Ахмет мұрасы- рухани қазына
№32 (3) сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Лексикалық тақырыбы: Ахмет мұрасы- рухани қазына
Грамматикалық тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемді, септік жалғауларын қайталау.
Мерзімі: 14.05.2012ж
Уақыты: 10.20 – 11.05
Сыныбы: 9 орыс
Оқушы саны: 10 оқушы
Сынып бөлмесі: физика №18
Сабақтың мақсаты: А.Байтұрсынұлының шығармашылығын таныта , мысал өлеңінің мәнін ашу арқылы диалогтық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сабақтың әдіс- тәсілі: топқа бөлу, диалогтық әдіс, талдау-жинақтау, «Claster»әдісі
Қолданылған модуль: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету», «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»,
Сабақтың барысы:
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Мен сыныпты қалай қарсы аламын?
оқушылармен амандасып, оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық «Амандасу» жаттығуы. Бұнын мақсаты– топтағы бүкіл адаммен амандасып шығу.
Оқушыларды топқа бөлу үшін түсті қағаздарды ұсынады.
Оқушылар өздеріне ұнайтын түсті таңдау арқылы, бұл түсті таңдаған адамның мінезі қандай екенін біле отырып,
2-шағын топқа бөлінеді:«Қайырым», «Ғибрат» тобы.
қызыл, көк түсті қағаз.
интерактивті тақта
Жаңа сабақты меңгерту.
Өткенді тақырыпты қайталау.
А) «Ахмет мұрасы-рухани қазына» тақырыбында қысқаша түсіндіру.
Түрткі сұрақтар:
1) зат есімнің септік жалғауларын ата
2) сабақтас құрмалас сөйлем д/з не? Жасалу жолдары
зат есімнің септік сұрақтары мен жалғаулары, сабақтас құрмалас сөйлем ережелерін айтып береді.
Интерактив тақта, А.Байтұрсынов портреті, қосымша әдебиеттер
Талдау тапсырмасы.
Грамматикалық тапсырма:
А) берілген жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыр.
Ә) асты сызылған зат есімді септе.
1-топ.
Ахмет Абай туралы мақала жазды. Абай туралы мақаланы «Қазақ» газетіне жариялады.
2-топ.
Ахмет Байтұрсынұлы Крылов мысалдарын аударған. Ол «Қырық мысал» атты жинағын шығарды
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып, жұппен, топпен ақылдасып талдап, «мақала, мысал» сөздерін септейді.
кеспе қағаздар, интерактивті тақта.
Мәтінмен жұмыс
Топтық жұмыс: А.Байтұрсын ұлының «Қара бұлт» мысалын оқып, қысқаша көрініс көрсету. Мысалдың негізгі түйінін ашу мақсатында қайта бағыттау сұрақтар қойылады
Әр қайсысы «Қара бұлт» мысалын оқиды, топта түсінгендерін талқылап, рөлдерге бөлініп, шағын көрініс көрсетеді.
А.Байтұрсынов «Қара бұлт» мысалынан үзінді,
маркер, қарындаш, ватман.
Сабақты бекіту
А.Байтұрсынұлының портреті арқылы сабақтан қандай ой түйгендерін жинақтап, кластерге түсіруді ұсынады.
Бүгінгі тақырып бойынша ойларын жинақтап, кластерге А.Байтұрсынов туралы ойларын жазады. Мысалы: А.Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағын басып шығарған.
А.Байтұрсынов 1873-1937 жж өмір сүрді.
А.Байтұрсынұлы қазақтың тұңғыш әліпбиін жазған.
Интерактивті тақта,
кластер, оқулық,
Бағалау
Дұрыс орындаған тапсырмаларына жұлдызша беріп, оқушы білімін бағалау.
Әр дұрыс орындаған тапсырмаларына жұлдызша алып отырады, сабақ соңында қорытынды бағасын алады.
Бағалау өлшемдері:
4-5 = «5»
3 = «4»
2 =«3»
Үйге тапсырма
Берілген мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлем тауып, жазу.
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
күнделік
Рефлексия
Интерактивті тақтада берілген суреттерге сәйкес стикер ілу. Сандықша- не үйрендім? Гүл- түсіндім, бірақ әлі бекіту керек, қоқыс шелегіне- не түсінбедім?
Интерактивті тақтадағы суреттерге: Нені үйренгендерін? Нені түсінбегендерін? жазып іледі.
түсті стикерлер.
қалам,
«Ахмет мұрасы-рухани қазына» тақырыбындағы
сабақты талдау
9-орыс сыныбындағы«Ахмет мұрасы-рухани қазына» тақырыбындағы сабақта А.Байтұрсынұлының шығармашылығын таныта , мысал өлеңінің мәнін ашу арқылы диалогтық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында өткізілді. Сабақты бастамас бұрын оқушылар «Амандасу» жаттығуын орындады. Бұнын мақсаты– топтағы бүкіл адаммен амандасып шығу. Ойын барысында ешкім сөйлемеуі керек. Қол беріп амандасу арқылы олар бір-біріне мейірімділік пен кеңпейілділік орнатты. Осыған байланысты оқушылар өздеріне ұнайтын қызыл немесе көк түсті таңдау арқылы, бұл түстің мәнін біле отырып, «Қайырым» және «Ғибрат»атты шағын топтарға бөлінді.
Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен қысқаша мәлімет беріп. Өткен грамматикалық тақырыпты, яғни зат есімнің септелуін, сабақтас құрмалас сөйлемді түрткі сұрақтар арқылы қайталадық. Осы өткен тақырыптарға байланысты, грамматикалық тапсырманы дәптерге жазып, орындады.
1- Тапсырма:
А) Берілген жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыр.
Ә) Асты сызылған зат есімді септе. Мысалы бір топқа мынадай сөйлем берілді: Ахмет Абай туралы мақала жазды. Абай туралы мақаланы «Қазақ» газетіне жариялады. «Ғибрат» тобының жауабы: Ахмет Абай туралы мақала жазып, «Қазақ» газетіне жариялады. Содан «мақала» сөзін Акинчина Е. оқып, «мақала» сөзін септеп берді.
Бұл тапсырманы екі топта жақсы, дұрыс орындап шықты. Тапсырманы орындау барысында төмен оқитын оқушыларға қиын болды, бірақ оларда дұрыс жауабын жазып алуға тырысты.
Оқушылардың топтық белсенділігін және бір-біріне достық қарым –қатынасын нығайту мақсатында, оларға топтық тапсырма берілді. Берілген «Қара бұлт» мысалын рөлдерге бөліп, шағын көрініс көрсетіп, негізгі түйінін ашу. Әр топ мысалды оқып, мазмұнын ашу үшін рөлдерге бөлініп, шағын көрініс көрсетті. Әрине түйіндеуді нақты шеше алмаса да оқушылардың ынталанғанына ырза болдым.
Сабақты бекітуде оқушыларға А.Байтұрсынұлының портреті интерактивті тақтада көрсетіліп тұрды, оқушылар сабақтан қандай ой түйгендерін дәптерлеріне жазды. Мысалы: А.Байтұрсынұлы «Қырық мысал» жинағын басып шығарған. А.Байтұрсынов 1873-1937 жж өмір сүрді.т.б.
Сабақтың бағалауы дұрыс орындаған тапсырмаларына жұлдызша беру арқылы өтті. жинаған жұлдызшаларына байланысты тиісті бағаларын алды.
Мысалы: 4-5 = «5» 3 = «4» 2 =«3»
Сабақтың рефлексиясы өткізгенде интерактивті тақтаны пайдаландым.
Интерактивті тақтада берілген суреттерге сәйкес стикер ілу тапсырылды. Сандықша- не үйрендім? Гүл- түсіндім, бірақ әлі бекіту керек, қоқыс шелегіне- не түсінбедім? оқушылар стикерлерге өз ойларын жазып ілді.
Не сәтті өтті?
Құрмалас сөйлем құрау және сөздерді септеу тапсырмасында екі топта дұрыс орындап шықты. Оқушылар өздерінің белсенділігін, білімдерін көрсете білді. Кері байланысты толтыруда қызығушылықпен орындап, өз ойларын жаза білді.
Не сәтсіз өтті?
Топтық тапсырманы , яғни «Қара бұлт» мысалын көрініс түрінде көрсетуде рөлді дұрыс ойнай алмады, оның ішінде төмен оқитын, тілдері шорқақ оқушылар. Берілген мәтінді бірнеше рет оқыса да, мысалдың мәнін толық аша алмады. Сол себепті сабағыма көңілім толмады.
Нені дамыта аласыз?
Мен алдағы уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын алға қойдым.
Білімдері толығып, сыни тұрғыдан ойлана алатын және ашық сұрақтарға да жабық сұрақтарға да мүдірместен жауап беретін, тіл байлығы бар, рөлдік ойынды дұрыс ойнай алатын оқушылар болса сабақ мақсатына жетер еді.
Сабақ барысында кездескен кемшіліктерді жойып,тіл дамыту үшін ауызекі сөйлеу бойынша, сөйлем құрау бойынша тапсырмалар беріп жұмыс түрлерін жүргіземін.сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Лексикалық тақырыбы: Жас қазақ әйелінің портреті
Грамматикалық тақырыбы: Қалау рай қайталау.
Мерзімі: 25.12.2014ж
Сыныбы: 9
Сабақтың мақсаты:Н.Хлудовтың шығармашылығын таныта ,мәтінді түсініп, «Жас қазақәйелінің портреті»суретіне сипаттама беру,сипаттама беру арқылы , сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сабақтың әдіс- тәсілі: топқа бөлу, диалогтық әдіс, талдау-жинақтау, «Постерr»әдісі
Қолданылған модуль: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету», «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»,
Сабақтың барысы:
Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Ресурстар
Мен сыныпты қалай қарсы аламын?
оқушылармен амандасып, оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық «Амандасу» жаттығуы. Бұнын мақсаты– топтағы бүкіл адаммен амандасып шығу.
Оқушыларды топқа бөлу үшін түсті қағаздарды ұсынады.
Оқушылар өздеріне ұнайтын түсті таңдау арқылы, бұл түсті таңдаған адамның мінезі қандай екенін біле отырып,
2-шағын топқа бөлінеді:«Қайырым», «Ғибрат» тобы.
қызыл, көк түсті қағаз.
компьютер
Жаңа сабақты меңгерту.
Өткенді тақырыпты қайталау.
А) Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнері туралы қысқаша түсіндіру.
Түрткі сұрақтар:
1)қалу рай
2) зат есімнің септік жалғауларын ата
3) сабақтас құрмалас сөйлем д/з не? Жасалу жолдары
Қалау райдың жасалу жолы
зат есімнің септік сұрақтары мен жалғаулары, сабақтас құрмалас сөйлем ережелерін айтып береді.
суреттер
Талдау тапсырмасы.
Грамматикалық тапсырма:
А) берілген сөйлемдерді пайдалана отырып, толықтырып,диалог құрандар.Қалау райда тұрған етістіктерді пайдаланындар.
жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыр.
Ә) асты сызылған зат есімді септе.
1-топ.
Мәтінді оқып,постер жасап қорғау
2-топ.
Мәтінді оқып,сұрақтар құрастыру
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып, жұппен, топпен ақылдасып талдап, «өнер, көрме» сөздерін септейді.
кеспе қағаздар,
тапсырмалар.
Мәтінмен жұмыс
Жеке жұмыс: Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Әр қайсысы жасаған постер арқылы суретке сипаттама беріп қорғайды.
Сұрақтарға жауап беру
Н.Хлудовтың «Жас қазақ әйелінің портреті»
маркер, қарындаш, ватман.
Сабақты бекіту
Н.Хлудовтың «Жас қазақ әйелінің портреті» сурет арқылы сабақтан қандай ой түйгендерін жинақтап, қысқа әңгіме құрастыру
Бүгінгі тақырып бойынша ойларын жинақтап, жас қазақ әйел туралы ойларын жазады.
Постер ,оқулық,компьютер,сурет
Бағалау
Дұрыс орындаған тапсырмаларына жұлдызша беріп, оқушы білімін бағалау.
Әр дұрыс орындаған тапсырмаларына жұлдызша алып отырады, сабақ соңында қорытынды бағасын алады.
Бағалау өлшемдері:
4-5 = «5»
3 = «4»
2 =«3»
Үйге тапсырма
Берілген мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлем тауып, жазу.
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
күнделік
Рефлексия
Интерактивті тақтада берілген суреттерге сәйкес стикер ілу. Сандықша- не үйрендім? Гүл- түсіндім, бірақ әлі бекіту керек, қоқыс шелегіне- не түсінбедім?
тақтадағы суреттерге: Нені үйренгендерін? Нені түсінбегендерін? жазып іледі.
түсті стикерлер.
қалам,