ММ «Ақсу қаласының №8 орта мектебі»
ГУ «СОШ№8 г.Аксу»
Ашық сабақ тақырыбы:
«Нұрдәулет Ақышев»
(8 сыныбы)
Мұғалім: Аманова Б. А.
Сабақтың тақырыбы: Нұрдәулет Ақышев.
Білімділік: Нұрдәулет Ақышевтің өмірі мен шығармашылығы туралы таныстыру. «Балалар елін бағындыру» әңгімесінің мазмұнын ашу, жаңа сабақты меңгерту, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету. Тапсырмалар орындай отырып, грамматикадан алған білімдерін еске түсіруге жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушыларға проблемалық жағдай туғыза келіп, олардың ойлау, сөйлеу дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз халқының әдеби құндылықтарын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: диалог- полилог, дұрыс-бұрыс, жаттығу, тілдік талдау, көрініс, танымдық ойын баяндау.
Технология: сын тұрғысынан ойлау, АКТ
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақтаның мүмкіндігі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушының назарын сабаққа аудару, сабақтың тақырыбына сөзжұмбақты шешу арқылы шығу, сабақтың мақсатын хабарлау, сабаққа белсенді қатысуды ескерту.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
І .ОЖСБ-да жиі кездесетін сұрақтарды, үй тарсырмасын франталды түрде тексеру.
-Етістіктің сұрақтары қандай? - Тұлғасына қарай қалай жіктеледі?
-Құрамына қарай ше? - Болымды, болымсыз етістікті қалай б б ?
- Неше шағы бар? - Неше райлары бар?
-Мұғалім: жаңағы сұрақ-жауаптарды не үшін қайталадық?
- ОЖСБ-на дайындық үшін, сауатты болу үшін.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
ІІІ. Сұрақ: Балалар, сендер бүгінгі сабақта не білгілерің келеді?
Жауап: Нұрдәулет Ақышев туралы білгіміз келеді.
ІV. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
Тыңдаймыз.
Оқимыз.
Жазамыз.
Сөйлесеміз.
Тілдесеміз.
V. Нұрдәулет Ақышев – танымал қазақ жазушысы, журналист. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында 1950 жылы дүниеге келген.
Абай атындағы мемлекеттік университеттін бітірген. «Жалын», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі» газет-журнал редакцияларында жұмыс істеді.
Нұрдәулет Ақышев – журналистер одағының мүшесі.
VІ. САНДЫҚ.
Нұрдәулет Ақышев – танымал қазақ жазушысы, журналист.
Ол Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында 1970 жылы дүниеге келген.
Абай атындағы мемлекеттік университеттін бітірген.
Абай атындағы мемлекеттік университеттін бітірген. «Жалын», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі» газет-журнал редакцияларында жұмыс істеді.
Нұрдәулет Ақышев – журналистер одағының мүшесі емес.
VІІ. Жаңа сөздермен жұмыс
1.Мақұрым – безвестный
Жұпыны – простой, скромный
Есіл-дерті – в полную силу, совсей душой
2. Сөз тіркестерін құрастыру.
3. Сөйлемдер құрау.
VІІІ. МӘТІН Балалар елін бағындыру
Ерте, ерте, ертеде Балалар елі деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Тіпті күнделікті өмірінде еш қызық болмапты. Содан күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады. Ол патшалықтың аты – Ойын екен.
Ойын келісімен-ақ, Балалар елі бірден көңілденіп сала беріпті деседі. Айнала айғай-шу, думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні – тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай Ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақұрым қалуға айналады. Есіл-дертін Ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала тіпті тамақ ішіп, жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен.
Ата-аналар әрлі-берлі ақылдасып, енді Еңбекті шақыртыпты. Сол-ақ екен, Балалар еленің тіршілігі қайтадан жанданып қоя беріпті дейді. Балалар бір уақыт ойнаса, бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Нанның дәмін сезіпті, оынң дастарқанға қалай келетінін түсініпті. Ата-ананың қадіріне жетіпті. Бұл ел өміріндегі өзінше жақсы бір кезең болған екен.
Осылайша уақыт өте беріпті. Бірақ сонда да ел тіршілігінде бірдеңе жетіспейтін сияқты болады да тұрады. Ата-аналар әрі ақылдасып, бері ақылдасып, ол жетіспейтін нәрсенің атын Оқу деп тауыпты. Өйткені балалар Ойын ойнап шынығып, Еңбек етіп өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Табиғат құпиясын білмейді. Өмір сүруді қалай жеңілдету керек, ол жағынан да мүлде бейхабар.
А) Мәтінді тыңдау (Аудио).
Ә) Әр оқушы ішінен оқиды.
Б) Тізбекпен оқиды.
ІХ. ТІЛДЕСІМ.
А) Диалог
Ә) Полилог
Б) Көрініс
Х. ЖАЗЫЛЫМ.