Тест по казахскому языку

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...































0025 – нұсқа

  1. Сөздің соңында келмейтін дауыстылар қатарын белгілеңіз.

А) А, Ә, О.

В) О, Ы, І.

С) Ы, І, Е.

Д) Ө, Ұ, Ү.

Е) У, Ы, І.


  1. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.

А) Хаб-ар-ла-ма.

В) Хаба-рла-ма.

С) Ха-бар-ла-ма.

Д) Хаба-р-ла-ма.

Е) Ха-ба-рла-ма.


  1. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөзді белгілеңіз.

А) Тау-тау.

В) Қосшылар.

С) Өзді-өзі.

Д) Баспасөз.

Е) Күннің көзі.


  1. Сан есімнің мағыналық түрін ажыратыңыз.

Екеуін де жарқын болашақ күтіп тұр.

А) Есептік.

В) Бөлшектік.

С) Жинақтық.

Д) Реттік.

Е) Болжалдық.

  1. Екі буыннан құралған еліктеу сөзді табыңыз.

А) Күмп.

В) Қыңқ.

С) Қорбаң.

Д) Арс.

Е) Лып.


  1. Мекемелерде жүргізілетін жазу үлгісіне тән стиль түрін анықтаңыз.

А) Публицистика.

В) Іс-қағаздар.

С) Ғылыми.

Д) Көркем әдебиет.

Е) Ауызекі сөйлеу.


  1. Омоним бола алмайтын нұсқаны көрсетіңіз.

А) Алыста жүрсе де алыс-берісі үзілмеді.

В) Ара шаруашылығындағылар ауылға күн ара қатынайды.

С) Өмір қайда болса, поэзия сонда.

Д) Нәрестеге ат қойып, ат бәйгесін өткізді.

Е) Бас агроном келгенде, бас изесіп амандасты.






























































































  1. Ағайын тату болса, ат көп.

Абысын тату болса, ас көп.

«Тату» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Жау.

В) Дос.

С) Есепшіл.

Д) Байқау.

Е) Үш.


  1. «Баралы» сөзін қай қатарға жатқызамыз, көрсетіңіз.

А) Диалект.

В) Әдеби тіл.

С) Эвфемизм.

Д) Кәсіби сөз.

Е) Ауыспалы сөз.


  1. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды көрсетіңіз.

А) Көкбай.

В) Тоқымқағар.

С) Сейітқұл.

Д) Қарақұрт.

Е) Жанболат.


  1. Сын есімнен жасалған туынды зат есімді табыңыз.

А) Қойшы.

В) Жеңілдіктер.

С) Үйшік.

Д) Термеші.

Е) Табақтас.

  1. Қатыстық сын есімді ажыратыңыз.

А) Аялы алақан.

В) Оянған өлке.

С) Көкшіл мұнар.

Д) Қызыл кітап.

Е) Асыл шөп.


  1. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

А) Одан да қызығы «Орамал тастау» ойыны үстінде болып еді.

В) Оның туған жерін, жас мөлшерін анықтаудың өзі қиын.

С) Сыпақовтың ұшқан ұясына көп жылдан бері қайтып оралуы осы.

Д) Әкемнің нағашы жұрты Атыраудан әлдеқашан көшіп кеткен.

Е) Бұлар енді біршама жер жүргенде, алыстан айқай шықты.


  1. Етістіктің бұйрық райы түрінде тұрған сөзді табыңыз.

А) Сабаққа келді.

В) Көрген болар.

С) Үйге қайтыңдар.

Д) Көшіп кеткен болатын.

Е) Айтып кеткен еді.


  1. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болатын сөзді анықтаңыз.

А) Зат есім.

В) Мөлшер үстеу.

С) Күшейткіш үстеу.

Д) Одағай.

Е) Етістік.


  1. Сөз тіркесіндегі меңгеруді табыңыз.

А) Тасқа ұру.

В) Жас бала.

С) Өнегелі өмір.

Д) Жақсы азмат.

Е) Дананың сөзі.


  1. Пысықтауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Бұл қорықтың географиялық атауы қандай?

В) Әкесі балаларының алғырлығын байқағысы келді.

С) Сөздің сертін білетін еді.

Д) Адамға адамгершілік керек қой, балам.

Е) Ойқастай шауып, оқыс тұра қалып, жалт бұрылады.


  1. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Бұл менің алғашқы әнім болатын.

В) – Үйреніп, еріп айтсаңшы.

С) Абай Ерболға еріп келеді.

Д) Оның барлы арманы орындалды.

Е) Тоғжанның атастырған күйеуі бар.



  1. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қарағым, бүгін күн жұма ғой.

В) Дүниеде,сірә, сендей маған жар жоқ.

С) Жүрегім, ойбай, соқпай енді.

Д) Уа, халқым, құлаш жаздың кең өріске.

Е) Не де болса қалмайық енді, балам.


  1. Күрделі сөзі жоқ қатарды көрсетіңіз.

А) Ардағым, асыл Арқам, жұмағымсың.

В) Екі ғасырдың тел қозысы Дина Нұрпейісованың көңілін сұрауға төрт-бес жазушы барыпты.

С) Сарыарқа! Ойхой, дала, алтын дала!

Д) «Көкейкесті» - ұлы арманы жұртының.

Е) Көз алдымда тізбектелген қаз-қатар, ғимараттар тебірентіп жырлатар.


  1. Демеулік шылауды көрсетіңіз.

А) Табиғаттың өзі-ақ мүмкіндік беруде.

В) Ол біресе Көкшеге, біресе Оқжетпеске таңырқады.

С) Жусан шөл жерде өседі, сондықтан шыдамды.

Д) Оны үйінен қуды, бірақ өзі өкінді.

Е) Балалар жүрістен әбден қалжырады.


  1. Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлем түрін атаңыз.

А) Хабарлы сөйлем.

В) Сұраулы сөйлем.

С) Бұйрықты сөйлем.

Д) Атаулы сөйлем.

Е) Лепті сөйлем.



























































  1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Жамал сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды.

В) Серғазыға қаншама жүр десе де, құдалыққа бармай қалды.

С) Ғайшаның сұлулығынан мін таба алмай, сыртынан ғашық болды.

Д) Таңертең бай далаға шығайын деп тұрғанда, күндегі бүк түсіп жататын жерінде Ғайша жоқ екен.

Е) Егіс аяқталып, шөп, астық жинау алдындағы бір тыныс кезеңі туды.


  1. Көп құрамды төл сөзді белгілеңіз.

А) – Жігітім, жарайсың. Күшіңе сүйсіндім, -деді Паң.

-Не бата тілейсің?

В) Абай Ақылбайдан:-Қалада не хабар бар?- деп сұрады.

С) Әлияның батыр болғаны туралы айтылды.

Д) Ол үш күннен бері жаңбыр жауғанын айтты.

Е) – Енді кері қайтуға бола ма? -деп сұрады жауынгерлер.









  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.

А) Бұл екі топта екі түрлі ерекшелік бар- бірі күзі жеткен өмірдің құлази бастауы,- бірі жас өмірдің жайқала бастауы.

В) Бұл екі топта екі түрлі ерекшелік бар,бірі күзі жеткен өмірдің құлази бастауы; бірі жас өмірдің жайқала бастауы.

С) Бұл екі топта екі түрлі ерекшелік бар:бірі күзі жеткен өмірдің құлази бастауы- бірі жас өмірдің жайқала бастауы.

Д) Бұл екі топта екі түрлі ерекшелік бар;бірі күзі жеткен өмірдің құлази бастауы-бірі жас өмірдің жайқала бастауы.

Е) Бұл екі топта екі түрлі ерекшелік бар:бірі -күзі жеткен өмірдің құлази бастауы; бірі -жас өмірдің жайқала бастауы.