Үш тілділік- болашаққа апарар жол сынып сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Үш тілділік – болашаққа

апарар жол











Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте



Қадыр Мырзалиев



Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», - деген болатын.









Ұлтаралық татулық – мемлекеттік тұрақтылықтың негізі. Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулығы, ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлықтай екені даусыз. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап – ақ елімізде тіл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.







Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында Үкіметтің алдына «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Алдымыздағы өскелең ұрпақтың алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.



Біздің мақсатымыз: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Оқушыларды ізденуге дағдыландыру.Мемлекеттік тілді білу – парыз, өзге тілдерді үйрену – құқық. Сондықтан «Үш тұғырлы тіл» мәселесі көтеріліп жатқанда, мемлекеттік тіл мен шет тілдерді де меңгеру 2013 жылдан бастап қолға алынбақ.

«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» атты желеумен мемлекеттік тіліміз қазақ тілін, орыс тілін және де халықаралық тіл ағылшын тілін ұйымдасқан түрде тіл үйрену курстарын қолға алды.





Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», - деген болатын.







«Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр.







Оқушылардың біліміне, дағдыларына, икемділігіне қойылатын талаптар:

Жаңа (Macmillan Basic English Dictionary негізінде) (тапсырмалардың орындауы үшін қолданылатын) жаттау, пікірталас үшін лексикалық бірліктерді қолдану, Financial times газетінен адаптерленген мәтіндер оқу және басқа да газеттер оқу арқылы оқудың дағдыларын жетілдіру, мақалалардың мазмұнын талқылау, интервьюді дауыстап оқу мақсатында түсініп және мазмұн бойынша мақала жасауды үйрету, грамматикалық тақырыптарды бекіту, телефон бойынша презентациялар жасау, компаниялармен келіссөздер жүргізу, кездесулер, қарым – қатынас ұйымдастыру, қоғамдық коммуникацияларға қатысу, жазу және – e-mail жіберу, яғни іскерлік байланысқа дағдылану.

Осы курстың кешенді мақсаты тақырыптық мәтіндер қолдануды, баспасөзді, дыбыстық материалдарды, жарнамалық даңғылдарды ескереді. Сабақта оқушыларды басқа елдердің экономикалық өмірімен таныстыратын мәтіндер алынады. Бұл оқу кітабындағы мәліметтер оқушылардың экономикалық ой өрісін кеңейтеді, (тарих, география және басқалар) басқа сабақта алған өнер – білімдерін толықтырып тереңдетеді.

Экономикалық мәліметтері бар хабарландырулар, кесте, жарнама, мәзір, диаграмма, суреттер түпнұсқалық материалдардың көзі болып табылады.







Сонымен бірге лицейде неміс тілі мен француз тілі пәндері оқытылады. Мектебімізде үш тілді оқыту өзінің нәтижелері мен тиімділігін дәлелдеді. Жаңа пәнді енгізу арқылы мектебіміз жаңа даму сатысына көтерілді. Экономикалық лицей әрқашанда өзінің белгісін дәлелдейді. Яғни,

- Гуманитарлық пәндерден білім сапасы, ҰБТ қорытындысы

-Мектеп түлектерінің ЖОО түсуінің жоғары пайыздылығы

-«FLEX» сайысындағы жыл сайынғы жеңістер, яғни оқушылардың АҚШ – та бір жылға оқуға мүмкіндік алуы.

-Түлектердің KIMEP, КБТУ, Канада, АҚШ, Ұлыбритания университеттеріне түсуі.

Сонымен, үш немесе одан да көп тілдерді білу біздің оқушыларымызға әр түрлі дәрежедегі олимпиадаларда, сайыстарда жоғары нәтижелерге жетуге көмегін тигізді.

Қорыта келгенде, «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр.

Сондықтан да, елімізде «Үш тұғырлы тіл» мәдени бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылатын болды. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Мемлекеттік тілді және шет тілдерді үйренуіміз керек. Мынадай шарықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы болмайтыны хақ. Сондықтан қазақ, орыс және шет тілдерінің ішінде көбіне көп қолданылып жүрген ағылшын тілін жетік меңгерген ұрпақ өсіріп, оларға үлгі білу – бәсекеге қабілетті елдің берік іргесі мен кемел келешегінің кепілі.