Саяхат
Мектеп: № Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
1 сынып «Қазақ тілі»
Қатысқаны:Қатыспағаны:
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:
1.2.3.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған аудивизуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу
1.5.1.2. Диалог барысында септік жалғауларын мұғалім көмегі/үлгі бойынша қолдану.
Табыс критерийлері
Оқушылардың жоғарғы жетістігі: Сабақта үйренгенін құрылымдық үлгілерді өмірде, жағдаятта еркін қолдана алады.
Оқушылардың орташа жетістігі: Тақырып көлеміндегі лексиканы еркін қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.
Оқушылардың төмен жетістігі: Өзінің қайда баратынын (саяхат-саяхатқа, тау-тауға) айта алады, сондай-ақ достарынан, сыныптастарынан қайда баратынын сұрай алады.
Тірек сөздер
Саяхат, табиғат, сынып жетекшісі, арқақапшықкеме, ұшақ...
Оқыту әдістері
Түсіндіру, « Ауа. Жер. От » психологиялық тренинг, сергіту сәті «Қаражорға» биі, «Жоспарла», «Мен», «Оқы, жаттап ал» ойыны, диалог
Қажетті ресурстар
Суреттер топтамасы, желім, қайшы, филипчарт, отбасы мүшелерінің суреттері
Күтілетін нәтиже
Тақырыпқа сай суреттерді таба алады;
Саяхатқа барғысы келетін жердің табиғатын суретке бейнелей алады;
Диалог арқылы бір-бірімен сөйлесе алады.
Сабақтың барысы:
Қалыптастырушы бағалау
І.Қызығушылығын
ояту
«Ауа, Жер, От» психологиялық тренингі.
Мақсаты: оқушылардың бой сергітуіне, қимыл - қозғалыс жасауына көмектеседі.
Мұғалім: «Ауа», «Жер», «От» деген сөздерді кезек айтады. Ал егер де екеуін қатар айтса, онда қатысушылар екеуін де бірге тез - тез жасайды.
(А) Оқушылар мұғаліммен бірге жасайды. Ауа: құс ұшты – екі қолды жайып ұшады;
Құс қонды – екеуі бір - бірінің қолын уқалайды.
Жер: жүріп келеміз – екі аяқты жәй қозғалтады;
Жүгіріп келеміз – екі аяқты тез - тез қозғалтады.
От: от жағамыз – бір - бірінің арқасын үйкелейді;
Отты өшіреміз – бір - бірінің арқасын ұрғылайды.
«Ауа – құс ұшты» дегенде оқушылар екі қолды екі жаққа жайып, ұшқан құстың бейнесін жасайды. Осылай қайталана береді.
Оқушыларды смайлик арқылы бағалау
Білу
(МК) Мәтінді оқиды.Жаңа сөздермен таныстырады.
(Т.О)Оқушылар мәтінді тыңдайды, оқиды және түсінгендерін жұпта айтады. Жаңа сөздерді хормен, жекелей дауыстап айтады.
«Бағдаршам» әдісі
Ой қозғау(шақыру)
«Саяхат» суретін көрсету арқылы таныс заттардың атын атайды
(А)Суреттегі көліктерді атап бір сөзбен «Саяхат» деп жауап береді.
Суретті анықтау.
Қысқа жауап
ІІ.Мағынаны тану
«Жоспарла» мұғалім оқушылардан қай елге барғылары келетінін б-б сұрауын тапсырады.Мынадай суреттер дайындайды (суға жүзу, гүл теру, доп ойнау, жағада қыздырыну, теннис ойнау...)
(Т)Оқушылар қай елге барғысы келетінін сыныптастарына айтады, сол кезде мұғалім бірнеше сурет қиындыларын береді (жоспар жасайды)
Түсіну
(МК) Сөйлеп үйрен үлгісін көрсетеді. Диалогті оқы (5-тапсырма)
(О.А)Көрсет айт тапсырмасын орындайды.Балалар суретті басшылыққа ала отырып, «саяхатқа қайда барадың?» сұрақтарына жауап береді (тауға, табиғатқа, Бурабайға, Алматыға, Астанаға)
Өзіндік және бірін-бірі бағалау.
Жазылым
(МК)Мәтіннен сызба бойынша үш сөйлем жазу.(2-тапсырма, 88 бет)
(Ж) Септік жалғауларына мән бере отырып, сөйлем құрау (саяхатқа, досыммен,анаммен әкеммен)
Өзіндік бағалау
Сергіту
Би «Қаражорға»
Мониторға қарап, жаттығу қимылдарын жасайды
Тамаша!..Қолпаштау сөздерін қолдану
ІІІ. Ойтолғаныс
(шығарма.тапсырма)
Сурет салайық. Әр топқа филипчарт ұсынылады. Филипчартқа таңдаған елдің атауын жазады.
(Т) Оқушылар өзге топтарға филипчарттарын таныстыруға тырысады, тақтаға шығып қорғайды. Мысалы: Бұл Қытай. Табиғаты ыстық. Велосипед тептік.Осылай тілдік қарым-қатынасқа түсе алады.
Шапалақтау
(дауыстап айтқан өлеңге сәйкес шапалақтайды)
Жинақтау(бекіту)
(МК) Деңгейлік тапсырмалар.Оқушыларға суретті мәтін ұсынуға болады. «Мен» орнына оқушы бала суретін қойып «Ресей» сөзін жеткізу үшін оның жалауын, хоккей добын қоюға болады.
(Т) Оқушылар сурет арқылы сөйлем құрайды. Мен Ресейге барамын, хоккей ойнаймын.Мен Бразилияға барамын, футбол ойнаймын.Мен Қытайға барамын, волейбол ойнаймын....
Өзіндік бағалау
Бағалау
Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратылады. Мұғалім қорытынды бағаны оқушылардың өзін-өзі бағалауына қарап қояды.
«Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды. Баспалдақтың біреуін таңдайды.
8-10баспалдақ-«5»
5-7 баспалдақ-«4»
1-4 баспалдақ-«3».
Парақ бойынша өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма
Кері байланыс (рефлексия)
Оқы, жаттап ал. Балалар жаз айларын жаттап, сөйлем құрайды.
Маусым айында қайда саяхатқа барасың?
Шілде айында қайда саяхатқа барасың?
Тамыз айында қайда саяхатқа барасың?
Мадақтау, ынталандыру