Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 06.04.2016 оқу жылы
Сынып: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: С.Жүнісов« Ақырғы бәйге»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу;
2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармалар жинағы..
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сырбай Мәуленов «Менің Ресупбликам» өлеңін жаттау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» («Ақан сері» романынан)
Сәкен Жүнісов 1934 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Көрнекті жазушы, белгілі драматург.
Романдары: «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері»
Хикаяты: «Заманай мен Аманай»
Қазақтың атақты серісі, әншісі, ақыны,сазгері Ақан сері туралы роман –диологиясы туған әдебиетіміздің бір шоқтықты биігіне бағаланады.
Ой шақыру стратегиясы бойынша Ақан сері өмірі туралы мәлімет беру.
Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы
ақын, әнші, композитор, саяткер, құсбегі,
Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші, композитор, саяткер, құсбегі, Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі [link]
Мұғалім сөзі: Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романынан алынып отырған бұл үзіндіден атақты әнші, ақын, сазгер, саяткер, құсбегі Ақан сері мен Құлагер тағдырының ең бір күрделі де қайғылы кезімен танысасыңдар. Оқиға Ереймен өңіріндегі атақты паң Нұрмағанбет болыстың тоқсанға келіп өлген әкесі Сағанайға берген асында болғандықтан әңгіменің өзегі нақты тарихи оқиғаға құралған.
ІV. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап:
Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты.
Ат үстінде неше түрлі өнер көрсетіп, сырнай тартып жүрген бала кім?
Мөңкеге Ақан неге «Байқа бала Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отыр» деді?
Топтаса отырып, бөлімдерге ат қояды
1. Сыншы Күреңбай
2. Өнерлі бала Шашубай
3. Той жаршысының өнері
4. Ақанның мөңкеге айтқан ақылы
5. Жарысқа шыққан аттар
6. Көмбеге жеткен аттар
7. Ақанның алаңдауы
8. Ақырғы бәйге
V. Жаңа сабақты бекіту:
Мәтінмен жұмыс.
Үзіндіні бөлімдерге бөліп,әр бөлімге тақырып қойып, жоспар құрыңдар.
Үзіндідегі сыншылық өнер, той жаршысының өнері, атбегі баланың өнері сияқты қазақтың ұлттық өнерінің әрбірін жекелей сипаттап айтыңдар
Шығарманың тіліне көңіл аударыңдар. Жазушы қолданған үздік эпитет, теңеу, метафораларды дәптерге жазу.
Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жан – күйін жазушы қалай суреттеген? Тауып оқу және жаттап алу.
VІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. С.Жүнісов« Ақырғы бәйге» оқу. Түсінік айту.