Қазақстанның қалалары 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic]



Қазақстан қалалары.

Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай,жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.Олар:темір рудасы,түсті және асыл металдар,көмір,мұнай,фосфориттер.Осыларды теру барысында жаңа қалалар пайда болды.

Олар:Арқалық,Балқаш,Жезқазған,Қаратау,Қарағанды,Теміртау,Ақтау,Кентау т.б.Екібастұз бен Қарағандыда көмір шығарылады.Жезқазғанда мыс пен жез өндірілсе,Теміртау қаласында шойын , темір,болат қорытылады.Бұл жерлерде өндірісті мол өндіруге су жетіспейді.Осы қиындықтан шығу үшін Ертіс-Қарағанды каналы салынды.

Кәрі Ертістің мол суы Екібастұз бен Қарағандыға жетіп,каналдың жан-жағын гүлденді.

Тамаша каналмен Теміртау,Жезқазған қалаларына да су жетті және канал суымен мыңдаған гектар жер суарылды.Канал бойында жүздеген жаңа совхоздар құрылып,жайқалған егін,орман алқабына айналды.



Тапсырмалар:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

2.Салалас құрмалас сөйлем туралы не білесің

3.Жатжазу тақырыбы бойынша сөйлесу құрастыр.

[pic] [pic]



Алматы

Алматы қаласы 1929 жылдан 1997 жылға дейін республиканың астанасы болды.Алматы-Қазақстанның ең көрікті қаласы,ол Іле Алатауы баурайында орналасқан.Мемлекеттің Оңтүстік астанасы деп есептеледі.Қалада Республика Президенті мен Үкіметінің резиденциясы жұмыс істейді.Өнеркәсібінің 70 пайызын тамақ және жеңіл өнеркәсіп құрайды,бірнеше машина жасау,жөндеу-механикалық зауыттар бар.Алматы –ірі қаржы және сауда орталығы.Мұнда жүздеген түрлі банктер мен базарлар,сауда ұйымдары дамыған.(70сөз)

1.Жалқы зат есімдерді теріп жазып ал.

2.Алматы-Қазақстанның көрікті қаласы. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.



[pic] [pic]





Қарағанды

Қарағанды-мемлекетіміздің ірі қалаларының бірі.

Ол тұрғындарының саны бойынша екінші орында тұр.1931 жылы Қарағанды қаласының негізі салынған.Қарағанды тас көмір шығаруға мамандаған.Қаладағы барлық ауыр өндіріс осы саламен байланысты.Қалада тігін және тоқыма өндірісі,құрылыс материалдарын өндіру дамыған.Сондай-ақ,ірі ет комбинаты,ұн комбинаты,нан зауыты,кондитер фабрикасы жұмыс істейді.Қарағындыға маңызды темір жол жол және автомобиль,әуе жолдары келеді.(61 сөз)

1.Мәтінге сөздік құрастыр.

2.Мәтінді пайдаланып диалог құрастыр.

[pic] [pic] [pic]



Шымкент

Шымкент XII ғасырда пайда болған.Ол-көне қалалардың бірі.Халқының саны жағынан үшінші орын алады.Ол-Республикадағы маңызды өндірістік қалалардың бірі.Қаратау тауларындағы полиметалл өндіру,мақта өсіруді ұлғайту,Түрксіб темір жолын салу,түрлі кен орындарын игеру Шымкент өнеркәсібінің дамуына ықпал етті.Қаланың ең маңызды кәсіпорны-қорғасын зауыты. Мұнда үлкен химия-фармацевтзауыты бар.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтіп,тігін,тоқыма-шұлық фабрикасы жұмыс істейді.Сондай-ақ,цемент,мұңай өндеу,дөңгелек-шина жасау,фосфор тұздарын жасау зауыттары да Республика үшін маңызды.(78 сөз).

  1. «Шымкент- көне қалалардың бірі»- әңгіме құрастыр.



[pic] [pic] [pic]



Қостанай

Қостанай-Солтүстік Қазақстанның ірі өндіріс және мәдени орталығы.1879 жылы салынған.Қалада ет консервілеу комбинаты,кондитер фабрикасы сияқты ірі кәсіпорындар бар.Қостанайда аса зор астық өндеу кәсіпорны жұмыс істейді.Қазір онда металл өңдеу саласы дамып келеді.(37 сөз).



[pic]





Қызылорда

Қызылорда қаласы 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған.Қазір Қызылорда облысының орталығы.Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған.Ол Сырдария өзенінің жағасында орналасқан.Қызылорда гидромелиорация саласының орталығы болып саналады.Қалада целлюлоза-картон комбинаты бар.Ол жергілікті күріш сабанын және тростникті пайдаланады.Қазір Қызылордада мұңай өңдеу кәсіпорындары жедел дамып келеді.(46)



[pic] [pic]







Көкшетау

Көкшетау-Ақмола облысының орталығы.Ол 1824 салынған.Табиғаты аса сұлу.Қала жеті төбеге орналасқан.Оның маңында 80 көл бар.Қаланың Бурабай курорты арқылы да атағы шыққан.Көкшетауда оттегі-тыныс аппаратурасы зауыты,өлшеу приборлары зауыты,фарфор зауыты,т.б.өнеркәсіп орындары бар.(40сөз).





[pic]



Ақтөбе

Ақтөбе-Солтүстік-Батыс Қазақстандағы ірі индустриалдық және мәдени орталық.Ол 1869 жылы салынған.Ақтөбеде ферроқорытпа зауыты,рентген-аппаратура зауыты,ауыл шаруашылығы машиналарын жасау,мұңай жабдықтарын жасау кәсіпорындары жұмыс істейді.Қалада ұшқыштар академиясы,медициналық тағы басқа жоғары оқу орындары бар.(37 сөз).



[pic] [pic]

Орал

Орал-Солтүстік-Батыс Қазақстандағы ескі қала.1713 жылы негізі қаланған.Емельян Пугачев көтерілісінің орталығы болған.

В.Чапаев қаза тапқан майдан осында болған.Оралда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу өнеркәсібі дамыған.Оның ішінде-тері зауыты,ет консервілеу зауыты,ұн-жарма комбинаты-Республикадағы аса ірі кәсіпорындар.Мұнда металл өндеу өндірісі де бар.(48 сөз).



[pic] [pic] [pic]



Атырау

Атырау Орал өзені жағасына 1615 жылы салынған.Атырау бұрын Гурьев деп аталған.Ол –Каспий теңізі жағасындағы порт. XX ғасырдың басына дейін онда тек балық өнімдерін өңдеуге байланысты ғана болған.Қала темір жол келген соң ғана дами бастады.Қазір Атырау-Орал-Ембі,Мұнай өндірісі аумағындағы мұнай мен газ өнеркәсібінің ірі орталығы.Мұнда мұнай өңдеу зауыты,мұнай жабдықтарын жасау зауыты,аса ірі балық консервілеу комбинаты жұмыс істейді.(66 сөз)





[pic] [pic]

Ақтау

Ақтау-Оңтүстік-Батыс Қазақстандағы жаңа қала.Ол 1963 жылы Маңғыстау түбегіне салынды.Ол-Каспий теңізіндегі порт.Ақтауда мұнай және газ өнеркәсіптері бар.Маңғыстаудауғы барлық мұнай өндіру орындарына Ақтаудан автомобиль жолдары барады,ал Жетібай,Жаңа Өзен қалаларына теміржол салынған.Қазақстандағы жалғыз атом реакторы-осы Ақтауда.Ол теңіз суын тұщы суға айналдырған.(51 сөз)

Павлодар

Палодар 1720 жылы Коряковск деген атпен Ертіс жағасында пайда болған.1826 жылы Павлодар қаласы деп аталған.Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндеу-қаладағы ескіден келе жатқан кәсіп.Қазіргі Павлодарда трактор,алюминий,мұнай өндеу сияқты алып зауыттар бар.Екібастұз қаласындағы көмір өндіру,электр өнеркәсіптері де Павлодар өнеркәсіп кешенің құрамына енеді.(48 сөз)



[pic] [pic] [pic]





Өскемен каласы.

Өскемен каласы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп, мәдени және әкімшілік орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік шығысында Ертіс және Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан. Жер көлемі 54.4 мың га. Халкының саны 326 мың адам. Қаланың негізі 1720 жылы қаланған. 1868ж Өскемен қала мәртебесін алды. 1952 жылы Ертісте Өскемен СЭС - ы салынды. Өскемен еліміздегі түсті металлургия орталығы. Өскеменде үш мұражай, драма театры бар.



[pic]