«Ақсу қаласының лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение
«Лицей города Аксу»
Әдістемелік нұсқау
«Қазақ тілі сабағында
оқушылардың коммуникативті қабілеттерін дамыту.»
[pic]
Құрастырған: Т.А Калиякбарова.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың
коммуникативті қабілеттерін дамыту.
Тіл адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу-адамзат баласы үшін тысқара бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Қазақстанның халықаралық мәртебесі-республикаға ат берген ұлт тілін өз деңгейіне көтеруді талап етеді.
«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілуі, ширау, даму дәрежесі»-деп түсіндіреді тіл ғылымдарының ғалымы М.Балақаев. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамытқан жөн. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді де дамытуға болады.
Осы мақсатты алға қоя отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыра, коммуникативті технологияны қолдануды жөн көрдім. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерте отырып, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздедім. Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Сондықтан әр сабаққа лексикалық минимумды жасап, оны сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып ауызекі сөйлеу тілін орынды қолдана алады.
Әрине, әр сабақтың алдында оқушыларға мотивация жасау, оның психологиялық бейімдеу аспектісін ұмытпай, табыс жағдаяттарын жасауына көңіл аудара отырып, жеңілдете оқытудың жолдарын ұсынып отырмын:
тақырыптық лексикалық минимумды пайдалана отырып, берілген сұраққа бір сөзбен жауап беру арқылы;
берілген сұраулы сөйлемге сұраулы есімдіктің орнына сөз немесе сөз тіркесін қою арқылы толық жауап құрастыру арқылы;
«Шаңырақ» сызбасын қолдана отырып, қазақ тілінің грамматикаксын ұтымды пайдаланып, сөйлемнің күрделі түрлерін жасау арқылы ( авторы Мулькибаева Р.Б.)
аталған тақырыпқа байланысты кластерді пайдаланып диалог, диалогтан монологқа көшіп оқушылардың тілін дамытуға болады.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен іске асырылады: жұптық, топтық, ұжымдық.
Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық.
5 сынып тақырыбында «Мектеп», «Мектеп өмірі» болса;
6 сыныпта «Білім күні – мектеп өміріндегі үлкен мереке», немесе «Сынып әкімі болсам..» атты тақырыптарын туғызып оқушылардың сөйлесу тілін байланыстырып дамыту.
Сол сияқты: «Менің елім – Қазақстан» тақырыбынан «Кең-байтақ Қазақстаным», «Біз Қазақстан болашағымыз» тақырыптары арқылы сөздік қоры молайып, мәтінді пайдаланып, фактілерді іздеу арқылы танымдық белсенділікті арттырып, ауызекі сөйлеу тілін күрделендіру.
Кез келген тақырып аясында өз ойын еркін жеткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді, рөлдік ойындар, иллюстрация, құрал жабдықтарды, компьютер мүмкіншіліктерін пайдаланып оқушылардың қызығушылығын ояту мұғалімнің іздемпаздығына байланысты. Алдын-ала сабақтың тақырыбы бойынша дайындалатын функционалды модельдер мен тірек сызбалар құрастырылады.
І. Проблема (мәселе) туғызу диалогтары
ІІ. Ситуативтік диалогтары
ІІІ. Инициативтік диалогтары
ІҮ. Сұхбат
Ү. Түрлі тақырыптық диалогтары
ҮІ. Дайын тірек сызба, кластер арқылы диалогтар құру
І. Сабақ басында тілдік ортаға енгізу үшін сұрақ-жауап жаттығуларын өткізу:
Туған жерің қалай аталады?
Туған жеріңнің табиғаты қандай? (өзен, көл, тау, орман, шөл дала)
Немен ерекшеленеді? (қала көрінісі, өндіріс)
Туған жеріңді қалай қастерлейсің?... [pic]
Сұрақ-жауап жаттығуларын жиі қолдана отырып, оқушылардың ойлау, коммуникативті қабілеттерін дамытуға болады.
ІІ. Ситуативтік жаттығулар арқылы диалог құрастырту. Көбінесе иллюстрация, сурет, интербелсенді тақтаны пайдалану.
Сіз жазда ауылда демалдыңыз, ал досыңыз қалада. Жазғы демалыс туралы әңгімелесіп, пікір алмасу.
«Жазғы киім» көрмесіне бардыңыз. Досыңызбен қандай киім ұнататындарыңыз туралы пікірлесіңдер.
Сіз сурет көрмесіндесіз. Тақырыбы- «Жазғы көріністер».
Рөлдік ситуацияда 3 кейіпкер болуы да ықтимал.
Лондон –Астана бағытында ұшып келе жатқан ұшақтың ішіндегі ағылшын кәсіпкері, Қазақстандық боксшы және стюардессаның арасындағы әңгіме.
Стюардесса:
-Қайырлы күн құрметті жолаушылар! Әуе кемесінің командирі Ахметов мырза және бүкіл экипаж «Air Қазақстан» авиакомпаниясы атынан сіздерге ТУ-24 ұшағының бортынан сәлем жолдайды. Біздің ұшағымыз Лондон-Астана бағыты бойынша ұшады. Жолдағы ұшу уақытымыз 4 сағат. Біздің ұшағымыз ұшуға дайын. Белдіктеріңізді бекітіңіздер. Әуе кемесінің командирі мен экипажы сіздерге сәтті сапар тілейді!
Кәсіпкер:
-Кешіріңіз, сіз Қазақстанда тұрасыз ба?
Боксшы:
-Иә, менің туып-өскен жерім Қазақстан.
- …
Бұл жаттығулар сөйлем құрастыруға, болған уақиға жайлы ойын жеткізуге , еркін сөйлеуге және топпен жұмыс істеуге қолайлы.
ІІІ. Инициативтік жаттығулар.
Оқушылар сұрақтары. Сұрақтар белгілі бағдарлама бойынша беріледі. Мысалы, оқушы немесе оқушылар тобы тақтаға шығып, сыныптас балаларға сұрақтар жаудырады.
-Ұлттық мерекелерді атаңдар.
-Ұнайтын мерекең туралы әңгімеле.
-Шаруа мерекесі қалай аталады.
-Оның ерекше тағамы туралы не білесіңдер?
-… [pic]
ІҮ. Сұхбат (интервью). Тілші Павлодар қаласының көшелерінде Елордасы – Астана туралы қала тұрғындарымен сұхбат жүргізеді.
Тілші:
-Кешіріңіз, сәлеметсіз бе? Сіз Астана туралы не білесіз?
Қала тұрғыны:
-Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Қазір Астана құрылысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен зәулім ғимараттар салынып жатыр.
-Астана болашағы жайлы не айтасыз?
- …
[pic]
Сұхбаттасудың мақсаты- сөздерді қайталау, еркін де дұрыс қолдануға үйрету, грамматикалық материалды, конструкцияны орынды қолдануға үйрету. Сұхбаттасу оқушылардың дұрыс интонациямен сұрақ қоюға, сөйлесудің бір қалыптылығына дағдыландырады. Сұрақтар қою арқылы сұхбат алып жаттығады. Біреуден сұхбат алғанда оны тұжырымдап, оның қызық және ұтымды жақтарына мән береді. Сұхбаттың мақсаты-тыңдап түсінуді жақсы дамыту. Бұған оқушыларға алдын-ала құрастырылған тақырыпты диалог түрлерін ұсынып отырмын.
Ү. Тақырыпты диалог түрлері .
Жыл, ғасыр, дәуір.
Сен қай жылы тудың?
Мен 1998 жылы тудым.
Біз қай ғасырда өмір сүреміз?
Біз 21 ғасырда өмір сүреміз.
Біздің дәуір қандай?
Ғылыммен техника дамыған дәуір.
Абай қай ғасырда өмір сүрген?...
Ол не үшін күресті?..
Жыл мезгілдері.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Ол қандай мезгілдер?
Қазір қай жыл мезгілі?
Күзде ауа райы қандай болады?
Сен қай мезгілді жақсы көресің?
Қай жыл мезгілі өзіңе тартымсыз және неге?...
Не істеу керек? Сұрағын қолдануды үйрену. Күн тәртібі.
Тігіншіде.
Сізді маған досым қалады. Сіздің тіккен көйлектеріңіз өте әдемі.
Сіз киімді қандай мерекелік салтанатқа киесіз?
Сіз қандай көйлек қалайсыз?
Жеңі қысқа, етегі ұзын, жағалы, екі қалтасы бар.
Белбеу керек пе?
Иә, ұзын белбеу болсын.
Түйме саласыз ба?
Иә, 3 не 5 түйме алдына салыңыз. (Оқушыларға көйлектің эскизін салуға да кеңес беріледі)
Онда мен сіздің өлшеміңді алайын....
Қала.
Сіз қай көшеде тұрасыз?
Мен Абай көшесінде тұрамын.
Абай көшесінде қандай ескерткіш бар?
Бұл көше неге олай аталған.
Сіздің көшеңізде тұрғын үйлер көп пе?
Қандай ғимараттар салынған?
Сенің серуендеп жүретін сүйікті орындарың қандай?
Қаланы несімен мақтан етесіңдер?
Аялдамада. (3 адам сөйлесуі)
Сен лицейге немен келесің?
Үйге қалай қайтасың?
Үйге жаяу достарыммен қайтамын.
Кешіріңіз, базарға немен баруға болады?
Оған қайдан отыруға болады?
Содан соң Орталық дүкенге қалай жетуге болады?...
Спорттық киімдерді алу үшін қай дүкенге баруға кеңес бере аласыңдар?
Азық-түлік дүкені.
Ақ нан қанша тұрады?
Қаймақ бүгінгі, дәмді ме екен?
Күріштің бір килограмы қанша тұрады?
Палауға дәмін келтіретін қандай әмбебап қоспалары бар?
Ұлттық сусындардың қандай түрлері бар?
Қымыздың ағзаға қандай пайдасы бар?
Сүтті көжеге қосатын қандай заттар алуға болады?...
Ұлттық тағамдар әзірлеу.
Әлия, қазақша шелпек, бауырсақ жасауды үйретші.
Жарайды, үйретемін. Алдымен, ашытқы қосып, жұмыртқа, сүт, қаймақ, тұз, ұн, шекер бәрін бірге араластырамын. Содан кейін жақсылап қамырды илеймін.
Содан соң бауырсақ пісіресің бе?
Жоқ, алдымен қамыр ашып, көтерілу керек. Содан кейін, өсімдіктің майына қуыру керек.
Көп рахмет, ертең мен де бауырсақ жасаймын. Маған қонаққа кел....
[pic]
Ет тағамдары.
Сәлемет пе, Айнұр. Сен қонаққа тағамдар әзірлеп жатырсың ба?
Иә, бүгін біздің үйге әжем мен атам келеді.
Қой етінен қандай тағамдар жасай аласың?
Қой етінен түрлі тамақ жасаймын.
Мысалы?
Мысалы, кеспе, мәнті, бесбармақ, тұшпара, палау, қуырдақ.
Ал, атаң мен әжеңе қандай тағам әзірлемекшісің?
Менің атам бесбармақты ұнатады.
Бесбармақты ненің етінен жасаған абзал?
«Бесбармақ» қазақтың ұлттық тағамы, оны жылқының етінен жасаған дәмді.
[pic]
Бесбармаққа қандай ет түрлері салынады?
Қазы, қарта, жал, жая, шұжық, астынан қамыр нанды жұқа илеп, пісіріп салады.
Қандай еттен тұшпара дәмді болады?
Тұшпараны көбінесе сиырдың немесе шошқаның етінен жасайды....
Жыл мезгілі – көктем.
Қазір қандай мезгіл?
Қыс аяқталып көктем келді.
Көктем айлары қандай?
Көктемнің бірінші айы қандай?
Күн шуақты наурыз.
Неге күн шуақты наурыз деп атайды?
Наурызда күннің көзі жарқырап, жер көгереді. Құстар жылы жақтан ұшып келіп ән салады. Алма, өрік, шие ағаштары гүлдеп, бұтақтарына жапырақ шығады.
Күн қандай болады?
Күн ұзарып, түн қысқарады.
Көктемнің тағы қандай белгілері болады?
Көктемде күн күркірейді, найзағай жарқылдайды.
Көктемді халық неге қуана қарсы алады?
Суық ызғардан кейін күн жылынып, Ұлы мереке Наурыз келеді.
Наурыз бұл қандай мереке?...
Шаруа мерекесі –Наурыз.
Наурыз қандай мейрам?
Наурыз мұсылман халықтарының жаңа жыл мерекесі.
Мұсылман халқы жаңа жылды неге наурыздың 22-сінде тойлайды?
Бұл күн мен түннің теңелген күні.
Бұл мерекенің қандай тарихы бар?
Қарлы, суық, жұттан кейін келген күннің жаңаша берген жылуы адамдарға жаңа үміт береді. Малдары төлдеп, азығы көбейеді.
Жаңа жылды халық қалай қарсы алады?
7 түрлі тағамнан жасалған Наурыз көже пісіріп, ұлттық салт-дәстүрлер, ойындар өткізеді.
Неге 7 саннан тұрады?
7 қасиетті сан деп саналады....
Мұнда топтық жұмыстар өткізіліп, әр топқа «жұт» деген сөздің мағынасын ашу, 7 санынан тұратын наурыз көже тағамдарының түріне байланысты сұрақтар туғызу, Наурыз мерекесінде өткізілетін дәстүрлер, ойындар, бата сөздерінің мағынасын ашу диалог түрлерін жүргізуге тапсырмалар беріледі.
Осындай үлкен тақырыптарды қамту үшін топтық жұмыстар ұйымдастырылып, көп мәліметтерді аз сағат барысында іске асыруға ықтимал.
Жазғы демалыс.
Шіркін, жаз келіп, демалатын болдық қой.
Сен жазғы демалыста не істейсің?
Мен көп уақытымды таза ауада саяжайда өткіземін.
Саяжайда қандай жұмыс түрлері болады?
Мен шешеме қысқа дайындық жасауға көмектесемін.
Сендер қандай дайындықтар жасайсыңдар?
Біз жеміс-жидектерден тосап, шырын, сусындар жасаймыз.
Сенің ең сүйікті тосабың қайсысы?
Маған сәбіз тосабы өте ұнайды.
Қызық екен. Сәбіз тосабы қалай жасалады?
Алдымен, сәбіз іріктеліп, қабығы аршылады. Дөңгелектеп, жұлдызшалап кесіледі, сонда тосап әсем көрінеді.
Содан соң басқа да тосаптар сияқты су құйылып қайнататын шығар?
Иә, сәбіз жұмсарғанда қант салынып, отты басыңқырап қайнатады.
Сен қазақтың «жаздың бір күні – қыстың бір айын асырайды» деген мақалды білесің бе?
Иә, жазда жасаған еңбегің қыс бойы асырайды.
«Еңбек етсең, тоярсың» деген сол...
ҮІ. Сабақ барысында диалог құрастыру үшін дайын тірек сызбаларды да қолдануға болады.
«Менің досым» [pic]
«Менің Отаным»
[pic]
3. «Қазақ тілі»
[pic]
«Туыстық атаулар»
[pic]
Ұлттық киім. Бас киімдер, сырт киімдер, аяқ киімдер.
[pic]
Ү. Берілген кластер бойынша пікір алмасу.
Үй
А [pic] [pic] [pic] қша Денсаулық
[pic]
Д [pic] [pic] остар Машина
[pic] [pic]
[pic]
Білім
Отбасың Өз пікірің
Ағаштар отырғызу зауыттарды жабу саябақтарды ашу
[pic] [pic] [pic]
[pic]
ф [pic] ильтрлер көліктерді
[pic] жасау жүргізбеу
[pic]
[pic]
қоқыстарды өндеу өз пікірің
Қазақ тілі сабағында тілдік қарым-қатынас жасау үшін жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстың бірнеше түрлерін көрсетіп отырмын. Бұл дұрыс сөйлей білуге үйретеді, оқудағы қызығушылықты арттырады, өзара қатынасты нығайтады, бір-бірін түсінуге, коммуникативтік байланысты қалыптастырады, топ алдында оқушы беделін көтереді.
Технологияда жетістікке жетудің негізгі факторы - мағыналы жоспардың болуы, оқушылардың іскерлігін жоспарлау, коммуникативті жаттығулар жүйесін ойластыру, оқушылардың тілдік қорын молайту және грамматиканы жақсы білуін қамтамасыз ету, түрлі сұрақтар көмегімен проблемалық жағдай туғызу.
Бұл технология оқушының қызығушылығын арттырады, өзіндік көмек көрсету, жауаптылық, яғни тілді игеруге жоғары қызығушылықтың пайда болуына ықпал етеді. Бұл жұмыстың нәтижесінде оқушылар қалалық олимпиадаларда, интернет олимпиадаларда, сайыс, байқау, мерекелік шараларда жүлделі орындарға ие болады.