№11 жалпы орта білім беру мектебі
Тақырыбы:« АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМ»
Орындаған:Ходжаева А.
Тексерген:Шерниязова С.
Ақтау-2015-2016жж.
Күні:
Уақыты:
Тақырыбы:« АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМ»
Ағылшын тілінде , қазақ тіліндегідей, зат есім деректі (a boy – ұл бала, a dog – ит ,a window – терезе, a house – үй) және дерексіз болып бөлінеді (rain – жаңбыр, peace – бейбітшілік, beauty – сұлулық, work -жұмыс) .
Ағылшын тіліндегі зат есімдердің ерекшеліктері :
Зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер – артикльдер қойылады
a , an , the :
I am a teacher. Мен мұғаліммін.
Open the door, please. Өтінемін, есікті ашыңызшы.
Зат есім екі септікке бөлінеді : жалпы ( a girl , girls ) және тәуелдеу ( girl’s , girls’ ) :
What is the girl’s name ? Қыздың есімі кім ?
Where are the girls’ books ? Қыздардың кітаптары қайда ?
Зат есім басқа зат есімдерге анықтауыш бола алады :
You must wear your school uniform. Сендер мектеп формасын киюге
тиістісіндер.
I like winter sports. Мен қысқы спорт түрлерін ұнатамын.
Зат есімнің көпше түрі (Plural form of nouns)
1.Зат есімнің көпше түрлері жекеше түрдегі зат есімге - s жалғауы жалғану арқылы жасалады :
a pen — pens қалам — қаламдар
a ball — balls доп — доптар
2.Егер жекеше түрдегі зат есім -s , -ch , -sh, -x, -o әріптеріне аяқталса,
көпше түрдегі зат есімге -es жалғауы жалғанады :
a dress көйлек — dresses көйлектер
a box қорап — boxes қораптар
a birch қайын — birches қайындар
a hero батыр — heroes батырлар
a dish ыдыс — dishes ыдыстар
Егер жекеше түрдегі зат есім -f , -fe әріптеріне аяқталса, -f әрпі -v әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :
a knife пышақ knives пышақтар
a wolf қасқыр wolves қасқырлар
a leaf жапырақ leaves жапырақтар
a shelf сөре shelves сөрелер
a scarf мойын орағыш scarves мойын орағыштар
Егер жекеше түрдегі зат есім -у әрпіне аяқталып , алдыңғы әрпі дауыссыз болып келсе, -y әрпі - i әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :
a city қала cities қалалар
a family жанұя families жанұялар
a baby нәресте babies нәрестелер
a country ел countries елдер
a lady ханым ladies ханымдар
Көпше түрі өзгермейтін зат есімдер:
sheep қой sheep қойлар
fish балық fish балықтар
deer бұғы deer бұғылар
Кейбір зат есімдер көпше түрде еш жалғау жалғанбай , түбірдегі дауысты дыбыстың өзгеруі арқылы жасалады :
A man ер адам men ер адамдар
A woman әйел women әйелдер
A tooth тіс teeth тістер
A foot аяқ feet аяқтар
A mouse тышқан mice тышқандар
Кейбір зат есімдердің көпше түрі — (r)en арқылы жасалады :
a child бала children балалар
an ox өгіз oxen өгіздер
Тек жекеше түрде қолданылатын зат есімдер :
Advice кеңес
Information ақпарат
Iron темір
Money ақша
Permission рұқсат
Progress жетістік
Water су
Weather ауа-райы
Work жұмыс
News жаңалық
Athletics атлетика
Billiards биллиард
Economics экономика
Physics физика
Тек көпше түрде қолданылатын зат есімдер :
People халық
Police полиция
Scissors қайшы
Glasses көзілдірік
Pyjamas пижама
Shorts шолақ шалбар
Trousers шалбар
Clothes киім
Goods тауар
Stairs қабат (этаж )
Thanks алғыс
Contents мазмұн
Саналатын және саналмайтын зат есімдер
(Countable and Uncountable nouns)
Ағылшын тілінде зат есімдер саналатын (countable) және саналмайтын (uncountable) зат есімге бөлінеді
countable uncountable
A cap sugar
A man snow
UNCOUNTABLE Саналмайтын зат есім
Тек жекеше түрде қолданылады.
а/аn белгісіздік артиклі қолданылмайды.
Тағам
bread ,cheese, butter, chicken, fruit
I need some butter.
Зат
water, soap, snow, tea, coffee, milk, air
Snow is white
Материал
cotton , iron ,wood, woo l
The box is made of wood.
Абстракты ұғымдар
Hope, love, luck, time, advice,
information, news, progress
Your advice is not very good.
Жалпылауыш сөздер
Furniture, rubbish, hair, noise, traffic,
music
Her hair is long.
Зат есімнің тәуелдеу формасы (The Possessive Case)
Ағылшын тілінде зат есімнің тәуелдеу формасы апостроф’ және s әрпі арқылы жасалады:
Жекеше түрдегі зат есімнің тәуелдеу формасы ’s арқылы жасалады
Tom’s book Томның кітабы
the teacher’s bag Мұғалімнің сөмкесі
Көпше түрдегі зат есімнің тәуелдеу формасы ( зат есімнің –s көптік жалғауы болғандықтан, тек апостроф қоямыз)
the students’ book студенттердің кітабы
the boys’ dog ұлдардың иті
Зат есімнің көпше түрі -s жалғауынсыз жасалса , онда зат есімнің тәуелдеу формасы ’s арқылы жасалады
women’s rights әйелдердің құқығы
the men’s duty адамдардың міндеті
Артикльдер (The Article)
Ағылшын тілінде зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер – артикльдер қойылады . Артикльдер белгісіздік a (an) және белгілілік the болып бөлінеді.
a , an , the :
I am a teacher. Мен мұғаліммін.
Open the door, please. Өтінемін, есікті ашыңызшы.
Белгісіздік артиклі а (аn)
Белгісіздік артиклі а (an) (an формасы дауысты дыбыстан басталатын зат есімнің алдына қойылады : an apple ) ежелгі ағылшын тілінде «бір» деген мағынаны білдірген.Сондықтан белгісіздік артиклі саналатын зат есімнің ғана алдына қойылады
a cat a room an orbit
Қолданылады :
баяндауыштың қызметін атқарып тұрған зат есімнің алдына қойылады:
Omar is a student. Омар студент.
“there is (there was, there will be)” орамынан кейін зат есім –бастауыш
болғанда:
There is a good library in our school. Біздің мектепте жақсы кітапхана бар.
have етістігінен кейін толықтауыштың алдында :
I have a sister. Менің әпкем бар.
Белгілілік артилі the
Белгілілік артиклі the ежелгі ағылшын тілінде «анау» деген сілтеу есімдігінің мағынасын берген.Сондықтан ол бір немесе бірнеше белгілі зат есімнің алдына қойылады , салыстыр :
Give me a pen. Маған (әлдебір) қалам бер.
Give me the pen. Маған (мына) қаламды бер.
Қолданылады :
Зат есімнің алдында реттік сан есім болғанда:
Gagarin was the first man to fly into space.
Гагарин ғарышқа ұшқан бірінші адам.
Сын есімінің күшейтпелі шырайы алдында:
This is the shortest way to the town. Бұл қалаға баратын ең қысқа жол.
Зат есімнің алдында – following, last, next, same сын есімдері тұрса:
Copy the following sentences. Төменде берілген сөйлемдерді көшір.
You’ve made the same mistake. Сіз тура сондай қате жібердіңіз.
The next stop is ours. Келесі аялдама біздікі.
Зат есімнен кейін анықтауыш болғанда :
Here is the book I bought yesterday.
Can you show me the way to the station?
This is the house where I was born.
Алдынғы контексттен белгілі зат (жақ,құбылыс) алдында:
We’ve received a letter from an English girl. The girl writes in the letter that she wants to correspond with Kazakh schoolchildren.
Дүниедегі жалғыз заттардың атауының алдына қойылады :
The sun, the moon, the earth, the ground, the world, the sky, the air :
Our sportsmen are among the best in the world .
Жалпылама атаулары алдында :
The rose is a beautiful flower. Раушан — әдемі гүл.
The dog is the friend of man. Ит адамның досы.
Есіңізде сақтаңыз !!!
to the cinema at the cinema
to the theatre at the theatre
to the shop at the shop
to the market at the market to go for a walk
On x horseback
On x board a ship
In x fact
What a good boy !
What a long story !
What a day !
At x sunrise
At x sunset
In the country in x town
To the country to x town
By x bus, by x tram, by x train, by x car
To play x chess to play the piano
To play x football to play the guitar
Out of x doors
At x school to go x home
At x home to come x home
At x work for x work
To go to x bed ( school, work)
In the morning in the evening
In the afternoon at x night
Артикль кей саналатын зат есімдер алдында қолданылмайды
Егер зат есім қаратпа сөз болса :
Children, be quiet ! Балалар, тыныш !
Father, mother сөздерінің алдында :
Ann, hasn’t Father come yet? Аня, папам әлі келмеді ме ?
Апта күндері, ай аттары және жыл мезгілдері алдында:
Spring has come at last ! Көктем де келіп жетті !
July is a summer month . Шілде — жаз айы.
We do not go to school on Sunday. Жексенбі күні біз мектепке бармаймыз.
Есіңізде сақтаңыз !!!
to have a good time
from x morning till x night
all x day long
a lot of breakfast, dinner, lunch, supper зат есімдерінің алдында :
I have breakfast at seven. Мен таңғы асымды сағат жетіде ішемін.
Will you stay to dinner ? Сіз түстенуге қаласыз ба ?
Артикльдің саналмайтын зат есіммен қолданылуы
Саналмайтын зат есімдер (деректі және дерексіз) алдына артикль қойылмайды :
I like music. Мен музыканы сүйемін.
Give me a glass of water. Бір стакан су берші.
We struggle for peace. Біз бейбітшілік үшін күресеміз.
Pass me the bread, please. Нан әперіп жіберші.
Белгілілік артикльдің жалқы есіммен қолданылуы
Жалқы есім әдетте артикльсіз қолданылады : Ann , London , Kazakhstan , Africa , Gogol Street :
London is the capital of Great Britain Лондон Ұлыбритания астанасы.
I live in Abay street. Мен Абай көшесінде тұрамын.
Белгілілік артикльмен қолданылатын жалқы есімдер:
Теңіз, мұхит, өзен, канал, бұғаз, тау сілемі, шөл дала, арал атаулары алдында :
The Black Sea, the Atlantic Ocean, The Volga, The Thames, the English channel, the Urals, the Sahara :
London stands on the Thames.
2) Көкжиек тұстары : the North, the South, the East, the West :
He lives in the Far East. Ол Қиыр Шығыста тұрады.
3)Жалпы жанұя тегі алдында (жанұя мүшелерін түгел білдіргенде) :
Last month the Omarovs moved to a new flat. Өткен айда Омаровтар жаңа пәтерге көшті.
Белгілілік артикльді қолданылмайды.
Көл, тау, континент, қала, мемлекет, университет атауларының алдына қойылмайды.
Есіңізде сақтаңыз !!!
The United States of America
The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland
The Netherlands The Ukrine The Crimea The Congo