Жемістер мен көкөністер. Fruits and vegetables.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Fruits and vegetables (Ересектер тобы)

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Ағылшын тілі»

Тақырыбы: «Fruits and vegetables»

Мақсаты: Балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Олардың жемістер мен көкөністер туралы білімін кеңейту. Сөздік қорларын жаңа сөздермен молайта отырып, тілін, сөйлеу дағдысын дамыту. Өзге елдің тілін, салт дәстүрін біліп, өз елімізді, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндірме жұмыстары, көрсету, суреттеу, қорытындылау.

Қолданылған құрал жабдықтар: Жемістер мен көкөністер муляждары. Үлестірмелі материалдар.


Тәрбиеші балалармен амандасады.

-Good morning dear children!






-How are you today!

-Are you ready to play.

Балалар тәрбиешімен амандасады.

-Good morning!

Good morning!

Good morning to you!

Good morning dear teacher.

I am glad to see you!

-We are OK.

-Yes.

Іздену-ұйымдастырушы

-Балалар бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын сіздер менің мынадай сұрағыма жауап бере қойыңдар?

-Please stand up. What is your name?

-How are you?

-Where are you from?

-How old are you?

- Жарайсыңдар балалар. Балалар айтыңдаршы жемістер қайда өседі, көкөністер қайда өседі?

- Қандай жемістер мен көкөністердің атын білесіңдер?




Жарайсыңдар, ал жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын балалар, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

- Clap, clap, clap your hands!(2 рет)

Clap your hands together.

-Stamp, stamp, stamp your feet.(2 рет)

Stamp your feet together

-Turn, turn, turn around,(2 рет)

Turn around together.

Clap, clap, clap your hands!(2 рет)


- Жарайсыңдар балалар. Мәссаған мына қызыққа қараңдар менің бөлек-бөлек себетімдегі көкөністер мен жемістерді бір себетке салып араластырып қойыпты. Қазір мен оны үстел үстіне төгемін ал сендер олардың көкөнісі қайсы, жемісі қайсы айырып көрсетесіңдер.


- Енді көкөністі ұстаған балалар мына себетке көкөністеріңді салып, осы қатарға отыра қойыңдар . Ал жемістерді мына себетке сала қойыңдар. Балақай қараңдар біздер топ құрдық.

І топ Көкөністер тобы, ІІ топ жемістер тобы. Әрі қарай осы екі топ біріміз-бірімізбен жарысамыз. Бүгінгі күннің тақырыбы да жемістер мен көкөністер деп аталады. Ағылшын тілінде жемістер- фрутс, ал көкөністер веджетеиблз деп аталады.

- Өз тобымызда кімдер бар екенін қарап алып , орындарымызға отырайық.

(Балаларға өз топтарының белгілері тағылады.)


Слайдпен жұмыс:

Ал енді балалар тақтаға назар аударайық. Look at the board. We can see fruits and vegetables. Repeat after me.

(Слайд бойынша жемістер мен көкөністерді ағылшын тілінде ататып үйрету.3 рет)


Дидактикалық ойын. «Қайталамақ»

Балалар біз қазір бәріміз бірге санамақ жаттаймыз. Сол санамақты маған қайталап берген топқа ұпай қосылады.

One potato. two potato,

Three potato, Four

Five Potato. Six potato

Seven potato more.


Бірінші тапсырма: « Ақылды бала»

- Кім бірінші жемістер мен көкөністердің атын атайды? (Слаидпен жұмыс) Жауабы дайын бала қолын көтеріп жауап береді.


Екінші тапсырма: «Не артық»

- Балалар мына ағашқа назар аударайық. Мынау алма ағашы. Алма ағашында алма өседі. Бірақ мына алма ағашында артық зат көп. Келесі ойынның шарты: алма ағашынан артық заттарды алып тастау керек.


Сергіту сәті:

I want to dance with you. Балалар мен сіздермен билегім келіп тұр. Балалар билеуге ортаға шығады.

( Видео таспамен балаларға қосылып билеу)



Үшінші тапсырма: «Санамақ»

- Балалар біздер санай аламыз ғой ия. Менің келесі тапсырмам алдымызда тұрған сандарды қазақша, орысша, ағылшынша санауымыз керек.Әр топтан бір бірден бала шығып топтарының абыройын қорғайды. Ал қалған балалар қағаздағы нүктелерді қосып, қандай сан шығып тұрғанын үш тілде айтып беру керек.


Төртінші тапсырма: «Сиқырлы бояу»

- Өте жақсы. Енді алдарыңызда таратылған жемістермен көкөністерді құрастырып түстерін атап беріңдер. Менің келесі тапсырмам сол көкөністер мен жемістердің түсін атап берсеңдер екен. What color is this apple? What color is this pear?


-Жарайсыңдар балалар енді экранға назар аударайық. Сіздердей кішкентай балаларға арналған санамақ- ән дайындап алып келіп едім. Тыңдап бірге ән айтайық қай топ әдемі айтатынын көрейік.




- My name is Diar.

I am fine. OK

Iam from KZ.

I am 6

Жемістер бақшада, ал көкөністер бауда өседі.

Жемістер – алма, алмұрт, апельсин, банан, өрік, лимон.

Көкөністер- қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, қырыққабат.

Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын орындайды.














-Балалар төгілген жемістер мен көкөністерді бөліп қолдарына алады.






-Балалар екі топқа бөлінеді. Біздер топ құрадық.




-Балалар орындарына отырады.




Апельсин- Orange, Банан-Banana, Алма- Apple, Алмұрт- Pear, Қызанақ- Tomato, Қияр- Cucumber, картоп- Potato, Сәбіз- Carrot,








-Балалар слайдтағы жемістер мен көкөністердің атауын ағылшын тілінде айту керек.



-Балалар тапсырманы орындайды.







Балалар ағаштағы артық жемістер мен көкөністерді алып тастайды.








Балалар бейнероликке билейді.








Ия.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10






It is red. It is green.









Балалар видео таспамен ән айтады.

Рефлексті- коррекциялаушы

-Ия балалар бүгін ағылшын тілі оқу іс-әрекетінде қандай жаңа сөзбен таныстық. Жемістердің атын қайталайық? (Балалармен жемістер мен көкөністердің ағылшынша атауын слайд бойынша қайталатып, оқу іс әрекетін қорытындылау.)

Бүгін ағылшын тілі оқу іс әрекетіне жақсы қатынасып, сұрақтарға жақсы жауап берген балаларға көп рахмет.

-Балалар өткен тақырыпты слайд арқылы қайталайды. Еңбектеріне сыйлық ретінде жемістер таратылып беріледі. Жақсы қатынасқан балаларға мақтау қағаздары беріледі.







Күтілітін нәтиже:

Білуі керек: Жемістер мен көкөністерді айырып білу.

Болуы керек: Тақырып бойынша түсінігі болу керек.

Қолынан келуі: Сұрақтарға жауап бере алуы.