Can you play the guitar?
Сабақтың мақсаты. «Can» модальді етістігін енгізіп, оны әр түрлі етістіктермен қатар қолдануды және осы етістікті пайдалана отырып жауап беруді үйрету. Piano, guitar, violin, ceilo, trumpet, recorder деген сөздерді енгізу.
1.Сабақтың ұйымдастыру кезеңі:
2.Тілді жаттықтыру
The Letter R
1 ) R is Brown
Grey and Green too
But not in whitе
Yellow or blue
What Am I?
2) I`m black,
And red and blue
I drew a picture
For you.
(Pencil)
3. «Саn» модальді етістігін және piano, guitar, violin, ceilo, trumpet, recorder, play, instrument сөздерін енгізу. «Саn» модальді етістігін оның аудармасын беру арқылы, ал қалған сөздерді суретін көрсету аркылы тусіндіру керек.
4. Жаңа сөздерді дыбыстау. Әдеттегідей хормен және жеке-жеке айтқызып үйрету керек .
5.Can you play the guitar? Сұрағын және оның «Yes, I can», «No, I can’t» деген сұрақтарын енгізу. Ол үшін мұғалім бір музыкалық аспаптың атын атай отырып , әр оқушыдан « Can you play the piano (guitar, dombura etc)?» деп сұрайды және ол сұраққа «Yes, I can», « No, I can`t» деп жауап беруді үйретеді. Осы үлгі бойынша оқулықта берілген барлық музыкалық аспаптардың атын қолдана отырып,әрбір оқушыға сұрақ қойып , жауап алып шығады.
6.Can you play the guitar? деген сұрақты дыбыстау. Оқушыларға хормен және жеке-жеке айтқызу керек.
7. Жұптық жұмыс. Оқушылар бір бірімен оқулықтағы 2 жаттығу бойынша сөйлеседі.
8.Топтық жұмыс. Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, бір- бірінен кімнің қандай аспапта ойнай алатынын сұрайды.
9. Жұптық жұмыс. Жоғарыдағы үлгі бойынша кімнің қандай ойын (football, volleyball, basketball, table tennis, chess cards, draughts - шашки) ойнай алатынын сұрауға болады. Ол үшін алдымен ойынның аттарын хормен және жеке-жеке қайталатып алған жөн.
10. «Who can play the guitar?» деген сұрақты енгізу. Бұл сұрақ та алдыңғы сұрақ сияқты енгізіліп, дыбысталуы үйретіледі. Сонан соң оқушылар бір бірімен сөйлеседі. Жұптасып сөйлесердің алдында олар топпен жұмыс істеп, кімнің қай аспапта немесе қандай ойын ойнай алатынын біліп алғандары жөн. Сонда олар нақты оқушының атын айтып жауап бере алады. Мысалы, Alma can play the piano.
11. « What musical instrument can you play?» деген сұрақты да жоғарғыдай жолмен енгізу керек.
12. Үйге тапсырма. Жұмыс кітабындағы үшінші жаттығуды орындау.
UNIT FOUR
Step one
What time is it?
Сабақтың мақсаты. «What time is it?» деген сұрақты енгізе отырып, уақытты сұрап, оған жауап беруді үйрету. Уақытқа байланысты half, quarter, past, to, o’clock, minutes деген сөздерді енгізу.
1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі.
2. Тілді жаттықтыру.
Оқушыларға өткен сабақтағы тіркестер бойынша әр түрлі сұрақтар қойып, оларға тез-тез жауап бергізу керек. Мысалы: What’s your mother (sister, father, brother, grandfather, grandmother, friends, house, dog, cat, bag т.т.) like? т. б.
3. Сандарды қайталау.
4. Жаңа сөздерді енгізу. Сабаққа үлкен ойыншық сағат әкеліп, оның сағат тілін өзгерте отырып: «It’s 1(2,3,4,5....) o’clock» деп айтып шығу керек. O’clock деген сөзді хормен және жеке-жеке қайталатқаннан кейін, сағаттың тілін өзгертіп отырып, әр оқытушыға (хормен айтқызуға да болады) уақытты айтқызу керек.
Осыдан кейін уақытты минутымен айтуды үйрету керек. Ол үшін сағаттың минут тілін жылжытып тұрып (1,05 – It’s 5 minutes past 1, 1, 10 – It’s 10 minutes past 1, 1,15 – It’s quarter past 1, 1, 20 - minutes past 1, 1,25 - It’s 25 minutes past 1, 1, 30 – half past 1), уақытты минутымен айту керек. Осылайша past, to, minutes, quarter, half деген сөздер түсіндіріледі. Оқушылардың жылдам түсінуі үшін бұл сөздерді қазақ тіліне аударып беру керек.
5. Жаңа сөздерді дыбыстау. Әрбір жаңа сөзді хормен және жеке-жеке айтқызып үйрету керек. Жаңа сөздерді айтып жаттыққаннан кейін сағаттың сағат тілі мен минут тілін өзгертіп отырып, әр оқушыға «What’s the time? » деген сұраққа «It’s _________»жауап айтқызу керек. Оқушылар «What’s the time?» деген сұрақты таңдап, іштей қайталап отырады.
6. «What’s the time?» деген сұрақты дыбыстау. Бұл сұрақты да хормен жеке-жеке айтқызып үйрету керек.
7.Жұптық жұмыс. Бірінші оқушы сағатты көрсетіп отрып, «What’s the time?» деп сұрақ қояды, ал екінші оқушы «It’s _________» деп жауап береді.
Ескерту. Уақытты алдымен «past» сөзін қолданып үйрету керек. Әбден жаттыққаннан кейін, тура сол әдіспен «to» сөзін үйреткен жөн. Содан кейін екуін қатар қолдану керек.
Жұптасып жұмыс істегенде ( сағат сұрағанда, басқа да нәрсе туралы сұраған кезде) оқушылар «Excuse me», «Thank you » деген тіркестерді қолдануды ұмытпағандары жөн.
8. Оқушылар Жұмыс кітабындағы 3-жаттығудың жартысын сыныпта орындап, қалғаның үйде орындап келсе да болады.
9. Жазу жұмысы. жеке-жеке айтқызып үйрету керек. Мұғалім тақтаға тәуліктің әр мезгілін санмен көрсетіп жазады. Оқушылар оны дәптерлеріне жазбаша орындайды.
10. Үйге тапсырма. 1) Оқулықтағы 8- жаттығуды орындау; 2) Жұмыс кітабындағы 1,2,3-жаттығуларды орындау.
Бағалау парағы
Мектеп директоры Мамырбеков М.А
Пән жетекшісі Галиева Г.Е
Бағалау парағы
Мектеп директоры Мамырбеков М.А
Пән жетекшісі Бакраева Ж.Т