САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «А»
Жаратылыстану-математикалық бағыт
I. Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер мен ресурстар.
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Жаңа сабақ
Ақпарат адамнан да ерте туған құбылыс.
Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінде “informatio” - түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттану (Информатика) – электронды есептеу машина (ЭЕМ) арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Ақпаратты жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер.
Ақпараттық жүйе жобасы деп – нақты бір программалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердін сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.
Сонымен ақпараттық жүйе (АЖ) дегеніміз - қандай да бір нысанды басқаруға қажетті қойылған қоғамдық мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, «дәстүр және персоналдардың өзара байланысқан жиыны.
Бағыныңқы жүйе дегеніміз – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі.
Ақпараттық қамтамасыз ету – АЖ мен ақпараттық технологияға қажетті элементерінің бірі басқарыталын нысанның күйін және басқару шешімін сипаттайтын ақпаратты бейнелейді.
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің жұмыс жасауға арналған техникалық жабдықтар кешені.
Математикалық қамтамасыз ету – Аж-нің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және программалар жинытығы,сонымен қатар, ол техникалық құралдар кешенінің қалыпты қызметіне жағдай жасайды.
Программалық қамтамасыз ету – есептеу техникасын қолдану арқылы, ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын программалар жиыны.
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, берілген сұрақтарға өз бетінше жауап береді.
Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер мен ресурстар.
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.