Разработка урока по казахскому языку на тему Спорт. Спорт түрлері 5 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


13.04.2016 жылы

Қазақ тілі

6 сынып

Ердусинова Алия Бектемісқызы

Сабақтың тақырыбы: Спорт. Спорт түрлері. Жалғау түрлерін қайталау.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Спорт, спорт түрлері тақырыбы бойынша оқушының алған білімдерін арттыру. Түсініксіз сөздердің мән-мағынасын, аудармасын түсіндіру. Оқушыларға спорт түрлері қайталап, спорт туралы сөздерді сөздік қорына енгізу, спорт туралы сөз тіркестерін, сұрақ-жауапты дұрыс құрастыра білуге үйрету. Өзара диалог және әңгіме құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға спорт түрлерінің қажет екенін түсіндіру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: кестелер, слайд, интерактивті тақта, суреттер

түсіндіру, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс,

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: спорт, дене тәрбиесі, тарих,тіл.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер (оқушылар бір-біріне тілектер айтады) Оқушылар топқа бөлініп отырады. Слайд 1

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

ІІ. Тіл дамыту сұрақтары. (көктем мезгіліне байланысты сұрақтар қойылады)

Слайд 2

III. Қызығушылықты ояту. Слайд 3

Спорт туралы суреттер көрсетіп, оқушылардың спорт туралы білгендерін сұрау.

Осы тақырыпқа байланысты сөздер айтқызу. («Сөре-мәре» деген ойын).


Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Мақсатын оқушылар өздері айтып шығады.

Спорт өмірді ұзартады. «Спорт –біздің досымыз» дейді қазақ халқы. Ендеше бүгінгі сабағымызда спорт, спорт түрлері, спорттың адам өміріндегі алатын орны туралы сөйлесеміз.

IV. Фонетикалық жаттығу. Сабақтың ұраны. Слайд 4

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
ө-жіңішке, еріндік, ашық

і-жіңішке, езулік, қысаң

  1. Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмысы. Слайд 6

Жанкүйерлер, денсаулық, көкпар, шыдамдылық, сенімділік, жылдамдық, жаттығы (қатемен жұмыс)



А) Сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін ажырату.

Ә) Осы сөздермен бірнеше сөйлемдер құрастыру.

Футбол ойынында жанкүйерлер көп болды.

Денсаулық-адам өміріндегі ең үлкен байлық.

Біз дене шынықтыру сабағында жаттығу жасаймыз.


-Ал балалар, спорттың қандай түрлерін білесіңдер? Слайд 7

Топпен жұмыс.

  1. Мәтінмен жұмыс жасау. Слайд 8

  1. Мәтінді оқу.

  2. Мәтінді аудару.

  3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1-ші топ «Баскетбол» мәтінімен жұмыс жасайды. Слайд 9

Баскетбол.

Бұл ойын АҚШ-та бұдан 100 жылдай бұрын пайда болған. Ол кезде допты торға емес, тоқылған әдеттегі себетке лақтырып түсірген. Осыдан барып ойынның аты шыққан екен: «баскет» -ағылшын тілінен аударғанда «себет», «бол» - «доп».

Осы ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады.

Сөздік:

Бұрын- тому қан тамырлары-кровооброщение

тоқылған-плетеный өкпе-легкие

нығаяды-укрепляет ақауы-недостаток

Тор-сетка

себет-корзина

Сұрақтар:

  1. Баскетбол ойыны қашан пайда болды?

  2. «Баскетбол» сөзі нені білдіреді?

  3. Баскетбол ойыны адамға қандай әсер етеді?

  4. Баскетболмен кімдер айналыса алады?



2-ші топ «Футбол» мәтінмен жұмыс жасайды.

Футбол.

Футбол жер бетінде ең кең тараған және «ең сүйікті спорт ойындарының бірі» болып саналады. Футболдың тарихы ерте замандардан басталды. Ойынның атауы ағылшынның «фут»-аяқ, «бол»-доп деген сөздерінен шыққан.

Футбол ойыны жылдамдықты, икемділікті, шыдамдылықты, қимыл-қозғалысты дамытады.



Сөздік:

Жылдамдық-скорость

Кең тараған –распространенная

Жер бетінде-на земле

Ерте замандардан-из древне



Сұрақтар:

  1. Футбол қандай ойын?

  2. Футболдың тарихы қашан басталған?

  3. «Футбол» сөзі нені білдереді?

  4. Футбол ойыны нені дамытады?



3-ші топ «Волейбол» мәтінімен жұмыс жасайды.

Волейбол.

Волейбол ойыны АҚШ-та пайда болған. Бұл ойынды 1895 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Вильям Морган ойлап тапқан. Ойынның атауы ағылшынның «волей»-ұшып жатқан, «бол»-доп деген сөздерінен шыққан.

Волейбол ойыны үшін спорт залы, спорт кешені таза, кең болуы керек. Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі.



Сөздік:

Дене шынықтыру-физическая культура

Ұшып жатқан-летящий

Шыдамдылық-выносливость

Тәрбиелейтін-воспитывает



Сұрақтар:

  1. Волейбол ойыны қайда пайда болған?

  2. Бұл ойынды кім және қашан ойлап тапқан?

  3. «Волейбол» сөзі нені білдіреді?

  4. Волейбол ойыны нені тәрбиелейді?

V. Сергіту сәті. «Қара жорға»

Дәптермен жұмыс.

Мәтінге байланысты сөйлемдерді жазып, жалғаурларын ажырату.

  1. Баскетболмен (к.с.) денсаулығында (т.ж., 2 жақ ж.с) ақауы (т.ж) жоқ адамдардың (к.ж., і.с)) бәрі де айналыса алады.

  2. Футбол ойыны (т.ж)жылдамдықты (т.с), икемділікті (т.с), шыдамдылықты, (т.с.) қимыл-қозғалысты дамытады.

  3. Шыдамдылыққа(б.с) тәрбиелейтін спорт түрі.

VI. Кластер әдісі.

Осы мәтіндер арқылы әр топ кластер құрастырады. Топ басшылары шағын эссе құрастырады.

Осы үш спорттық түріде бір спорттық құрал қажет. Ол қандай құрал? (Доп)

Ендеше доп туралы шағын диалогты оқып шығамыз, аударамыз.


Жұппен жұмыс. Диалог бойынша сөйлесу.

-Доп қашан пайда болған?

-Орта ғасырларда Англияда.

-Не себепті?

-Өйткені, футбол сияқты ойындар ең алғаш осы елде пайда болған.

-Доп неден тігілген?

-Доптар қой немесе қоян терісінен тігілген. Ішіне жүн, шүберек толтырған.

-Еуропалықтар каучуктен резина жасауды үйренгеннен кейін доптар резинадан жасалатын болды.

Дәптермен жұмыс. Үш топқа тапсырмалар беріледі.

1-ші топ:  «Баскетболшы» сөзін жіктейді.

I жақ Мен ______________________ I жақ Біз _____________________________

II жақ Сен ______________________ II жақ Сендер ____________________________

Сіз ______________________ Сіздер _____________________________

III жақ Ол _______________________ III жақ Олар ______________________________



2-ші топ: «Үйірме» сөзін тәуелдейді

I жақ Менің________________________ I жақ Біздің ____________________________

II жақ Сенің ________________________ II жақ Сеңдердің _______________________

Сіздің ________________________ Сіздердің ________________________

III жақ Оның ________________________ III жақ Олардың ________________________

3-ші топ: «Ойын» сөзін септейді.

А.с. ___________________________________

І.с. ____________________________________

Б.с. ____________________________________

Т.с. _____________________________________

Ж.с. _____________________________________

Ш.с. _____________________________________

К.с. ______________________________________


Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құра.

1. Мектепте, спорттық, біздің, жарыс, өтті.

2. Барлық, қатысты, оған, оқушылар.

3. Футболдан , жеңді, команданы, барлық, сыныптастарымыз, біздің

ІХ. Рефлексия. Смайликтер арқылы қорыту.

1. Саған спорт ұнай ма?

2. Спорттың қай түрімен шұғылданасың?

 Өтілген тақырыпты тұжырымдап , қорытындыға келу.

Х. Қорытынды. Әр топ өз түсінгенін айтады.

 Х. Үй тапсырмасы

ХІІ. Бағалау. Оқушылар өздерін бағалайды.