Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 5.10.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің емлесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға біріккен сөздердің емлесі туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларға жаттығу, талдау жасату арқылы ойларын дамыту;
Тәрбиелік: тілді құрметтеуге, сауатты сөйлеуге, тәрбиелі болуға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі:
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды жылдам жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі бергенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-біріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен... қолмен... құлақпен... тіземен... йықпен... өкшемен... арқамен.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
38-бет: 59-жаттығу. 54-бет: 43-жаттығу.
Сұрақ-жауап:
1.Біріккен сөздер дегеніміз не? (ережесі мысалы)
2.Кіріккен сөздер дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
3.Біріккен сөздерге қандай атаулар жатады?
І топ: ІІ топ: ІІІ топ:
І топ: ІІ топ: ІІІ топ:
кісі аттары:
ІІІ.Жаңа тақырып: Біріккен сөздердің емлесі
Біріккен сөздердің емлесін естеріңде сақтаңдар, әсіресе дыбыстық өзгеріске түскен біріккен сөздердің жазылуын жақсы білу өте маңызды.
3.Еш, бір, әр, кей, әлде деген сөздер есімдіктермен бірігіп жазылады. Ал жеке тұрып, зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда, бұл сөздер олардан бөлек жазылады.
Мысалы: Талдықорған, Ақтау, шекара, көкқұтан, бірқыдыру,т.б.
Мысалы: Қарагоөз –Қаракөз емес, сөйткендіктен –солай еткендіктен емес, жаздыгүні- жаздың күні емес. Ашудас-ашутас емес, сөйтіп –солай етіп емес.
Мысалы: Ешкім, бірталай, әрқашан, әлдекім, кейбіреу,т.б.
Еш адам, кей жерде, бір мектепте, әр оқушы, кей кезде.
ІV.Оқулықпен жұмыс.
60-жаттығу. Алдымен зейін қойып қарап алып, оқулық бетін жауып, берілген сөздерді еске түсіріп, жазып шығыңдар. Қандай түбірлерден тұрғанын анықтаңдар.
Ендігәрі, шаңсорғыш, итмұрын, қарақат, бесаспап, баспасөз, мектепшілік, онкүндік, итбалық, Оқжетпес, Жекебатыр, жезтырнақ, шотаяқ, қарашірік, дүниетаным.
61-жаттығу. Өздерің қалаған газет, журнал материалдарынан пайдаланып біріккен сөздерді жазыңдар. Өздерің тапқан сөздердің жазылу емлесін есте сақтаңдар.
62-жаттығу. Берілген мәтіннен біріккен сөздерді көшіріп жазыңдар. Біріккен сөздер туралы өз пікірлеріңмен бөлісіңдер.
Біріккен сөздер: Сарыарқа, Көкшетау, Ұлытау, Қызыларай, Ақсорақ, Қарқаралы, Шыңғыстау, Қособа, Баянауыл, Желтау, Ерейментау, Бурабай, Торайғыр, Жасыбай,
V.Сабақты бекіту. Сұрақ –жауап: біріккен сөздердің емлесін айту.
VІ.Үйге тапсырма: 40-бет .63-жаттығу.
56-бет.47-жаттығу.