Қазақ тілі
8 сынып
Тақырып: Қазақстанның қазба байлықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ауызша және жазбаша тілдік қорын дамыту; сөйлеу қабілетін жетілдіру; өз ойларын айта білу;
Дамытушылық: топпен, жұппен жұмыс істей білу; оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік:Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап,топпен жұмыс,
Көрнекті құралдар:интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: география пәні
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Мұғалімнің сөзі.
Бүгінгі сабағымызға, балалар, қонақтар келіп отыр. Ендеше, қонақтармен амандасайық. (флипчарт)
Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Сәлем бердік Сіздерге
Құрметпеннен біз.
Мұғалімнің сөзі. Отырыңдар, сабағымызды бастаймыз.
Біздің қаламыз қалай аталады? (Жітіқара)
Жітіқара қаланың шетінде қандай өзен ағып жатыр? (Шортанды)
1995 жылы 30 тамызда не бекітілді? (Заң)
Біздің елімізде ұлт өкілдері қалай турады? (тату)
Город сөзі қалай аударылады? (қала)
Біздің қаламыз күн сайын өзгеріп, қандай қала болды? (әсем)
Біздің мемлекетіміз қандай ел? (тәуелсіз)
Биыл біздің тәуелсіздігімізге неше жыл? (жиырма)
Біздің ауылымыз қалай аталады? (Пригородный)
Балалар, қандай сөз шықты? Дұрыс, Қазақстан деген сөз.
Қазақстан деген сөз сендерге не білдіреді?
Ел, Отан, жер, тәуелсіз, мемлекет, бірлік, шаңырақ, халы, байлық, қазба байлықтары (бұл сөз тақтада)
Міне, балалар, бүгін біз сендермен Қазақстанның қазба байлықтары туралы білімімізді толықтырамыз, сөйлем құрастырып, өз ойларымызды айта білуге үйренеміз, ауызша және жазбаша тілдік қорын дамытамыз, сөйлеу қабілетін жетілдіріп, етістік жайында білгенімізді еске түсіріп, олардың түрлерін анықтаймыз. Екі топпен жұмыс істейміз.
Біріншіден, мына сөздерге назар аударыңдар, осы сөздермен біз бүгін пайдаланамыз. (тақтада сөздер, флипчарт –«шторы»)
Пайдалы қазбалар – полезные ископаемые
Зерттеу жұмысы – исследовательские работы
Қор – запас шикізат - сырье
Жез – латунь
Мыс – медь
Мұнай – нефть
Көмір – уголь
Ас тұз – поваренная соль
Темір – железо
Халық шаруашылығы – народное хозяйство
Шикізат – сырье
Игеріліп жатыр –
Шешілуі керек – должно разрешиться
Өнеркәсіп - производство
(Мұғалім өзі оқып шығады, сонан кейін оқушылар тізбектеп оқиды, сосын «шторкасы» жабылып, балалар есте сақтаған сөздерді естеріне түсіреді)
Әрі жалғастырамыз жұмысымызды. Қазір мәтінді мәнерлеп оқимыз. Біріншіден мен оқимын, менен кейін сендер оқисыңдар. Мұқият тыңдаңдар. (мұғалім өзі оқып шығады)
Мәтіннен жаңа сөздері бар сөз тіркестерін оқып шығыңдар
Аз зерттелді, қорлары бар, өнеркәсіпке қажетті, игеріліп жатыр, қажетті шикізат.
Балалар, осы пайдалы қазбаларымен біз не істейміз? Өндіреміз, зерттейміз, табамыз, игереміз, пайдаланамыз.
Осы сөздер қай сөз табына жатады? (етістік)
Ал, енді естерімізге түсірейік. Етістік деген не? (етістік заттың қимылын білдіреді). Етістіктің қандай түрлері бар? (құрамына қарай)
Дара Күрделі
Баста, кес, тасы алып кел, жазып отыр
Негізгі туынды
Сөздің түбірі етістік болады түбір етістікке және басқа сөз таптарына
жұрнақ жалғану арқылы жасалады
кел, кет, айтпады ойла, сана, күлімсіре, көгер.
Келесі тапсырма, балалар, етістіктермен жұмыс. Бірінші қатар дара етістіктермен сөйлем құрастырады, екінші қатар күрделі етістіктермен сөйлем құрастырады. (флипчарт, сөздер тақтада бар) дәптерлеріне жазбайды
Зерттелді, анықталды, игерілуде, өндіріледі.
Табылып жатыр, шешілуі қажет, игеріліп жатыр, жұмыс істейді.
1 қатар
Қазақстанның жерлері зерттелді.
Асбест қазбалары туралы мәселе анықталды.
Минералды бояулар игерілуде.
Біздің МеталлТрейдингте алтын өндіріледі.
2 қатар
Қазақстанның жерлерінде Менделеев кестесінің байлықтары табылып жатыр.
Асбест туралы мәселесі шешілуі қажет.
Құрылысқа қажетті пайдалы қазбалар игеріліп жатыр.
Менің әкем МеталлТрейдинг фабрикасында жұмыс істейді.
Енді, балалар, өздерін таңдап алған бағаға жұмыс жасайсыңдар.(деңгейлік тапсырма тақтада, флипчарт)
1 деңгей. Сөйлемдерді мәнерлеп оқиды.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде Батыс Қазақстан аумағында дүниежүзілік маңызы бар мұнай, газ қорларының бар екені анықталды.
Шалқар көлінің манынаң табылған калий мен магний тұздарының қоры табылып игерілуде.
2 деңгей. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді оқып шығу.
(В строительстве, в производстве) қажетті пайдалы қазбалардың түрлері табылып, игеріліп жатыр. (Құрылыста, өнеркәсіпте)
Облыста ақ бордың (запас) өте көп. (қоры)
3 деңгей. Сөйлемдерді өздері құрастырады.
Балалар, пайдалы қазбалар туралы сендер тағы қай пәнінен білім аласыңдар? (география пәнінен). География пәнінен сендер пайдалы қазбалардың белгілерін білесіңдер. Осы білімдерінді қазір бізге көрсетіңдер.
Тірек сызба бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. (тақтамен жұмыс, флипчарт –қазбалардың белгілері тапсырманың астында, осы белгілерді орнына апарып қояды, сөйлемдерді құрастырады)
Қайда ------ өндіріледі?
(Қарағандыда көмір өндіріледі.)
Қайда ----- өндіріледі?
(Атырауда мұнай өндіріледі.)
Қайда ------ қоры бар?
(Аралда ас тұзы қоры бар.)
Қазақстанның қай аймағында ----,-----қазбалары бар?
(Қазақстанның солтүстігінде, Жітіқара қаласында алтын, асбест қазбалары бар).
Келесі жұмыс, географиялық картамен жұмыс. Тақтаға шығып, пайдалы қазбалардың өндіріс жерлерін көрсетіңдер.
(флипчарт- география картасы)
Атырауда мұнай өндіріледі.
Көмір Қарағандыда өндіріледі.
Калий мен магний Шалқар көлінде өндіріледі.
Цемент өндіруге шикізат Теректі ауданында.
Алтын, асбест Жітіқара қаласында өндіріледі.
Әрі жұмысымызды жалғастырамыз. Кестемен жұмыс. Кестедегі сөйлемді жалғастырыңдар. (флипчарт- «шторы»)
Қазба байлықтары Табылған жері
1.Мұнай Атырауда
2.Құрылысқа, өнеркәсіпке қажетті
пайдалы қазбалар Батыс Қазақстанда
3.Калий мен магний Шалқар көлінде
4.Цемент өндіруге шикізат Теректі ауданында
5.Ас тұзы, минералды бояулар Аралсорда
6. Көмір Қарағандыда
7. Алтын, асбест Жітіқарада
Сабағымызды қорытындыла келіп Менеджер ойынын өткіземіз.
Балаларға алдын ала үй жұмысы тапсырылды, кәне өнерлерінді көрсетіңдер.
(флипчарт)
1 оқушы
Ер азамат үй салу керек, ағаш отырғызу керек және бала тәрбиелеу керек. Үй шатырсыз болмайды. Ол шатырды жасау үшін шифер керек. Ал, шифер неден жасалады? Асбестен. Ал, асбест біздің қалада толып жатыр! Шатыр керек болса, біздің қаладағы асбестен жасалған шатырға келіңіздер!
(флипчарт)
2 оқушы
Ер азамат бой жеткенде, үйленеді. Құдалар Ана сүтін ақтау үшін, келінің анасына алтын сыйлайды. Ел араламай, алысқа бармай-ақ, біздің Жітіқарадан алтын сыйлық таңдап алыңыздар!
Қорытынды: (флипчарт)
-Бүгін біз сендермен не істеп үйрендік?
(етістіктерді пайдалана отырып, сөйлем құрастырдық; картамен жұмыс жасадық; интерактивтік тақтамен жұмыс жасадық)
Бағалау: (флипчарт)
Балалар, өздерін бір-біріне баға қоясыңдар.
Үйге тапсырма: (флипчарт)
1.Сөздерді жаттау
2.Мәтінді мәнерлеп оқу.
3. «Қазба байлықтарына бай өлкем!» эссе жазу.