Құдіретті
Құнанбайдың баласы!
Кейінгі ұрпақ жырын жаттап қанықты,
Кім білмейді, Абай сынды алыпты?
Нұрын шашып, бағын ашып халықтың,
Қазақ атын бар әлемге танытты.
Иә, бүгінгі кештің тақырыбын «Әлем таныған Абай» деп алсақ та әсте қателеспейтін секілдіміз. «Абай – көркем ойдың әлемдік тұғырдағы құдіреті» Фредерико Майор
[link] , Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
«Пушкин де, Абай да ұлы жаңашылдар, сондықтан да олар ұлы өнеге, ортаймас үлгі қалдырды, бізді бүгінгі күнге дейін таңдай қақтырып, таң қалдырады.» (Мүслім Базарбаев)
«Шетелдікпен кездескен адам шетел тілін білмесе, әдетте сол елдің адамын атайды. Абай – осындай тұлға. Абай халқымен мақтанса, қазақ халқының Абаймен мақтануында осындай сыр бар»
(Тәкен Әлімқұлов)