Разработка по Казахскому языку Алакөлдегі өсімдіктер мен құстар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 6 қыркүйек

Сыныбы: 8 «Б»

Тақырыбы: Алакөлдегі өсімдіктер мен құстар

Сабақтың мақсаты:  Алакөлдегі өсімдіктер мен құстардың тіршілік ету мекенін түсіндіру, ауызша және жазбаша тілін дамыту.

Күтілетін нәтиже: Мәтіннің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады.


Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Оқушылармен

Амандасу.

Оқушыларды журнал бойынша түгендеу.

Зейіндерін сабаққа аудару.

Амандасады.

Сабаққа дайындалады.



Үй жұмысын сұрап шығу.

5-7 мин




Үйге берілген тапсырманы оқушылардан сұрап шығу.

3-тапсырма.

Ауызша сұрақтарға жауап береді.

Ережелерді қайталап сұрап шығу.


Жаңа сабақ

5-7 мин

Білу.

Алакөлдегі өсімдіктер мен құстар. Сабақты түсіндіру.

Оқушылар екі топқа бөлініп, 1-топ Алакөлдегі өсімдіктер, 2-топ Алакөлдегі құстар жайлы постер қорғайды.


Түсіну.

Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс жүргізу. Етістіктер білдіретін мағынасына, соған сәйкес сөйлемде атқаратын қызметіне қарай екі түрлі: негізгі етістік және көмекші етістік болып бөлінеді. Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады.  Берілген екі сөйлемде бірнеше етістік қолданылған: келе және жатып, сұрады, болма, болсаң, арқалан, тап, бар, қалан. 

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 320-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып, етістіктерді табыңдар, олардың қайсысы негізгі, қайсысы көмекші екенін айтып беріңдер.


Қолдану.

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындау.

Оқушылар диалогті толықтырады. Ауызша орындайды.


Талдау.

Сөздерді сөз құрамына талда.

1-топ. жағалауында

2-топ. мекендейді.


Дұрыс талдауға бағыттайды


Оқушылар сөздерді сөз құрамына талдайды.


Жинақтау

Күрделі тапсырмалар беру, оқушыларды ойландыру.

Негізгі етістік пен көмекші етістікті пайдаланып, Алакөл туралы әңгіме құрау.


Бағалау

Оқушыларды Критерий бойынша оқушыларды бағалау.

Критерийлерді алдын ала оқушылармен құрып алу. Сол критерийлерді негізге ала отырып, бағалау.


Рефлексия

Оқушыларға парақша таратамын.

Осы парақшаға жеке өз ойларын жазып, тақырыпқа қатысты пікірлерін білдіреді.


Үйге тапсырма.





3-тапсырма. мәтіннен негізгі етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғанын анықтау.






Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.











Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар

Не сәтті болды?


Не сәтсіз болды?


Нені жақсартуға болады?


Мен өз дағдыларыма нені дамыта алдым: