Урок по английскому языку на тему Unit 1. Step 1. My generation (Youth group) (11 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітілді:______________

Оқу ісі жөніндегі орынбасары

Сабақ жоспары

11-сынып

Сабақтың аты

Unit 1. Time and youth

Step 1. My generation (1) Youth group

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

а)Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру, жастар тобы туралы ақпарат беру;

б) жастардың өмір сүру дәуіріне қарай музыка, киім кию, сеніміндегі айырмашылық-тарды ажырата білуге үйрету;

с)оқушыларды топпен жұмыс жасауға баулу.

Күтілетін нәтиже

а)Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысып, жастар тобы туралы білетін болады;

б) жастардың өмір сүру дәуіріне қарай музыка, киім кию, сеніміндегі айырмашылықтарды ажырата алады;

с)оқушылар топпен жұмыс жасауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Youth culture is divided into such generations as hippies, punks, ravers, preppies and yuppies. All these generations have own music, clothes, interests and beliefs.

Тапсырмалар

Жеке жұмыс "Me and my tastes",

Жұптық жұмыс "In my opinion...",

Жеке жұмыс "Matching definitions",

Топтық жұмыс "Youth group",

Ұжымдық іс-әрекет "Ыстық орындық"


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.2. Топқа бөлу


ІІ. Жеке жұмыс "Me and my tastes"

Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады. Олар берілген кестені толтырып, сыныпқа оқып береді.

Мұғалім оқушыларды мадақтайды.


III. Жұптық жұмыс "In my opinion.."

Оқушылар жұптасып 1960, 70, 80, 90-жылдардағы жастар туралы білетіндерін, қызығушылықтарын, музыка, киімдерін жазады.

1970s

1980s

1990s




Формативті бағалаудың «Жұптарда өзара бағалау» түрі жүзеге асады


ІV. Жеке жұмыс "Matching definitions"

Оқушылар тапсырманы жекелей орындайды. Олар берілген сөйлемдерді ұрпақ кезеңдерімен сәйкестендіреді. Интер-белсенді тақтадағы дұрыс жауаппен өз жұмыстарын салыстырып,

"Бағдаршам түстері" арқылы өздерін формативті бағалайды.


V. Топтық жұмыс "Youth group"

Бірінші топқа "Youth culture", екінші топқа "Yuppies-an American Stereotype" тақырыптағы мәтіндерді оқып, түсініп, топ ішінде талқылап, постер жасау тапсырылады. Топ баяндамашылары жұмыстарын қорғайды.

Формативті бағалаудың «Критерий арқылы бағалау» түрі жүзеге асырылады


VI. Ұжымдық іс-әрекет "Ыстық орындық"

Оқушылардың бірі ортадағы орындыққа отырады. Сыныптастары өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды. Ол тиісінше жауап беруі тиіс. Солай 2-3 рет қайталанады.

Сыныптастары оқушыға смайликтер беру арқылы формативті бағалайды.


ҮІІ . Кері байланыс "1 минуттық эссе"


ҮІІІ. Кейінгі тапсырма: Ex: 3. To fill the chart.


IХ. Кейінгі оқу Мәтінді оқып түсіну