Colours. Letter Ff
Сынып: даярлық тобы
Сабақтың тақырыбы: “Colours. Letter Ff”.
Сабақтың мақсаты: жаңа “Colours” тақырыбындағы лексикамен, жаңа “Ff” әрпімен таныстыру.
Міндеттері: түстерді ағылшын тіліндегі бірліктерін беріп, жаттату. Жаңа әріп және одан басталатын “fish” сөзімен таныстыру. Тыңдау, сөйлеу және түстерді анықтап, оларды атау дағдыларын дамыту.
Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: жапсырмалар, түрлі түсті қарындаштар, оқылатын түстер бейнеленген карточкалар, СД плеер, аудеодиск.
Оқу іс-әрекетінің белсенді лексикасы: red, blue, yellow, green, orange, fish.
Билингвальды компонент: red-қызыл, blue-көк, yellow-сары, green-жасыл, orange-қызғылт сары, fish-балық.
Сабақ барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі
Балалармен амандасу: Hello, boy and girls. How are you?
Таңертең ұйқыдан оянғанда ең бірінші кімді көресіңдер? (балалар сұраққа жауап береді) - --------- Балалар, ұйқыдан оянып, аналарыңды көрген соң, күлімсіреп “smile” деу керек. Мұның мәнісін сабақ барысында үйренеміз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
1-тапсырма.
Педагог: Біздің түлкішек те өз анасын жақсы көреді. Анасы үшін қандай әдемі гүлшоғын жинағанын қараңдаршы! Foxy –жақсы әрі қамқор бала. Педагог ағылшын тілінде түстерді атайды: green, yellow, orange, blue, red. Түстер туралы ән таңдап, жаттап алуды ұсынады.
Track
Green and yellow,
Green and yellow.
Orange, blue,
Red and blue.
Colours, colours, colours.
Colours, colours, colours.
Red and blue.
2-тапсырма.
Педагог барлық балалардың, жануарлардың аналары болатынын айтады. Түлкішектің достарының да аналары бар. Олар да аналарына гүлшоқтарын сыйға тартқысы келеді. Гүлшоқтарын салуға көмектесетін кейіпкерлерді атауды сұрайды. Балалар анасы үшін кім бірінші гүлді салғысы келеді.
Бірінші гүл-the bear: draw a red flower.
Екінші гүл-the bee: draw a yellow flower.
Үшінші гүл-the cat: draw a blue flower.
Төртінші гүл-the mouse: draw an orange flower.
Өз аналарына арнап гүл салуларын және оның түсін айтуларын ұсынады.
Сергіту сәті.
Track 8. Ән.
What is it? It’s a house.
What is it? It’s a tree.
What is it? It’s a flower.
What is it? It’s a bee.
3,4-тапсырмалар.
Педагог балаларды Ff әріпімен таныстырады, әріпті айтып, балалардан тақпақты қайталатады.
Аталған әріптен басталатын fish сөзін айтуларын сұрайды. Педагог әріпті бояуды сұрайды.
5-тапсырма.
Балықтардың түстерін айтады: red fish, yellow fish және т.б Балалардың тапсырмаларды орындауын бақылайды.
6-тапсырма.
Түлкішек-ана балықты өте жақсы көреді. Гүлшоғына қоса анасына ашық чат салуды ұйғарыпты. Оған толқындарды бастырып сызуға көмектесіңдер. Балықты бояңдар. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (10-б). Педагог боялатын суреттердің саны мен түстерін атайды. Бояу керек:
Three yellow chick.
Two blue fish.
One orange butterfly.
Four red flowers.
Five green trees.
Рефлексиялық – түзетушілік кезеңі
Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Түлкішек балалардан үйренген сөздерді қайталауды сұрайды. Ол балаларға көмек көрсеткендері үшін алғысын айтып, қоштасады.
The lesson is over.
Goodbye, children.