Олимпиадные задания по казахскому языку 11класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


11 сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары

11 сынып

Мазмұндама

Атасы мен немересі

- Шырағым, әне бір қыбыр- қыбыр еткен не нәрсе?-деп сұрады ойнап жүрген немересінен бір қарт адам.

- Қарға ғой, ата,- деп жауап берді де, бала ойнынан бас алмады.

Біраздан соң қарт немересін қасына тағы шақырып алып:

- Шырағым, ана қыбырлап жүрген не зат?-деп тағы сұрады.

Бұл жолы немересінің даусы қатқылдау шықты:

  • Қарға дедім ғой!

Біраз уақыт өткеннен кейін қарт немересін үшінші рет шақырып алып, әлгі сұрағын қайталады.

Бала атасының көзсоқырлығына қатты ыза боп:

  • Қарға дедім ғой жаңа, қарға! Немене дамыл –дамыл сұрай бересің? – деді.

Сол кезде қарт немересіне:

  • Иә, қарға. Көріп отырмын. Тіпті сенен де жақсы көріп отырмын. Сонан соң қабағын шыта түсіп, бір күрсінді де:

  • Сен кішкентай күніңде менен «ата, анау немене, мынау немене?» – деп, бір нәрсенің өзін жүз рет сұрайтын едің. Мен жүз мәртебе түсіндіріп айтатын едім. Ол кезде сен бала болсаң, енді мен баламын. Менің үш қайталап сұраған сұрағыма үш рет ашуландың, осының жөн бе, жан балам? – деді.

Бала атасының мойнынан құшақтай алды:

  • Кешір, ата. Айналдым, ата, кеше гөр!

Қарттың жүрегі елжіреп кетті. Немересін иіскеп:

Кештім, құлыным, мендей «бала» болғанша өсе бер. Бірақ қарт адамды сыйлауды әрдайым зердеңде сақта, – деді. (30 ұпай)


11 сынып

Тест сұрақтары

1. Туынды зат есімді табыңыз.

  1. Әлсіз

  2. Жазғыз

  3. Достық

  4. Қалдыр

  5. Ала салу


2. Сұрау есімдігінің соңғы қосымшасы не? Оқушылар сағат нешеде келеді?

  1. Септік жалғау

  2. Көптік жалғау

  3. Тәуелдік жалғау

  4. Жұрнақ

  5. Жіктік жалғау

  1. Есептік, күрделі сан есімді табыңыз

а) Елу төрт балабақша бөбектерді қазақ тілінде тәрбиелейді.

b) Олар бір мың тоғыз жүз жиырма сегізінші жылы көшті.

с) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

d) Үш -үштен бөлініп малға қарай кетті.

е) Сексен шықпай, тоқсан кірмейді.

4. Көнерген сөзді табыңыз.

  1. Жаңбыр

  2. Мұражай

  3. Өндіріс

  4. Күміс

е) Уәзір

5. Жедел өткен шақ етістігін көрсетіңіз.

  1. Кетемін

  2. Отырмын

  3. Бардым

  4. Келемін

  5. Барамын

6. «Бірақ, дегенмен» жалғаулық шылауларының түрін көрсетіңіз.

  1. Ыңғайластық

  2. Қарсылықты

  3. Шартты

  4. Себеп -салдар

  5. Талғаулықты

7. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.

  2. Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.

  3. Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.

  4. Үй іші жым- жырт, құлаққа ұрған танадай.

  5. Төле би 17 ғасырда өмір сүріп, билік айтқан.

8. «Дос» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

  1. Жолдас

  2. Қас

  3. Ер

  4. Адам

  5. Бауыр



9. Сөйлемнен тура толықтауышты табыңыз.

Адал бала өзінің анасын ұмытпайды.

  1. Адал

  2. Бала

  3. Өзінің

  4. Ұмытпайды

  5. Анасын

10. «Құлаққа ұрған танадай» тұрақты тіркестің мағынасын табыңыз.

  1. Айқай

  2. Тыныштық

  3. Сөзшең

  4. Мылжын

  5. Шу`20 ұпай)